facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
matcha-chay-docha-aza-standy-nsh-lerd-tken-ayda-y-zha-a-trekter
logo
«Матча Чай», «Доча»: Қазақстандық әншілердің өткен айдағы жаңа тректері
Өмір сүру стилі

16.12.2022

«Матча Чай», «Доча»: Қазақстандық әншілердің өткен айдағы жаңа тректері

Қараша және желтоқсан айларында Қазақстан әншілері шығарған жаңа тректермен бөлісеміз.


Dequine — «Матча Чай»


Осы айдың басты хиті — Dequine-нің «Матча Чай» әні. TikTok-та көп қаралым жинап, тренд болып шыға келді.


Jah Khalib — «Доча»


«Доча» әнінің премьерасы қыстың алғашқы күнінде өтті. Мейірімге толы нәзік ән тыңдарманның көңілінен шықты. Әннің жолдар тез жатталып қалады.


Kenjebek Nurdolday — «Шоколад»


Жас өнерпаздың әні бірнеше апта бойы музыкалық хит-парадтарда алдыңғы орындарда болды.


Ayau, Shiza, M'Dee — basqany :(


basqany :( — Ayau-дың M'Dee және хип-хоп орындаушысы Shiza-мен бірлесіп жазған әні.

Ayau үшін бұл M'Dee-мен бірінші фит, ал M'Dee үшін қазақ тіліндегі алғашқы трек. Әнде әртістер айырылысу мен бастарынан өткен сезімдері туралы айтады.


НАZИМА — «Отпусти»


Бір ай бұрын әнші NAZИМА «Отпусти» деп аталатын жаңа трек шығарды. Тыңдаушылар трек бейнебаянының астына оң пікір қалдырып жатыр.


Akha — «Солнце взойдет»


Қараша айында Akha тыңдармандарын жаңа әнімен қуантты. Трек «Солнце взойдет» деп аталады. Музыкант бұл әнімен OYU Live жобасында өнер көрсетті.


Amre — «Арман қыз»


Танымал әнші әрі ресейлік «Голос» жобасының финалисі қазақ тілінде «Арман қыз» атты әннің каверін жарыққа шығарды.


ARUT, THE LIMBA — PROOF


Әлеуметтік желілерде біраз шу тудырған фит. The Limba кәсіпкер Арутпен фит жазды. Оның орнына қазақстандық әртістің анасына Алматының элиталы ауданынан үй сыйлады.


ABILEXX, Say Mo — «Дай мне»


Біз Say Mo-ның «Лям» әнін әлі ұмытқан жоқпыз, ал ол болса, ABILEXX-пен жазған «Дай мне» жаңа әнімен чарттарды жаулап үлгерді.


Adil feat.RaiM — «Как обычно»


Adil feat.RaiM фит шығарды. Трек «Как обычно» деп аталады, әнді аудитория жылы қабылдады.


Fatbelly ft. Ulukmanapo — «42»


Fatbelly-дің Ulukmanapo-мен бірлесіп жазған «42» атты жаңа трегі шыққан күннен бастап еліміздің радиосында.


ALPHA — SÓZ BERE ALMAIM


Қазақтың дарынды Q-pop әртістерінен құралған Alpha тобы «Soz bere almaim» әнін шығарды.


Moreart, Jaman T — Wakanda


Moreart пен Jaman T бірлесе отырып, Wakanda трегін шығарды. Релиз 10 қарашада қазақ кинотеатрларында көрсетіле бастаған «Қара пантера: Ваканда мәңгілікке» фильмінің шығуымен тұспа-тұс келді.


Rusha, M'Dee — Qolshatyr


«Закрытый клуб» лейблі жаңа әнші — Rusha-ны таныстырды. Дебют M’Dee мен Rusha-ның Qolshatyr әнінің релизімен өтті.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.