Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b56/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b56d3e8912382cab3780aedb2897ceb0.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-mocart-pen-vunderkindt-shahmatister-aza-stanny-talantty-zhastary

Қазақстандық Моцарт пен вундеркиндт-шахматистер — Қазақстанның талантты жастары
181

08.01.2020

Қазақстандық Моцарт пен вундеркиндт-шахматистер — Қазақстанның талантты жастары

Азамат Нукаев, менталды арифметика


Азамат Нукаев.jpg

Жас қазақстандық менталды арифметика бойынша әлемнің үздігі атанды, 5000-нан астам студентті жеңіп, 69 000 есепті дұрыс шешті. Менталды арифметика —калькулятордан да тез ойша санауды үйреткен және зияткерлігін дамытуға септігін тигізген, білім жүйесі.


Тимур Рыспеков, физик, математик, программист


Тимур Рыспеков.jpg

Дерек көзі: tuz.kz

Тимур халықаралық колледжде оқиды және Массачусетс технология институтында қашықтықтан білім алады. 2017 жылы өзінің талантының арқасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жалпыұлттық жобасының жеңімпаздары тізіміне енді. Жас өнертапқыш-оқушыны Microsoft пен NASA байқап, оны жұмысқа шақыруда.


Абзал Мырзаш, ақпараттық технологиялар


Абзал Мырзаш.jpg

Дерек көз: ru.sputniknews.kz

Абзалды Қазақстанның вундеркинді деп атайды. Ол мектепті 12 жасында бітіріп, университетке түсті. Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша оқиды, ал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтына магистратураға түсуді жоспарлап отыр.


Садриддин Ахмедов, бокс


Садриддин Ахмедов.jpg

Орта салмақтағы-боксер Садриддин AsianBoxing.info рейтингі бойынша былтырғы жылдың қорытындысы нәтижесінде үздік боксшы атағына лайық деп саналды. 2019 жылы қазақстандық бес жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жетті, төрт ретте қарсыласын нокаутқа түсірді.


Жибек Кулумбетова, джиу-джитсу


Жибек Кулумбетова.jpg

12 жасында спорт шеберіне үміткер атағын алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Осы уақыт ішінде көптеген республикалық және халықаралық жарыстарды жеңіп алды.


Элизабет Турсынбаева, мәнерлеп сырғанау


Элизабет Турсынбаева.jpg

Дерек көзі: sport.inform.kz

Қазақстандағы үздік жас спортшы атағының иегері. Ресми жарыстарда төрт сальхов орындаған тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы. Көптеген жарыстардың, Олимпиада және Азия ойындарының жүлдегері.


Сауат Нургалиев, шахмат


Сауат Нургалиев.jpg

Сауат рапид пен блиц бойынша Францияның ашық чемпионатында жылдам шахматта «алтын» жеңіп алды. Еліміздегі шахмат бойынша спорт шеберіне ең жас үміткер. ЭЛО рейтингін 9 жасқа дейінгі классикадағы әлемнің үздік шахматшысы ретінде басқарды.


Динара Садуакасова, шахмат


Динара Садуакасова.jpg

Шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер. Әлемнің ең мықты шахматшыларының топ 50 қатарына енген алғашқы қазақстандық атанды. Қазақстанның екі қаласында шахмат академиясын ашты.

2020 жылдың 1 қаңтарына әлемнің ең мықты шахматшыларының топ-10 қатарына енді. Әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы алтын медаль жеңіп алды.


Бибисара Асаубаева, шахмат


Бибисара Асаубаева.jpg

Дерек көзі: ru.sputniknews.kz

Бес дүркін әлем чемпионы және екі дүркін әлем вице-чемпионы. Шахмат тарихындағы ең жас Fide Master атағының иегері.


Жансая Абдумалик, шахмат


Жансая Абдумалик.jpg

Жансая — Қазақстандағы қыздар арасындағы бірінші әлем чемпионы, әйелдер халықаралық гроссмейстері және ерлер халықаралық шебері. 2019 жылдың 1 қаңтарына Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі үш шахмат түрі бойынша әлемнің үздік шахматшыларының рейтингісін басқарды: классика, рапид және блиц. Бұл Қазақстан үшін тарихи жетістік.


Рахат-Би Абдысагин, музыкант


Рахат-Би Абдысагин.jpeg

Дерек көзі: azh.kz

Оны қазақстандық Моцарт деп атайды. Рахат Қазақстан тарихында алғаш рет 18 жасар магистр атанды. 12 жасында Рахат-Би бірінші композиция жазды, 13-те музыкалық консерваторияның студенті болды. Халықаралық музыкалық байқаулар мен фестивальдардың бірнеше дүркін қатысушысы және жеңімпазы. Бір сахнада Қазақстанның халық әртістері мен әлемнің атақты музыканттарымен өнер көрсетті.


Алдияр Божбанов, ғалым


Алдияр Божбанов.jpg

Барлық электрондық гаджеттерді зарядтайтын және электрсіз жұмыс істейтін әмбебап мобильді зарядтау құрылғысының авторы. Сондай-ақ, жас ғалымның есебінде ұшатын жел-күн электр станциясы мен экологиялық ауылдың өнертабысы бар. Оқушылардың барлық идеялары «жасыл» экономикаға бағытталған.


Аманжол Қуантай, биолог


Аманжол Куантай.jpg

Дерек көзі: tengrinews.kz

Аманжол — биология бойынша Қазақстан және әлем чемпионы. Оқушы ДНҚ молекулалық құрылымын зерттей отырып, медицинада серпіліс жасауды, жеке медицинаны дамытуды жоспарлап отыр. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары оны оқуға қабылдауға мүдделі, қазір ол қытай университетінің студенті.


Дияр Туленов, физик


Дияр Туленов.jpg

Дерек көзі: tengrinews.kz

Диярдың есебінде Ресей, Индонезия, Португалия, Вьетнамда өткен халықаралық олимпиадаларда алған жүлделі орындары бар. 2019 жылдың мамыр айының ортасында Дияр Австралияда өткен физикадан Азиялық олимпиададан қола медальмен оралды. Бүгінгі таңда оқушылардың Ресей экономикасының жоғары мектебінде, Назарбаев Университетінде, ҚБТУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқуға сертификаттары бар.


Материалды жасауда көмек көрсеткендері үшін Арай Ордабаеваға және Салтанат Казыбаеваға алғыс білдіреміз.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.