facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/044/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/0440bea5479b611c1671b82d5de67174.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
sofi-manasyan-ata-anany-oldauyny-ma-yzdyly-y-zh-ne-bala-bolyp-alu-m-mk-nd-g-zhayly
logo
Софи Манасян ата-ананың қолдауының маңыздылығы және бала болып қалу мүмкіндігі жайлы
Өмір сүру стилі

17.04.2020

Софи Манасян ата-ананың қолдауының маңыздылығы және бала болып қалу мүмкіндігі жайлы

Софи Манасян, 12 жаста, қала — Лос-Анджелес, блогер, @sofimanassyan

sofi_manassyan(1).jpeg


Өзі жайлы


Мен биші, актрисамын, актерлік шеберлікпен айналысамын. Пианинода ойнаймын. Егер мүмкіндік болып жатса, әлемге әйгілі актриса болғым келеді.


Қызығушылықтары мен блогинг жайлы


sofi_manassyan(2).jpeg

Парақшамды менің атымнан анам жүргізе бастады. Сондықтан оқырмандарымның арасында жақсы нәрселермен шабыттанған аналар мен маған ұқсағысы келетін балалар көп. Маған менің басқа адамдарға жақсылық жасай алу мүмкіндігімнің бары ұнайды.

Өз таланттарымызбен әлеуметтік желілерде бөлісе алатынымыз қандай жақсы. Бірақ барлығымыздың әр түрлі екенімізді ұмытпау керек. Уақытыңды міндетті түрде сүйікті ісіңе арнау керек. Мысалы, мен сурет салуды және тамақ ішуді жақсы көремін, сондықтан тамақ туралы комикстерді саламын. Сондай-ақ қуыршақтармен ойнағанды жақсы көремін, әлі күнге дейін ойнаймын. Осылайша барлығынан демаламын, себебі басқа хоббилерім — музыка, би, әзіл, актерлік — жұмысыма айналып кетті.


Өмір сүру стилі жайлы


sofi_manassyan(4).jpeg

Сахнада көп жүремін, сондықтан маған үйде уақыт өткізген ұнайды. Жай ғана анаммен кино көріп, тамақ ішіп, монополия ойнаған немесе шытырман оқиғаларды оқыған. Percy Jackson — менің сүйікті оқиғам. Бірақ соңғы уақытта үйде отырған жалықтыра бастады. Биге барғым келеді, анамды карантин біткеннен кейін бір жерге барып демалуға және маған ит сатып алуға көндіріп жатырмын. Бірақ оған қарай алмайтынымызды түсінемін, өйткені әрдайым түсірілімдеміз, үйде көп болмаймыз.

Сахнада көп жүремін, сондықтан маған үйде уақыт өткізген ұнайды

Америкада экология, табиғатты қорғау, қоқысты жүйелеу, тасбақаларды құтқару, пластикалық ыдыстарды қолданбау керек туралы көп айтады. Мен осылардың барлығын жасаймын, өйткені планета үшін қорқамын, барлығымыздың жойылып кеткенімізді қаламаймын.

Сондай-ақ мектепте планета жайлы фильмдер көреміз және біздің көкөністерді өсіретін бақшамыз бар.

Өте жиі табиғат туралы суреттер салып, оларды көпшілік алдында қорғаймын. Бұл қызықты әрі, қиын емес, есесіне пайдалы.


Өмірлік қағидалар


sofi_manassyan(3).jpeg

Жетістікке жету жолында мені әрдайым қолдайды және бала болып қалуға мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін маңызды деп ойлаймын. Ештенеге қарамастан анам да, әкем де күліп жүреді. Бірдене болмай жатса, бұл денсаулық пен отбасы сияқты маңызды емес дейді. Сондықтан жалқауланып ешнәрсе істемеуге болмайды, бірақ егер ісің жүрмей жатса, бұл соңы деп те ойламау керек. Әрдайым мейрімді және көңілді болу маңызды.

Жетістікке жету жолында мені әрдайым қолдайды және бала болып қалуға мүмкіндік береді


Музыка, кино және әдебиет жайлы


Ұстазым екеуіміз жаңа туындыны талдағанда, мен әрдайым классиканы тыңдаймын. Демалғанда k-pop және дисней мультфильмдерінің әндерін тыңдағанды жақсы көремін.

Disney арнасынан барлық ескі сериалдарды ағылшынша көремін. Кастингтердегі балалар мен білмейтін кейіпкерлер жайлы жиі әңгімелесетін. Ал қазір мен олармен бірге күліп, кейіпкерлер жайлы өз ойыммен бөлісемін, сондай-ақ жаңа мәдениетпен танысамын.

Raina Telgemeier қызықты комикстерін оқуға кеңес беремін


Мысалы, Hannah Montana — Майли Сайрус танымал болған сериал. Мұнда оны бәрі таниды және жақсы көреді.

Raina Telgemeier қызықты комикстерін оқуға кеңес беремін. Олар арқылы ағылшын тілін үйрене бастадым. Бірақ менің сүйікті комиксім — Percy Jackson.


Әлеуметтік желілерге деген көзқарас


sofi_manassyan(5).jpeg

Instagram-да маған бишілердің өнерін көрген ұнайды. Сондай-ақ тікелей эфирде би сабақтары тегін өтеді. Күлкілі бейнероликтері, ерекше тағамдары және кулинарлық шоулары бар парақшаларды жақсы көремін. Сондай-ақ Instagram-да барлық отбасымды оқимын, анамның кәсібін көремін.


Шабыт туралы


Маған ертең жана күннің болатыны шабыттандырады. Бүгін бола алмай қалған нәрсені, ертең істеп көруге болады.

Біз Алматыда кішкентай пәтерде тұрдық, кейін жаңа үйге көшкенде, онда қалғым келмеді. Бірақ одан кейін үйренісіп кетіп, пәтерде тұрғым келмеді. Алматыдан Штаттарға көшкенде, маған достарымсыз, мектебімсіз қиын болды, бірақ содан кейін тағы үйренісіп кеттім.

Сондықтан бүгінгі барлық жаман нәрсе, ертең жақсы болатынын білу және оған сену керек. Сеніп, еңбектену керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.