facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/713/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/7131433b4626258f418e6e8b68bddcfb.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
meyrambek-ydyrysov-a-sh--a-onys-audaruy-mit-teg-o-uy-zh-ne-r-investiciyaly-kompaniyada-y-mansaby-turaly
logo
Мейрамбек Ыдырысов АҚШ-қа қоныс аударуы, MIT-тегі оқуы және ірі инвестициялық компаниядағы мансабы туралы
Өмір сүру стилі

18.01.2023

Мейрамбек Ыдырысов АҚШ-қа қоныс аударуы, MIT-тегі оқуы және ірі инвестициялық компаниядағы мансабы туралы

АҚШ-та қаржы саласында табысты мансап құрып жатқан қазақстандық жас маманмен
сұхбаттастық.

Мейрамбек Идрисов, қаласы — Лос-Анджелес, Research Analyst в Invesco Ltd, @im_usacali22


Мейрамбек Идрис

Қоныс аударуы туралы


Мен Қарағандыдағы гимназияда оқыдым. Мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, Назарбаев Университетіне экономист мамандығы бойынша оқуға түстім. Ал екінші мамандығым ретінде математиканы таңдадым. Төртінші курсқа келгенімде қаржы саласында жұмыс істегім келетінін түсіндім.

Мен Қарағандыдағы гимназияда оқыдым


Мен магистратурада оқу үшін әртүрлі елдерді қарастырдым, ақыр соңында таңдауым АҚШ-қа түсті. Бірнеше бағдарламаға өтініш беріп, шақырту алдым. Әрине, таңдау жасау қиын болды, дегенмен соңында MIT-ті таңдадым. Бұл — үздік профессорлар құрамы бар тамаша мектеп.

2019 жылдың ақпан айында мен қаржы саласы бойынша магистратураны бітірдім. Диплом алып, еңбек жолымды Нью-Йоркте бастадым. Ал 2020 жылы Invesco Ltd бас кеңсесі орналасқан Атлантаға қоныс аудардым. Алты ай бұрын Лос-Анджелеске көшіп келіп, қашықтан жұмыс істеп жатырмын.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар туралы


Иммиграциядағы қиындықтар көшу мақсатыңызға байланысты. Басқа елдегі өмірден нені күтетініңізді жақсы түсінуіңіз керек. Әдетте қазақстандықтар АҚШ-қа Green Card-пен немесе IT саласында жұмыс істеуге көшеді. Бірақ менің жағдайым басқаша. Мен қаржы саласында мансап құрып жатырмын.

Иммиграциядағы қиындықтар көшу мақсатыңызға байланысты


мейрамбек идрис

АҚШ-та Asset Management саласында қазақстандықтар аз. Қаржы нарығында сауда жасайтындар бар, бірақ капиталды басқаруда отандастар аз. Бұл — бәсекелестік деңгейі жоғары highly competitive сала. Мұндағы қиындықтар талаптардың жоғары болуынан туындайды. Сізде жақсы дамыған аналитикалық дағдылар болуы керек. Сондай-ақ сізге бағдарламалау бойынша білім, қор нарығы саласындағы қуатты білім қажет. Сондықтан үнемі жаңа білім мен дағдылар алуға тырысамын.

АҚШ-та адамдар бәрін кем дегенде бір жылға жоспарлап қояды. Басында үйрене алмадым. Нетворкинг кәсіпқойларымен кездесу үшін екі ай бұрын келісу керек болатын. Адамдар қарым-қатынас жасауға қызығушылық танытады, алайда олардың жоспарлауы ұзақ. Кейбірі мансап жолын бірнеше жылға алдын ала жоспарлап тастайды.

Олардың ашықтығы мені де таңғалдырды. Штаттарда барлығы сыпайы, адамдар қателіктерін мойындап, кешірім сұрауды біледі. Сондай-ақ көмек те сұрай алады.

АҚШ-тағы өмірдің кемшіліктері: қылмыс деңгейі және әлеуметтік теңсіздік. Қаржыгерлер мен бағдарламашылар көп жалақы алады, алайда басқа салалардағы жұмысшылардың жалақысы әлдеқайда аз. Тағы бір кемшілік — мұнай мен бензин бағасының қымбаттығы.

Қоныс аударған немесе көшуді жоспарлап жүрген адамдарға негізгі кеңес — икемді болыңыздар. Сіз қаншалықты мінсіз болсаңыз да, өмірде бәрі болуы мүмкін. Қиындықтар туындаған жағдайда көптеген адамдар ұзақ үзіліс жасап, өздерін жоғалтып алады. АҚШ-та үзіліс жасауға болмайды. Бұл жақта тек алға жылжуың керек.

Екіншіден, дұрыс орта қалыптастыру маңызды. Қоныс аударғанда жерлестеріңізді іздемеңіз. Қайта америкалықтармен танысып, жергілікті жерге бойыңызды үйретіңіз.

Сондай-ақ үнемі жаңа дағдыларды үйреніп отыру маңызды.

АҚШ-та қалай жұмыс іздеуге болады


Мен MIT-те оқыған кезде, бізде on campus recruitment белсенді болды, яғни әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген компания кампусқа келіп, студенттерді жалдайтын. Бұл — түрлі саланың қалай жұмыс істейтінін білудің тамаша мүмкіндігі.

Тағылымдамадан өтуге өтініш берген кезде менен 99% бас тартты. Мен 150-ден астам компанияға өтініш бердім, нәтижесінде 10-ға жуық сұхбат алдым. Мен үнемі іс-шараларға барып, адамдармен араласып, сөйлесетінмін, корпоративтік президенттердің байланыс номерлерін алып отыратынмын, олар тіпті қоңырауыма жауап беретін. Ақырында Нью-Йоркте жаз бойы өтетін тағылымдама таптым. Оны аяқтаған кезімде мені жұмысқа шақырды.

Invesco Ltd. компаниясындағы жұмысы туралы


Мейрамбек


Мен жұмыс істейтін команда «Инвестициялық және жекелеген портфельдік шешімдер» деп аталады. Біз инвесторларға көмектесеміз, 100 миллиард доллардан астам қаражатты басқарамыз. Компанияның өзі бір жарым триллионнан астам капиталды басқарады.

Менің рөлім — портфельдерді талдау. Мен портфельдік менеджерлермен жұмыс істеймін және түрлі активтердің барлық спектрін зерттеймін. Біз стандартты портфельдік шешімдер ұсынамыз, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия және Еуропада орналасқан институционалдық және жекелеген клиенттермен жұмыс істейміз. Біз JP Morgan, Goldman Sachs және басқалармен серіктестік орнатамыз.

Маған командам және компаниядағы рөлім ұнайды. Invesco үйде немесе кеңседе жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Компания команда мүшелеріне қатысты ашық әрі икемді мәдениетті ұстанады. Басшылық қызметкерлерге орасан зор қолдау көрсетеді, ал мұндай қасиет капиталды басқаруда жоқтың қасы деуге болады.

Қоныс аудару қалай әсер етті


Мен кәсіби түрде және тұлға ретінде өстім. Өзіме көбірек сене бастадым. Көмек көрсетуді және көмек қабылдауды үйрендім. Жалпы, дүниетанымым өзгерді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.