facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
t-rkiyada-y-aza-tar-laura-abdualievany-antaliya-a-k-shken-zh-ne-2-ay-sh-nde-t-r-k-t-l-n-me-gergen-zhayynda
logo
Түркиядағы қазақтар. Лаура Абдуалиеваның Анталияға көшкені және 2 ай ішінде түрік тілін меңгергені жайында
Өмір сүру стилі

21.03.2019

Түркиядағы қазақтар. Лаура Абдуалиеваның Анталияға көшкені және 2 ай ішінде түрік тілін меңгергені жайында

Лаура Абдуалиева, 24 жаста, туған қаласы — Алматы, шетелдік клиенттермен жұмыс істеу маманы

(1).jpg


Алматы — Анталия


Мен Алматыда туып өстім, Almaty Management University оқу орнын бітірдім. Сонымен қатар алмасу бойынша Кипрде оқыдым, кейін Түркияға ғашық болдым.

Өткен жылы сәуір айының соңында Түркияда жеке кәсіп саласында жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Мен тәуекелге бел будым, жақсы жұмысымнан шығып, мүлдем беймәлім бағытқа ұшып кетуді шештім.

Осылайша мен Анталияға келдім. Жарты жыл жұмыс істеп, осында қалуды шештім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Бастапқыда тіл жағынан қиын болды, себебі мен түрік тілін білмедім. Бұл әсіресе жұмыс барысында сезілетін.

99.jpg

Түріктердің қаншалықты мейірімді болып табылатыны таң қалдырды. Әртүрлі жағдайлар болды және мен әлі күнге дейін олардың мейірімділігі мен байыптылығына тәнтімін.


Түркиядағы өмір жайында


Маусым аяқталғасын, Стамбулда жұмысқа орналасу мақсаты пайда болды. Мен сол жерге үш күнге бардым және бұл қала маған сай келмейтінін түсіндім. Стамбул – бұл ерекше қала – үлкен трафик, адамдар әрдайым бір жерге асығып отырады. Бүкіл Қазақстан халқының саны 18 миллион адам болса, Стамбулда 20 миллион адам тұрады. Маған Анталияда тұру ыңғайлырақ болды.

Анталия – бұл тәртіп. Көшеде, автобустарда, дүкендерде тәртіп орнаған. Өмірге наразылық білдіретін адамдар аз. Бастапқы уақытта мен қарапайым нәрселерге таң қалатынмын, кейін бұл қалыпты нәрселер және осылай болуы керек екенін түсіндім. Қазақстанда адамдардың басым бөлігі «соған да рахмет айт» деген түсінікпен өмір сүреді және қалай болуы керек екенін білмейді.

14.jpg

Анталия – туристік қала, сол себепті осында негізінен маусымдық жұмыстар басым. Қала өзінің аумағы мен халқының санымен Алматыға ұқсайды. Жыл сайын саяхатшылардың арқасында дамып, жақсарып келеді.

Анталия – шуақты қала, осындағы маусымдар – жаз және күз

Анталия – шуақты қала, осындағы маусымдар – жаз және күз. Адамдар сабырлы болып келеді, ешқайда асықпайды. Орыс тілді адамдар көп.

Қазірде аудандық әкімдер қызметіне сайлау жүргізіліп жатыр және мен сайлау алдындағы өткізілетін шараларына таң қалдым – бәсекелестік сезіліп жатыр және әрқайсысы ерекшеленіп шығуды қалайды. Алматыда да осылай болғанын қалаймын.


Түркиядағы жұмыс жайында


Көшіп келгеннен кейін, мен мейманханада жұмыс істедім. Бастапқы кезде мен әріптестеріммен ым-ишара тілінде араластым. Бастықтар барлық ақпаратты әріптестер арқылы жеткізетін. Бұл мәселе мені ренжітетін, мені бөлектеп жатқандай болды. Бұдан кейін мен тілді меңгере бастадым, көп сұрақтар қойдым және екі ай өткесін ойымды жеткізе алдым. Ал маусымның аяғана қарай менеджердің барлық тапсырмалары мен арқылы жеткізілетін.

200.jpg

Тілдерді білу қазірде медицина саласындағы халықаралық компанияда қызмет атқарып жатқаныма ықпал етті. Мен жұмыста ағылшын, орыс және түрік тілдерін қолданамын. Онымен қатар түрік тілінің курсына барып жүрмін.

Түркия елінде жұмыс мәдениеті қатты ерекшеленеді. Бір жыл ішінде ресми мейрам күндерінің саны шамамен 14-ке тең, бұл Қазақстанға қарағанда әлдеқайда аз. Менеджер болу үшін бес жылдан артық жұмыс істеу қажет. Ал Қазақстанда әрбір адам менеджер бола алады. Еңбек демалысын тек бір жылдан кейін 14 күнге, ал 5 жылдан кейін 20 күнге береді

Түркияда жалақының ең төмен мөлшері жыл сайын өсіп тұрады

Ең жақсысы – Түркияда жалақының ең төмен мөлшері жыл сайын өсіп тұрады. Биыл бұл жалақы қазіргі курс бойынша 140 000 теңгені құрайды. Жұмысқа орналасқан кезде, ай сайын осы соманы алып тұратыныңызға сенімді бола аласыз. Медициналық сақтандыру да жұмыс беруші тарапынан беріледі.


Елдің ықпалы жайында


Шын мәнінде Түркия елі өмірге деген көзқарасымды өзгертті.

115.jpg

Осында адамдар ешкімді кемсітпейді және кіналамайды. Әсіресе, бұл мұсылман мемлекеті болғанымен, халқы заманауи болғаны таң қалдырды.

Мен барлық нәрселерге жеңіл қарай бастадым. Байсалдырақ болдым, асығуды тоқтаттым. Шығындардың есебін жүргізе бастадым және өз отбасыларын асырау үшін ата-аналарымыз қаншалықты көп еңбек ететінін түсіндім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.