facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/4d3/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/4d386ff3f0fd3f302ca4babaa8365d55.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-azamat-franciya-a-k-shken-zh-ne-ne-sebept-francuz-legionynda-yzmet-etet-n-zhayly
logo
Қазақстандық азамат Францияға көшкені және не себепті француз легионында қызмет ететіні жайлы
Өмір сүру стилі

10.12.2019

Қазақстандық азамат Францияға көшкені және не себепті француз легионында қызмет ететіні жайлы

Самат Жайнаков, 29 жаста, туған жері— Алматы, француз легионының солдаты, @samat_zhainakov

французский иностранный легион.jpg


Алматы — Париж


2015 жылы мен алғаш рет Парижде болдым. Шетелдік легионның арнайы бөлімшесінің солдаттарын көріп, оларға деген қызығушылығым пайда болды.

Шетелдік Француз легионы — басқа елдің азаматтары келісім бойынша қызмет ете алатын әскери құрылым.

Қазақстанға келгеннен кейін, бұл легионға қалай түсуге болатыны жайлы ақпараттарды іздестіре бастадым. Дайындықтан өтіп, түсуге шешім қабылдадым. Еңбек демалысын алып, Парижге ұшып кеттім.

служба во Франции.jpg

Түсу кезінде француз тілін білу міндетті емес, сұхбаттасу барысында аудармашы көмектеседі. Сұхбаттасудан кейін физикалық дайындықтан өттім. Маған бұл кезеңнен өту қиынға соққан жоқ. 2016 жылдың ақпанында легионға түстім.

Оқу кезінде едәуір қиын болды. Оқу корпусы Францияның оңтүстүстігінде орналасты. Оқудың алғашқы күнінен кейін 60 адамның 20-сы қызметтен бас тартты. Көбіне оқу қиынға соқты.


Алғашқы әсерім мен қиындықтар жайлы


Мен Францияға келгенімде, Парижде ауа-райы қолайсыз болды, жаңбыр жауып тұрды. Мен өзіме белгісіз елде жалғыз болдым. Тілді де білмедім. Сондықтан еліме қайтқым келіп, бұл жерге не үшін келгенімді ойлана бастадым.

Оқудың төрт айы уақытында да қайту туралы ойлар болды. Елден жырақта болу эмоционалды тұрғыды қиын екенін түсіндім.

Франциядағы өмір жайлы

копрал.jpg

Француздар әрдайым жаңа нәрсені білуге талпынады. Оларға барлығы қызық. Жақсы нәрселерге ұмтылады.

Франция армиясында тәртіп бар. Барлық офицерлер сыпайы.

Әр француз өзінің бостандығы мен тәуелсіздігін бағалайды. Өзінің еліне үлкен сүйіспеншілікпен қарайтын французбен танысар алдында осы жайттарды ескеру керек.


Жұмыс жайлы


Мен сержанттың көмекшісі — капралмын. Францияның түрлі әскери операцияларына қатысамыз. Бірақ легион негізгінде патрульдеумен айналысады. Біздің легион Альптың маңайында орналасқандықтан, көбінесе сол жерді патрульдетеміз.

Жұмыс бойынша Францияның маңайы мен шетелдерге жұмыс сапарымен барып тұрамыз.

Менің полкымда әртүрлі елдерден келген солдаттар бар: Непал мен Мадагаскардтан да бар. Сондай-ақ Украинадан достарым бар. Жұмыс кезінде француз тілінде сөйлеуге міндеттіміз. Басқа тілде сөйлеуге рұқсат етілмейді.

иностранный легион.jpg

Француз легионы туралы түрлі мифтар бар. Бірақ негізінде бұл жердің әскери қызметі қиын емес. Алғашқы келісім бес жылға жасалады. Одан кейін жергілікті азаматтық алуға мүмкіндік беріледі. Қаласаңыз келісімді ұзартуға, немесе елге қайтып кетуге де болады.

Шетелдік легионға келгендердің әр түрлі мақсаты бар. Кейбіреуі азаматтық үшін, кейбіреуі өзің тексеру үшін келеді. Менің мақсатым — авантюра.


Көшу қалай әсер етті


Менің көзқарасым өзгерді. Мен адамның өзің кез-келген елде дамытуына болатынына көзім жетті. Шетелдік легионда өзіме түрлі елдерден келген көп достар таптым.

Францияға барып тілдерді үйреніп, басқа халықтардың менталитетін үйрене бастадым. Бірақ мен кез-келген уақытта үйіме қайтып кете алатынымыды білемін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.