facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
z-rpa-y-18-zhas-a-dey-n-sport-kino-muzyka-zh-ne-zhazushyly-salada-zhet-st-kke-zhetud-zholy
logo
Z ұрпағы. 18 жасқа дейін спорт, кино, музыка және жазушылық салада жетістікке жетудің жолы
Өмір сүру стилі

05.05.2019

Z ұрпағы. 18 жасқа дейін спорт, кино, музыка және жазушылық салада жетістікке жетудің жолы

Нұржанат Оразбек, 16 жаста, туған қаласы — Астана, музыкант


нуржанат1 (1).jpeg


Қызмет саласын таңдауы жайында


Мен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқып жатырмын. Музыкамен кәсіби тұрғыдан айналысамын – фортепианода ойнаймын, сурет саламын, оған қоса көркемөнер колледжінде оқимын. Instagram желісінде және Generation Next жобасында мақалалар жазып, оқуды жақсы көремін.

Мен бес жасымнан музыкамен айналысамын. Мен туған кезде, әпкемді бірінші сыныптан бастап пианино сабағына берді. Оның үйде ойнап жатқанын кішкентайымнан тыңдап жүрдім. Мен онымен бірге сабақтарға баруды ұнататынмын. Осылайша менде қызығушылық пайда болды және анам бұны қабылдап, бес жасымда сабақтарға апарды. Сол кезден бастап, музыка өмірімнің үлкен бөлігін алып жатыр. Фортепиано бойынша оқып жүрген 11 жылдың ішінде мен Италиядағы, Ресейдегі, Түркиядағы халықаралық байқаулар мен республикалық, қалалық байқаулардың жүлдегері атандым.

Мен өмір бойы музыканы жақсы көріп келемін. Онсыз өмірімді елестете де алмаймын. Болашақта немен айналыспасам да, музыка әрқашан менің бір бөлігім болады. Менің ойымша, әрбір адам үшін сүйікті әуесті табу маңызды. Мен үшін сүйікті әуес, рахатқа бөлейтін жұмыс – бұл өмірдегі маңызды факторлардың бірі.

нуржанат2 (1).jpeg


Қолдау мен нәтижелер жайында


Менің барлық жетістіктерім үшін анама деген алғысым ерекше. Менің анам – бес жасымнан бастап мені барлық сабақтарға, үйірмелерге, өнер көрсету шараларына қолмен жетектеп апарған адам. Әрқашан мені қолдап, жанымнан табылады. Анам классикалық музыканы аса түсінбей, ұнатпаса да, менің кез-келген қызығушылығымды, идеямды, әуесімді әрқашан қабылдайды.

Менің анам – бес жасымнан бастап мені барлық сабақтарға, үйірмелерге, өнер көрсету шараларына қолмен жетектеп апарған адам


Алғаш рет алты жасымда өнер көрсеткенімді ескерсем, сахнаны өте жақсы көремін. Алтыншы сыныптан бастап «Астана Опера» студиясының қатысушы болдым және «Богема», «Сағыныш», «Аида» сияқты қойылымдарда ойнадым. Сахна, әртістің өмірі, өнер көрсету – бұның барлығы менікі деп санаймын. Бұл жақсы көретін, мені рахатқа бөлейтін және өзіме ұнайтын нәрселер.


Жоспарлар жайында


Бүгінгі таңда мен колледждің бірінші курсында оқып жатырмын, қазірде алғашқы міндетім – оны бітіріп, музыкалық дипломға, білімге ие болу. Кейін дайындалып, жақсы университетке түсу. Бірақ мен өзімнің ой-өрісімді кеңейтуді шештім, сол себепті бакалавриатқа музыка, фортепиано немесе көркемөнер факультеттері бойынша түспейтін шығармын. Болашаққа деген нақты жоспарлар мен мақсаттар бар және ол үшін барлық күш-жігерімді іске асырып жатырмын.


Тамила Муридова, 18 жаста, туған қаласы — Алматы, семсерлесу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері


тамила1.jpg


Қызмет саласын таңдауы жайында


Мен 12 жасымнан семсерлесумен айналысамын. Бүгінде бұл спорт саласы бойынша қазақстандық ұлттық жасөспірімдер құрамасының мүшісімін. Сонымен қатар мен ересектер арасында өтетін чемпионаттарға қатысамын. Мен бұл спорт түрін өзім таңдаған жоқпын, анам менің бір нәрсемен айналысуымды қаладым. Осылайша мен семсерлесу үйірмесіне түстім және маған ұнады. Кейін мені спорт мектебіне шақырды.

Мен семсерлесуді, әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұнаттым. Бұл әдемі және текті спорт түрі әдемі және текті деп санаймын. Осында жекпе-жектерде сияқты қатты физикалық күш қолданылмайтыны ұнайды. Біз тек ойлаудың және қиымылдың жылдамдығы, жүрістерді алдын-ала санап қою арқылы бір-бірімізді жеңеміз.

Бұл әдемі және текті спорт түрі деп санаймын


Семсерлесу қарым-қатынасымның ортасын кеңейтті. Мен әлем бойынша адамдармен танысып, достарға ие болдым. Спортқа келген кезде, саяхаттар ынта ретінде болды. Мен әлемдегі 20-дан астам елдерде болдым. 15 жасымнан бастап табыс тауып, анама көмектесе бастадым.


Қолдау мен нәтижелер жайында


Мен семсерлесу бойынша жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерімін. Біз Азия чемпионатында командалық есеп бойынша алтынға ие болдық. Мен Қазақстан Республикасының көп дүркін чемпионымын, сонымен қатар халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шеберімін.

тамила3.jpg

Менің бүкіл отбасым таңдауымды қолдайды. Барлық жағдайларда, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан көмектесіп отырады.


Жоспарлар жайында


Мен әзірге жаттығып, оқып жүрмін. Оқуды бітіргесін, мүмкіндігім болғанша семсерлесемін. Әлем чемпионаттарында, универсиадаларда, олимпиада ойындарында жеңіске жетуді қалаймын. Оны уақыт көрсетеді, ал мен ол үшін тырысып, еңбек етемін.


Диана Холловей, 14 жаста, туған қаласы — Алматы, актриса, @dianaholloway


диана1.jpg


Қызмет саласын таңдауы жайында


Мен актерлік мансапты өзім таңдаған жоқпын, бұл таңдауды анам жасады. Мен алғаш рет киноға түскен кезде, жеті жаста болдым. Сол кезде мансап жайында шындап ойлаған жоқпын. Алғашқы түсірілімдер қиын болды – маған бес сағат ролик теуіп жүруге тура келді. Бірақ мен аяқтарымның шаршағанын байқаған жоқпын, себебі маған қызықты болды. Камералар, жарық, рельстер, крафт, актерлер және режиссер – бұл басқа бір әлем сияқты болды. Жасанды шынайы әлем. Маған қызықты болды, мен образға еніп, қажетті күйді және сезімді жеңіл жеткізе алдым.

диана2.jpg

Маған кейіпкерлерімді сомдаған кезде, олардың жай-күйін жеткізу ұнайды. Себебі барлығы өмірден алынады. Сүйікті іспен айналыссаң, бұл жұмыс емес, хоббиің болады дегенді оқыдым. Маған киноға түскен ұнайды. Бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп, Голливудты бағындыруды қалаймын. Отанымның атын шығарғым келеді.

Маған кейіпкерлерімді сомдаған кезде, олардың жай-күйін жеткізу ұнайды



Қолдау мен нәтижелері жайында


Мен үш толық метражды фильмдерде, он әртүрлі сериалдарда, үш әлеуметтік бейнелерде, үш қысқа метражды және сегіз жарнамалық бейнелерге түстім. «Самғау 2017» Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас режиссерлердің кинофестивалінде «Үздік актриса» атағына ие болдым. Бұл менің алғашқы жүлдем. Сонымен қатар мені фотосессияларға жиі шақырады. Жақында мен Manizha деген ресейлік әншінің альбомының мұқабасына түстім.

диана3.jpg

Мені анам, Нұрдана әпкем, атам және әжем қолдайды. Кезінде рөлге ие болмаған кезде, қатты уайымдайтынмын және өзіме деген сенімсіздік пайда болатын. Анам жақсы жақтарды көруге көмектесетін. Егер рөлге ие болмасам, одан да жақсы нәрселер күтіп түрғанын білемін.

Жетістікке жету үшін, көп еңбектеніп, дамып жетілуге тырысу керек.


Жоспарлар жайында


Мен актерлік, заң және тағы бір қосымша білімге ие болуды қалаймын. Бірдеңені жасап шығаруды, ойлап шығаруды қалаймын.


Аида Абдыкашова, 18 жаста, туған қаласы — Алматы, жазушы


аида1.jpg


Қызмет саласын таңдауы жайында


Мен 2016 жылы АҚШ-қа көшіп кеттім, сол жерде тоғызыншы сыныпқа мектеп-интернатқа бардым. Қазірде экстернмен он екінші сыныпты бітіріп жатырмын, себебі он бірінші сыныптан аттап өттім.

Мен кішкентай кезімнен жазуды жақсы көретінмін. Ағылшын тілінен сабақ берген және creative writing болған сүйікті ұстазым жазушылыққа деген сүйіспеншілігімді және дарынымды байқады. Ол мені жеке өлеңдер жинағымды басып шығаруға ынталандырды. Басында біз жай ғана айына 40 өлең жазатынбыз, кейін оларды бірге өңдедік, қай жерді жақсартып, өзгерту керектігі жайында талқыладық. Қаңтар айына қарай жүзден астам өлеңдерді жинап, басып шығаруға дайынадық.

Silhouette of a sun-kissed soul — бұл жүрегімізде орын алатын ең ауыр және жағымды үзінділерді көрінісін беретін өлеңдер жинағы. Бұл өсімдіктердің солуы мен гүлдеуі, махаббат пен жан күйзелісі, құндылықтар мен естеліктер, қалпына келу мен кешіру жайындағы өлеңдер. Жинақ үш бөлікке бөлінген: the burning, the rising from the ashes и the glory. Кітапта мен үшін маңызды орын алатын ақ-қара түсті суреттер, палароидтар бар.


Қолдау мен нәтижелер жайында


аида2.jpg

Сүйікті әуесіңді іздеген кезде, жастың маңызы жоқ деп ойлаймын. Қай жаста болмасын қалаған қызмет салаңызды тапсаңыз, жіберіп алмаңыз. Даму керек, бұл салада ең үздік атану керек. Егер бірдеңе ұнамай жатса, кейінге қалдырып, өзіңізді басқа салада байқап көріңіз. Тағдырым жасөспірім кезінде жазушылықпен байланыстырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазіргі кезде шығармашылық, өнер – өмірімдегі маңызды бағыттар. Бұл өзіңді танытудың керемет әдісі, қоғам қабылдамайды деп қорқатын адамдардың мүмкіндігі.

Менің ата-анам бүкіл процесс кезінде маған үлкен қолдау көрсетті. Әрқашан сұрақтар қойып, ісім қалай жүріп жатқанына, әлдебір идеяға қалай келгеніме қызығатын. Ештеңеге қарамастан, маған сенім білдіргендері үшін, оларға алғысымды білдіремін.

Мен кітабымды @goldenthreadsofpoetry бизнес-парақшамда сатамын, сонымен қатар оны Amazon арқылы сатып алуға болады


Мен кітабымды @goldenthreadsofpoetry бизнес-парақшамда сатамын, сонымен қатар оны Amazon арқылы сатып алуға болады. Көшірмелерін Алматыға әкеліп, жергілікті кітап сататын дүкендерге таратуды жоспарлаймын.


Жоспарлар жайында


Жазушылық әрқашан жүрегімнен үлкен орын алатынын білемін. Бірақ, бұл әуеске қарамастан, жақсы жазушы болу үшін, жақсы кәсіпкер бола білу керек екенін түсінемін. Кітапты басып шығару процесі кезінде мен маркетингпен, жарнамамен қызыға бастадым. Сол себепті менің public relations & advertising факультетім болашақта өзінің септігін тигізеді деп санаймын. Мектептен кейін, өзімді және шығармашылығымды одан сайын дамыта алатын Бостондағы Массачусетс унивеситетіне түсу жоспары бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.