facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/9a5/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/9a5ed1b1054881747f707b443f6a053b.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
uvu-zhobasyny-neg-z-n-alaushylaryny-b-r-tabysy-men-shy-yndary-turaly-startap-b-l-zhyldam-a-sha-zhayynda-emes
logo
UvU жобасының негізін қалаушыларының бірі табысы мен шығындары туралы: «Стартап — бұл жылдам ақша жайында емес»
Өмір сүру стилі

17.06.2022

UvU жобасының негізін қалаушыларының бірі табысы мен шығындары туралы: «Стартап — бұл жылдам ақша жайында емес»

Бүгінгі таңда стартапер болу трендте. Осыған орай біз Қазақстандағы жас кәсіпкерлер қанша қаражат табады және табысының басым бөлігін қайда жұмсайтынын анықтадық.


Муса Сексенбаев, UvU стартапының негізін қалаушылардың бірі, 26 жаста, қаласы — Астана, @musasz

Муса Сексенбаев.jpg

Стартап жайында


UvU — бұл қауіпсіз жол жүру қызметі. Біз өткен жылдың қаңтар айында жұмысты бастадық. Осы уақыт аралығында 100 000-нан астам рет қызмет көрсетік: балаларды мектептерге, қосымша үйірмелер мен секцияларға апардық. Біздің жүргізушілеріміз — аналар.

Мамыр айының соңында біз әйел адамдар басқа нәзік жандыларды апаратын — тағы бір жаңа қызметті іске қосуға шешім қабылдадық. Біздің мақсат — жол жүру қызметін барынша қауіпсіз ету. Сол үшін бізде іріктеу процедурасы бар. Онда бес үміткердің тек біреуі ғана жүргізуші бола алады. Ал таксиге тапсырысты басқа қатысушының шақыруы арқылы ғана тапсырыс беруге болады. Осылайша біз жолаушыларды ғана емес, жүргізушілердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Алдағы уақытта адамдар бір-бірін білетін қауымдастық құру жоспарда бар. Шақырту алу үшін біздің кол орталыққа хабарласып, тіркелу қажет. Бізде кодекс бар. Егер қатысушы ережені бұзса, оны ғана емес, шақырған адам да өшіріледі.

Көлікті жеткізу орташа есеппен 15 минутті алады. Бағасы 5-10% жоғары болуы мүмкін. Бірақ бұл ретте біздің басты артықшылығымыз — қауіпсіздік.

Табысы жайында


Стартап — бұл жылдам ақша табу жайында емес. Мен бұған дейін ұзақ уақыт кәсіпкерлікпен айналысқанмын, стартапқа бизнестен келдім. Менің лауазымым — маркетинг директорі. Менің деңгейімдегі маманның нарықтағы жалақысы — 800 000-нан 2 000 000 теңгеге дейін долларға шаққанда 1836-4600$. Алайда, стартапта бұл жалақы көрсеткіші екі-үш есе аз.

Бүгінгі таңда менің табысым 300 000-600 000 теңге яғни 688-1377$ айналасында. Стартапқа күніне сегіз-он сағат уақытымды бөлемін. Сағат бірден үшке дейін бос боламыз. Сол уақытты мен өзге компанияларға маркетинг бойынша кеңес беруге бөлемін. Бұл мен үшін қосымша табыс көзі. Маған әр апта сайын өтініш түседі, бірақ уақытым шектеулі болғандықтан бір уақытта бес жобадан артық алмаймын. Компаниялар әртүрлі, соған орай олардың ұсынатын чектері де әртүрлі. Орташа есеппен алғанда, бір жоба үшін 180 000 — нан 1 000 000 теңгеге дейін яғни 413-2295$ аламын.

Егер сіз бизнесте табысты болсаңыз, онда стартапқа келгенде табысыңыз төрт-бес есеге азаятынына дайын болыңыз. Бірден ақша таба алмайсыз. Бастапқы кезеңде түскен қаражаттың барлығы қайтадан жобаға жұмсалады.

UvU жұмыс істеп тұрғанына бір жылдай болды. Біздің компания 3 000 000$ бағаланады. Бірақ біз әлі өзіміз қалаған табысқа жеткен жоқпыз, алайда жақындап қалдық.

Инвестициялар жайында


Мен кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кезде ақша жинадым. Ал қазір стартапта жұмыс істеген кезде мұны жасау қиындау. Сол кезде жинаған ақшаға толық осы жобаны іске қостым. Әзірше инвестиция іздеген жоқпыз, сондықтан қаңтардан бастап қыркүйекке дейін жоба өзіміздің қаражатымыз арқасында істеп тұр.

Жалданып жұмыс істеген кезде сен қанша ақша табытыңды әрдайым нақты білесің. Стартапер болу — тұрақсыз қаржылық жағдайда жүру. Сараптама мен көрсеткіштерге қарамастан бәрі тез өзгеріп тұрады. Сондықтан қанша ақша жинай алатыңды есептеу қиын. Мен үшін бұл барлық табысымның 5-10%.

Егер сіз белгілі бір өмір салтына үйреніп қалсаңыз, стартаптағы шынайы өмірге бейімделу қиын. Бірақ алдыңызда үлкен мақсат болса, бұл соған тұрарлық.

Шығыны жайында


Біз отбасымызбен бірге Астанада екі бөлмелі пәтер жалдап тұрамыз, айына 200 000 теңге — 460$. Ал азық-түлікке шамамен 150 000 теңге — 345 $ кетеді. Оған қоса 100 000 — 230 $ киім-кешек пен басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті нәрселерге жұмсалады. Жұмыс бойынша мен жиі күніне 5-6 рет таксимен жүремін. Бұған 100 000-150 000 теңге — 230-345 $ кетеді. Айлық шығындарым шамамен 1 000 000 теңге — 2295$ құрайды.

Стартап — бұл шығындарды барынша тиімді бөлу. UvU жобасы — Astana Hub резиденті. Олар бізге кеңсе жағынан көмектесті. Біз принтерлер мен қағазға ақша жұмсамаймыз, бұдан басқа да өзіміз қажетсіз қызметтерден бас тартып, шығындарды азайтамыз.

Сексенбаев Муса.jpg

Командамызда 25 қызметкер бар, оның ішінде 10 адам қашықтықтан жұмыс істейді. Жалақысы деңгейлеріне байланысты беріледі. Тәжірибесі аз жас маман 150 000 теңге — 345 $. Ал тәжірибесі мол мамандарға нарықтағы орташа айлықты төлейміз. Кейбіреулері бізге «Яндекс», Mail.ru және басқа да ірі компаниялардан келді. Олар жобамызда жұмыс істеу үшін саналы түрде шығындарды қысқартты.

Стартап — бұл шығындарды барынша тиімді бөлу


Стартаптың әртүрлі бағыттары әртүрлі қаржыны қажет етеді. Біз маркетингке айына 5000-6000 доллар жұмсаған кездеріміз де болды. Ал қазір біз үшін — бұл өте көп. Алайда мүлдем шығын болмаған кездер де болған. «Әйелдерге арналған такси» қызметімен жұмыс осындай. Бұл әлеуметтік жобамыз, сондықтан біз одан табыс таппаймыз, сәйкесінше оның жарнамасына да қаржы жұмсамаймыз.

Бюджетті жүргізу жайында


Менде бюджетті жүргізумен қиындықтар бар. Стартапта жұмыс жасаған кезде сен болашақтан үміттеніп барлық ресурсыңды соған инвестиция ретінде құясың. Мен ақшаны қарапайым сақтықпен жұмсаймын. Өзімнің «қалауларыма» табысымның 20% - нан артық жұмсамаймын.

Компаниялар негізін қалаған адамдарына ұқсайды. Сондықтан да UvU жобасы менің серіктесім СЕО — Мадиярға ұқсас. Оның қаржылық сауаттылығы жақсы, сондықтан біздің жобамызда әр тиын орынмен жұмсалады. Инвесторлардың ақшасына өзіміздікі сияқты қараймыз, сондықтан шығынды есептеп, ақшаны бос жұмсамаймыз.

Сандар 05.06.2022 валюта бағамы бойынша көрсетілген.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.