facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ba--de-t-rudy-arty-shyly-tary-zh-ne-memlekett-azamatty-yn-aludy-sharttary
logo
БАӘ-де тұрудың артықшылықтары және мемлекеттің азаматтығын алудың шарттары
Өмір сүру стилі

20.03.2019

БАӘ-де тұрудың артықшылықтары және мемлекеттің азаматтығын алудың шарттары

Джамиля Багаутдинова, 44 жаста, туған қаласы — Махачкала, тері өңдеу бизнесі, @emirates_family

Джамиля.jpg


Өзі жайында


Мен Араб Әмірлігінде 12 жылдан астам уақыт тұрып жатырмын, жергілікті азаматқа тұрмысқа шықтым, бес баланың анасымын.


Мемлекеттің қолдауы жайында


Араб Әмірлігінің үкіметі мемлекеттің байырғы тұрғындарына қолдау көрсетеді. Негізінен бұл елорданың тұрғындары болып табылады. Олар барлық мейрамдар сайын үстеме алып отырады.

Несиемен қиындықтар туындаған Абу-Дабидің азаматы мемлекет тарапынан қолдау ретінде 100 000 дирхамға дейін бір жолғы төлемге ие бола алады. Ол үшін төмен жалақы немесе жұмыссыздық анықтамасын беріп, балалар санын, кәсібінің бар-жоқтығын, тұрғын үйге қалай ие болғанын, оны сатып алғанын немес мұраға қалғанын көрсетіп беру қажет. Толық құжаттар пакеті жиналады және егер ақпарат расталса, мемлекет көмектесе алады.

Араб Әмірлігінің үкіметі мемлекеттің байырғы тұрғындарына қолдау көрсетеді

Мемлекет тіпті үйді салып тұрғызу үшін жерді және пайызсыз қарызды ұсынып бере алады.

Медицина мен білім берудегі жеңілдіктер тек Абу-Дабидің жергілікті тұрғындарына беріледі.

Егер бала мектепті жақсы бітірсе және білім алуды қалайтын мамандығы Араб Әмірлігіндегі университеттерінде болмаса, мемлекет оның әлемдегі кез-келген жердегі оқуы үшін төлеп береді. Егер Араб Әмірлігінің аумағында науқасты емдей алатын немесе ота жасай алатын дәрігер болмаса, науқас пен оның жанындағы адамға әлемдегі кез-келген жердегі емдік шаралары мен тұруы төленеді.

97087807-2.jpg


Басқа жақтан келетіндер жайында


Шеттен келген тұрғын Қызыл крестке жүгініп, белгілі мәселелерін шешу үшін уақытша төлемақыға ие бола алады. Мысалы, баспаналық немесе медициналық мәселелері бар болса.

Шетелдік ешқандай шарттар бойынша азаматтыққа ие бола алмайды. Тек спортшы жарыстарда Араб Әмірлігінің атынан шығып, жеңіске жеткен кезде, алғыс білдіру ретінде оған азаматтық беретін. Егер шетелдік әйел Араб Әмірлігінің азаматымен жеті жыл некеде болса және елдің тарихы бойынша арнайы емтиханнан өтсе, азаматтық пен құжатқа ие бола алады.

Әрине, егер сізде жақсы жұмыс болса, жұмыс беруші екі жылға жұмыс визасын ашады, медициналық сақтандыруды өтейді. Көбінесе компания баспанамен және көлікпен қамтамасыз етеді.


Арайлым Жақыпова, 31 жаста, туған қаласы — Алматы, жоғары білім беру саласындағы маркетинг

Арайлым 2.jpg

Өзі жайында


Мен Араб Әмірлігіне білім беру саласындағы келісімшарт бойынша келдім. Менің бірінші қызметім – университеттердегі британдық және еуропалық бағдарламалар бойынша қабылдау комиссияның маманы. Осында отбасымен бірге тұрып жатқаныма бес жыл болды.


Мемлекеттің қолдауы жайында


Араб Әмірлігі жергілікті азаматтарға да, экспаттарға да қолдау көрсетеді. Экспаттарды қолдау олардың қызметтері мен шығу тектеріне байланысты. АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Канада, Аустралия және Шенген одағы елдерінің азаматтары айрықша құқықтарға ие. Мысалы, олардың жалақы мөлшерлемесі жоғарырақ болып келеді. Сонымен қатар келісімшартта балалардың оқуын төлеу бойынша арнайы шарттар бар. Бірақ егер сізде екі бала болса, бір баланың білім алуы ғана төленеді. Барлығы жұмыс берушіге байланысты.

Экспаттарды қолдау олардың қызметтері мен шығу тектеріне байланысты

Бәрінен бұрын, осындай қолдаулар берілуі үшін, тиісті білім болуы тиіс. Ол сіздің атқарып жатқан қызметімен байланысты болуы керек. Оған қоса тәжірибе де есептеледі. Лауазымыңыз қаншалықты жоғары болса, соншалықты көп артықшылықтар болады.

Кез-келген жұмыс беруші қызметкерінің дәрежесіне, лауазымына, туған жеріне тәуелсіз медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл заңмен бекітілген. Егер жұмыс беруші медициналық сақтандыруды ұсынбаса, айыппұл төлейді.

Сонымен қатар туған еліне барып қайту үшін жылына бір рет әуе билеті ұсынылуы тиіс.

Білім беру саласын алғанда, қызметі оқыту саласымен байланысты адамдар белгілі бір жеңілдіктерге ие болады. Мұғалімдердің кем дегенде бір баласы мектепте тегін оқытылуы тиіс деген ереже бар. Басқалар үшін барлығы келісімшартқа байланысты. Мысалы, менің келісімшартымда баламның білім алуы жартылай төленеді – бұл алдын-ала ескертілген нәрсе, себебі бұл шарттардың бірі еді.

Арайлым.jpg


Басқа жақтан келетіндер жайында


Жергілікті азаматтықты алу үшін, белгілі бір күрделі шарттар бар. Мысалы, шейхтың немесе отбасының бір мүшесінің өмірін құтқару қажет. Сонымен қатар мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосуға болады.

Мен осында 40-50 жыл тұрып жатқан, бірақ азаматтықты алмаған филиппин және үнді отбасыларын білемін. Дегенмен олар осында келіп тұруды жалғастырады, себебі олардың туыстары осында қалып, жұмыс істейді.


Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Арайлым Жақыповаға және Рахаф Шейх Мохаммедке алғысымызды білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.