facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
btu-t-lekter-zho-ary-o-u-orynny-zheke-st-ashu-a-zh-ne-zheteksh-bolu-a-sept-g-n-tig-zgen-zhayynda
logo
ҚБТУ түлектері жоғары оқу орынның жеке істі ашуға және жетекші болуға септігін тигізгені жайында
Өмір сүру стилі

09.08.2019

ҚБТУ түлектері жоғары оқу орынның жеке істі ашуға және жетекші болуға септігін тигізгені жайында

Асан Жолдасов, 30 жаста, туған қаласы — Алматы, «Пифагор» компаниялар тобының негізін салушы

ҚБТУ түлектері жоғары оқу орынның жеке істі ашуға және жетекші болуға септігін тигізгені жайында


Университетті таңдау жайында

Мен тоғыз жыл бұрын ҚБТУ бакалавриатын, сегіз жыл бұрын магистратурасын бітірдім.

Университетті соңғы сәтте таңдадым. Барлық достарым ҚБТУ-ға түсті. Бұл ең үздік техникалық университет болды. Осы оқу орынның грантына Алтын Белгісіз және ҰБТ-ның жоғары баллынсыз түсу мүмкін емес еді. Менде ерекше үлгідегі аттестат болған жоқ, бірақ олимпиадалардағы жеңістерімнің арқасында жоғары оқу орынның ректоры грантын бөліп берді.


Атмосфера жайында

ҚБТУ-дың басты ерекшелігі – адамдары, студенттері және оқытушылары – атмосфера жасайтын адамдары. Зоя Каймовна сияқты оқытушылардың әділеттілігі және адамгершілігі есімде сақталды.

Барлығы шын жүректен және қызықты болды. Студенттер бірегей нәрселер жасап шығаратын. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Райхан Болатовна сияқты ұстаздар басқа оқу орындарында кездеспеген ерекше жобалар жасайтын.

Достық және бәсекелестік атмосферасы орын алған. Асқар Ақшабаев және Нұржан Бақбаев жетекшілері барлық нәрселерге үйретті. Олар жақын достарыма айналды. Екінші курста біз Ferrum Logic стартап жобасын жасадық. ҚБТУ-да кабинеттер жетіспейтін, бірақ бізге ғимараттың астындағы шағын бөлмелерді ұсынатын.

ҚБТУ «Пифагор» компаниясын ашу мүмкіндігін берді. Алғашқы төрт жылы компания ҚБТУ-дың ғимаратында, астыңғы бөлмесінде, бос кабинеттерде жұмыс істеді. Мен сол жерлерде балаларға сабақ жүргізетінмін.

ҚБТУ түлектері жоғары оқу орынның жеке істі ашуға және жетекші болуға септігін тигізгені жайында

Студенттердің кез-келген ерекше идеялары қолдау тапқан. Оқытушылар мен студенттер шын жүректен мейірімділік, отбасылық атмосферасын жасайтын.

Біз топтас балалармен араласып, кездесеміз және бірге демаламыз. Бір-біріміздің тойларына барамыз.


Қандай дағдыларға ие болды

Университет өзіме деген сенімділікті арттырып, берілмеуді үйретті. Барлығына қол жеткізуге болады, бастысы – әрекет ету керек деген түсінікті сіңірді. Ниеттес адамдарды тауып, бірге үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Университет өзіме деген сенімділікті арттырып, берілмеуді үйретті




ҚБТУ түлегі қандай болады

ҚБТУ түлектерін зиялылық, өжет мінез, мүмкін емес болып көрінетін мақсаттарға қол жеткізу ұмтылысы ерекшелендіреді. Бұл жақсы нәрселерді қалайтын, өзінің тағдыры және елінің тағдырына немқұрайлықпен қарамайтын адамдар.


Жұмысы жайында

Мен «Пифагор» компаниялар тобының негізін салушымын. 11 жыл бойы білім берумен айналысып жатырмын. Компанияның 7 кеңсесінде және Алматы, Астана және Тараз қалаларында 150 қызметкер жұмыс істейді.

Біз 2-11 сынып оқушыларын оқытамыз, негізгі пәндер — математика мен физика. 11 жыл ішінде 11 000 астам балаларды тәрбиелеп шықтық, 1000 астамы халықаралық жүлдегерлер болып табылады.


Айнұр Мубарова, 33 жаста, туған қаласы — Алматы, Mayoral Kazakhstan филиалының директоры

ҚБТУ түлектері жоғары оқу орынның жеке істі ашуға және жетекші болуға септігін тигізгені жайында

Университетті таңдау жайында

Мен ҚБТУ-ға 2002 жылы түстім. Жұмыспен қамтамасыз ететін беделді және экономикалық білім алуға болатын университетті іздедім.

Ағылшын тілді профессорлары сабақ беретін жаңа Қазақстан-Британ университеті ашылып жатыр деген жаңалықты естіген кезде, сол жерге түсуді қаладым. Мен жақсы оқыдым, ҰБТ-ны жақсы тапсырдым, дегенмен жиналған балл мемлекеттік грантына жетпеді. Бірақ мемлекеттік несиеге жеткілікті болды және мен ҚБТУ-ға түстім.


Атмосфера жайында

Бұл жаңа университет болды. Барлық процестер өңделіп, жұмыс үшін елімізден және шетелден үздік оқытушылар ізделді. Бағалау жүйесі таза болды.

Біздің лекте 37 студент болды. Біз бірден отбасылық қарым-қатынас орнатып, үйірмелер аштық, байқауларға, КВН-ға қатыстық.

ҚБТУ ерекшелігі – осында ескі және жаңа мектеп араласты. Бізде кеңес заманының және шетелдік оқытушылар болды – бұл студенттер үшін мінсіз микс.

Студененттер грантта оқитындар және ақылы түрде оқитындар болып бөлінетін. Бастапқы кезде біз араласпайтынбыз, бірнеше жылдан кейін барлығымыз достасып кеттік.

ҚБТУ түлектері жоғары оқу орынның жеке істі ашуға және жетекші болуға септігін тигізгені жайында

Мен университетте жақын достарға ие болдым. Топтастар әлемнің әртүрлі қалаларында тұрады, бірақ біз араласамыз, чатымыз да бар. Жиналған кезде, көңілді уақыт өткіземіз.


Қандай дағдыларға ие болды

Қазірде жұмыс істеп жатқан компанияға келген кезде, менің ҚБТУ-ды бітіргенім жұмыс берушілерге әсер етті.

Университетте өмірімде сүйеніш болып табылатын жақын құрбыларға ие болдым


Университетте өмірімде сүйеніш болып табылатын жақын құрбыларға ие болдым. Студенттік кезеңде өмірлік позицияңды айқындайсың, жеке стиліңді табасың, армандарың пайда болады.

Бұл өмірімдегі ең үздік төрт жылым.


ҚБТУ түлегі қандай болады

ҚБТУ тәжірибелі, әлемге ашық, батыл және жігерлі түлектерді шығарады. Көбісі оқуды бітіргесін, халықаралық компанияларға орналасты.


Жұмысы жайында

Мен Mayoral Kazakhstan балалар киімінің испандық бренді филиалының жетекшісімін. Менің жұмысым қаржыландыру, импорт, экспорт, бухгалтерлік есеп міндеттеріне негізделеді. Университетте алған бар білімім жұмысымда қажетті орын алады. Мен өзімді таптым және ісімді ұнатамын.


Шыңғыс Алекенов, туған қаласы — Ақтөбе, кәсіпкер

ҚБТУ түлектері жоғары оқу орынның жеке істі ашуға және жетекші болуға септігін тигізгені жайында

Университетті таңдау жайында

Мен ҚБТУ-ды 2010 жылы бітірдім. Мені университеттің беделдігі, ғимараты еліктірді.


Атмосфера жайында

Оқу кезінде кестені өзіндігінен құруға болатын. Менде аптасына үш күн таңертеңнен кешке дейін оқыған семестрлер болды, ал қалған үш күні жұмыс істейтінмін.

Сыныпта үздіктердің бірі болсам да, университетте жүздікке де енбейтінмін. Бұл мені таң қалдыратын.

Бізде студенттер саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысатын, өздігінен қосымша білім алатын. Көптеген курстастар бұндай өмір салтын сақтап, спортпен айналысып жатыр, зиянды әдеттері жоқ. Бұған дұрыс құндылықтарды сіңірген университет пен қоршаған орта ықпал етті.

Студенттер тату болды. Менің легімде бес-алты жұп тұрмыс құрды, жұбайым да ҚБТУ-ды бітірді. Мен футбол құрамасында ойнадым. Басқа жоғары оқу орындардың құрамаларында әлімжеттік орын алатын, ал бізде жоғары курс студенттері бізді жатақханаға дейін жеткізіп, оқумен көмектесетін, қамқорлық танытатын.

Тоғыз жыл өткенімен, біз курстастарымен араласамыз. Кейбіреулері жақын достарым болып табылады.


ҚБТУ түлегі қандай болады

ҚБТУ түлегін білу үшін, адамды ескі алаңға апарып не сезетіні жайында сұрау керек. Егер ештеңе сезбесе, ол ҚБТУ түлегі емес. Осы жоғары оқу орынды бітірген барлық түлектерінде ҚБТУ ғимараты ерекше эмоцияларды оятады. Алматыға келетіндердің көбісі ескі алаңға келеді, серуендейді, қарап тұрады.


Қандай дағдыларға ие болды

Университет дұрыс өмір салтын қалыптастырды, бәсекелесуге және тіл табысуға үйретті.


Жұмысы жайында

Мен екі жобаның негізін салушымын: cvety.kz — Қазақстан бойынша гүлдерді жеткізу және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы tigr.kz – курьерлік қызметі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.