facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/0c3/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/0c39380eb3c223b72eb9109876e624f9.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
berlinge-kelgenderd-anday-iyndy-k-t-p-t-r-zh-ne-zh-mys-a-t-ru-a-ne-k-mektesed
logo
Берлинге келгендерді қандай қиындық күтіп тұр және жұмысқа тұруға не көмектеседі
Өмір сүру стилі

14.02.2020

Берлинге келгендерді қандай қиындық күтіп тұр және жұмысқа тұруға не көмектеседі

Салтанат Ташибаева, 31 жаста, туған жері —Алматы, Senior Product Designer, medium.com

Saltanat (6).JPG


Алматы — Берлин


Мен Алматыда туып, сол жақта өстім. Бала кезімнен шығармашылыққа және өзімді көрсетуге талпындым, өнер мектебінде оқыдым. Тоғызыншы сыныптан кейін «киім-модельер-конструкторы» мамандығына колледжге түстім. Бірақ киім тігу — менің ісім емес екенін түсіндім. Сондықтан университетке графикалық дизайнер мамандығына түстім. Бұл бағыт маған ұнайтын. Екінші курстан бастап мамандығым бойынша жұмыс істедім — дизайнда 10 жылдан көп жұмыс істеймін.

Біз 2016 жылы жолдасым Берлинге жұмысқа шақырту алғандықтан Германияға көшіп келдік.

Saltanat(2).jpg


Көшу кеззіндегі қиындықтар


Алғашқы қиындықтар: баспана, жұмыс және достар іздеу.

Берлинде пәтерді тек банк операциялары жайлы тарихын болса ғана жалға ала аласың. Ал егер жаңа ғана көшіп келсеңіз, ыңғайлы шешім табу қиын. Кейде қысқа мерзімге пәтер жалдап, кейін ұзақ уақытқа тапсырылатын баспана іздеуге болады. Мен бала күтімі бойынша демалыста болғандықтан баспана іздеуге уақытым болды. Сондықтан тез арада бізге ыңғайлы пәтерді таптық.

Алғашқы қиындықтар: баспана, жұмыс және достар іздеу


Сондай-ақ балаға арналған балабақша табу қиын болды. Кейбір әйелдер жүкті кезінде кезекке тұрады. Бірақ егер адамдармен тез тіл таба алсаң, барлық сұрақтарды аз уақытта шешуге болады. Ашық және коммуникативті болу керек.

Германияда неміс тілін білу қажет. Мен оны оқығанмын, сондықтан көшу кезінде маған оңай болды. Берлинде мемлекеттік мекемелерде барлық құжаттарды рәсімдегенде сізбен тек неміс тілінде сөйлейді. Тіл білмесеңіз, аудармашыны жалдау керек болады.

Saltanat (1).jpg

Бірақ тілді жоғары дәрежеде білу де маңызды емес, немістер тырысып жатқаныңызды көрсе, өздері демеп жібереді.


Германиядағы өмір жайлы


Мен неміс тілін ғана емес, неміс мәдениетін де үйрендім, сондықтан бәріне дайын болдым. Бірақ мені бұл жердегі адамдардың позитивті, мейірімді, тартымды екені таңқалдырды. Алғашқы уақытта жергілікті тұрғындар бізге жиі көмектесіп тұрды. Сонымен қатар Берлин тұрғындарының көбісі көшіп келгендер.

Германияда қалалық көлік коммуникациясы жоғары деңгейде дамыған. Қала бойынша тіпті баланың арбасымен оңай жүруге болады. Берлин — тең мүмкіндіктер қаласы.

Saltanat (5).JPG

Климаты Алматыға қарағанда әлдеқайда жұмсақ. Таза ауа, жылы, ауа-райының күрт өзгеруі жоқ.

Немістер жексенбі күні жұмыс істемейді, сондықтан азық-түлікті сенбі күні түстен кейін сатып алу керек. Қалған уақытта бәрі жабық.

Немістер барлығын алдын ала жоспарлайды. Біз демалысымызды жоспарауды үйрендік. Дәрегерлерге 2-3 ай бұрын жазылу керек. Егер кезекті өткізіп алсаңыз, тағы сол уақытты тосу керек болады.

Жеке коммуникативтілік тұрмыстық мәселелерді шешуге жиі көмектеседі

Германияда жаңа пәтерге қоныстанған кезде өз провайдеріне тек ғаламторды ғана емес, газ, су, электр энергиясын да қосу керек. Экоэлектрлік нұсқаны таңдауға болады — ол қымбаттырақ. Бұл біз үшін жаңа, әрі қызықты нәрсе болды.

Жеке коммуникативтілік тұрмыстық мәселелерді шешуге жиі көмектеседі. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас өмірді едәуір жеңілдетеді және барлық формальдылықтарды шешуге көмектеседі. Сондықтан шетелде әрдайым кеңес сұрап, байланыс желісін құрып, бір-біріне көмектесу керек.


Жұмыс жайлы


Алғашқы кездері жұмыс істеген жоқпын, өйткені қызымыз дүниеге келді. Кейін жаңа елде жұмыс табу қиындық туғызды. Бірақ мен үш айда барлығын реттедім. Шамамен аптасына 3-4 сұхбатқа барып отырдым.

Saltanat (7).JPG

Ең басты талап — сіздің профессионалдық деңгейіңіз. Егер сіз сұранысқа ие маман болсаңыз және өз еліңізде жоғары дәрежеге жетсеңіз, онда көшу туралы ойлауға болады. Ағылшын және неміс тілін білу де маңызды. Менің ойымша, жұмыс іздеуде коммуникация дағдылары да көмектеседі.

Мысалы, Мен өз деңгейімді көтеру үшін ағылшын тілінен оқытушы жалдадым. Әрқашан кәсіби тұрғыда дамып, халықаралық марапаттарды алдым.

Ең басты талап — сіздің профессионалдық деңгейіңіз


Мен жұмыс істейтін Стартап From A to B деп аталады. Компания билет сатумен айналысады. Мақсаты — бұл процедура бір ғана тетікті басу арқылы жасалатындай ету. Мен Senior Product Designer ретінде жұмыс істеймін — барлық платформаларға ортақ дизайн жүйесін құрамын.

Saltanat (4).JPG

ТМД-да тапсырыс берушілер көбіне дизайнерге сенбейді, дайын шешіммен келеді және жауап ұсыныстарын қабылдамайды. Берлинде маған сарапшы ретінде қарайды, ешкім нақты бір нәрсе жасауға мәжбүрлемейді. Әріптестер тек ұсыныстар ғана бере алады. Сондықтан сізде өнімді дамытуға үлкен жауапкершілік пен қызығушылық пайда болады. Бұл елдегі жұмыс мәдениетінің басты ерекшелігі.

Жыл сайын қызметкерлер салық декларациясын өздері тапсырады — жұмыс беруші мұны Қазақстанда сияқты сіз үшін жасамайды.


Көшу қалай әсер етті


Көшу өмірге қатты әсер етеді. Бәрін бақылауға аласың, мүмкін болатын қателіктерді санайсың, болашағынды ойлайсың, өйткені өз уақытың мен ресурстарыңды ұтымды пайдаланғың келеді.

Saltanat(3).jpg

Баланың пайда болуымен біз тек өзімізге және жақын достарымызға сенетін болдық. Шетелде айналаңды мұқият таңдап, достарыңды бағалап, бір-біріне көмектесе бастайсың. Өйткені, отбасың алыста болғанда олар қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Екі жыл бұрын мен өзімнің жеке даму жоспарын жүргізе бастадым — бұл өмірді жоспарлауға және алға жылжуға ынталандырады. Сен басқаша ойлай бастайсың, үлкен жоспарларды құрып, мақсатына тез жетесің.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.