facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/d07/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/d07ec57112f60941d023b58de99ebb20.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
bauyrzhan-rakishev-nege-medicina-skeri-ske-saytyny-al-d-r-ger-nem-rayly-bola-almaytyny-zhayly
logo
Бауыржан Ракишев неге медицина әскери іске ұқсайтыны, ал дәрігер немқұрайлы бола алмайтыны жайлы

Бауыржан Ракишев

36 жаста, Қызылорда облысы, кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, кардиохирург, 
@bauyrzhan.rakishev
@doctor_rakishev

Өмір сүру стилі

18.01.2020

Бауыржан Ракишев неге медицина әскери іске ұқсайтыны, ал дәрігер немқұрайлы бола алмайтыны жайлы


Өзі жайлы


IMG_3345.jpg

Мен дәрігермін. Ал медицина — әскери іс сияқты. Мұнда талапшыл және тәртіпті болу керек. Бұл менің мінез-құлқыма әсер етті. Әр нәрсеге егжей-тегжейлі мұқият және жауапкершілікпен қараймын. Мен үшін ұсақ нәрсе жоқ.

Әр нәрсеге егжей-тегжейлі мұқият және жауапкершілікпен қараймын

Өзімді профессионал санаймын. Профессионализм тек қаржылық тәуелсіздікті ғана емес, әрдайым дамуға, нәтижеге жетуге, жақсыға ұмтылуға, пайдалы іс істеуге мүмкіндік береді.

IMG_3310.jpg

Қазақстанның дамығанын қалаймын. Ол үшін әр адам өзі істейтін салаға өз үлесін қосуы тиіс.


Өмірлік қағидалар жайлы


Адам босаңсығанда, сапалы нәтижеге қол жеткізе алмайды деп ойлаймын.

Әрдайым білімге, жаңа тәжірибеге ұмтыламын. Күн сайын даму керек. Сондықтан әрдайым ізденістемін. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар.

IMG_3328.jpg

Мен үшін пайда әкелу маңызды. Қандай салада істесең де, жүрекпен істеп, нәтижеге қол жеткізіп, қоғамда пайдалы болу керек.

Емделушінің жағдай — барлығынан да маңызды. Сондықтан жұмыстағы басты қағида — зиян келтірмеу, барынша көмек көрсету.


Өмірдегі адамдар жайлы


Отбасы — өмірдегі ең басты нәрсе. Жаратылыстан солай.

Егер адам басқа бір адамға көмектессе — оны құрметтеуге себеп бар

Адамдар әртүрлі болады. Мен оларды жеке қасиеттері үшін емес, команда үшін, мақсатқа жету үшін не істейтіндеріне қарап бағалаймын. Сол кезде мінез екінші орынға кетеді. Маған басқалары туралы ойлайтын адамдар ұнайды. Егер адам басқа бір адамға көмектессе — оны құрметтеуге себеп бар. Өзі ұнатып істейтін істі тапқандарды қолдаймын.


Қызметі туралы


Мектепті бітіргеннен кейін Алматы медициналық институтына түсіп, кардиохирургияны таңдадым. Интернатура мен магистратураны бітірдім. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мәскеудегі А. Н. Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы Ұлттық медициналық зерттеу орталығына түстім. 2012 жылдан бастап А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында жұмыс істеймін.

IMG_3352.jpg

Кардиохирургия — медицинадағы күрделі сала. Жүрек — адамның басты ағзасы және менің басты жұмысым.

Медицина — үнемі жаңа біліммен толықтырылып, дамып келе жатқан, қызықты сала. Бүгінгі күні медицина көп нәрсе істей алады. Жаңа технологиялар мүмкіндіктер шекарасын кеңейтеді. Соның ішінде біздің елде де.

Медицинада немқұрайлыққа жол жоқ, бар тәніңді жұмысқа беру керексің

Біз әріптестерімізбен операциялардың инновациялық түрлерін жүргізіп, жаңаларын енгізудеміз. Қазір бұрын елестету қиын нәрселерді жасаймыз. Қазақстанда көптеген жас дәрігерлер бар, біздің медицинаға деген көзқарасымыздан елдің медицинасының дамуы байланысты.

Адам пайдасын тигізетін, дұрыс ем қабылдау керек. Біз әр пациент үшін аландаймыз.

Маған менің жұмысым ұнайды. Медицинада немқұрайлыққа жол жоқ, бар тәніңді жұмысқа беру керексің. Бұл өмір салты. Адамдар бізге сенеді, сондықтан соған лайық болу керек.

IMG_3359.jpg

Күнделікті жұмыстан бөлек, ғылыми мақалалар жазамын.

Менің өмірлік ісім — өз жұмысымды сапалы әрі, шынайы істеу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.