facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
atyrauly-tar-elorda-a-ara-anda-sheteld-k-t-r-yndary-lde-ayda-k-p-alada-y-m-r-zhayynda
logo
Атыраулықтар елордаға қарағанда шетелдік тұрғындары әлдеқайда көп қаладағы өмір жайында
Өмір сүру стилі

19.08.2019

Атыраулықтар елордаға қарағанда шетелдік тұрғындары әлдеқайда көп қаладағы өмір жайында

Роза Галламова, 30 жаста, туған қаласы — Атырау, бухгалтер


Атыраулықтар елордаға қарағанда шетелдік тұрғындары әлдеқайда көп қаладағы өмір жайында


Өзі жайында


Мен Атырауда туып өстім. Күйеуім – инженер, «Тенгизшевройл» ЖШС-да жұмыс істейді. Мен екі баланың тәрбиесімен айналысамын, бос уақытымда гүлдерді бағып күтемін.


Атырау жайында


Атырау — көрікті қала. Бізде саябақтар, мұражайлар, театрлар көп, көрікті жерлеріміз баршылық. Адамдар ең көп баратын жер – Исатай мен Махамбет атындағы алаң. Көптеген ескерткіштердің қатарына Әбу Сәрсенбаевтың, Фариза Оңғарсынованың, «Дос-Мұқасан» тобының, Қаршыға Ахмедиярованың, Жұмекен Нәжімеденовтың мүсіндері қосылды. Атыраудағы Успен соборы – он тоғызыншы ғасырдың естелігі.

Қаланың ерекшелігі – тез өсіп дамуында. Жергілікті халық жылы шырайлы және ерекше қонақжайлылығымен танымал. Бізді кішкентайымыздан кез-келген қонақты дастаран басына отырғызып, жақсы әңгіме құруға үйреткен.

Қаланың ерекшелігі – тез өсіп дамуында


Соңғы жылдары қалада жақсы өзгерістер орын алып жатыр – саябақтар мен ойын-сауық орындар салынып жатыр. Қаланың өмірі күні-түні қызу үстінде.

Атыраулықтар елордаға қарағанда шетелдік тұрғындары әлдеқайда көп қаладағы өмір жайында


Шетелдіктер жайында


Атырауға шетелдіктер көп. Қалада мұнай компаниялары көп, олар осында жұмыс бойынша келеді. Күйеуім сондай компаниялардың бірінде жұмыс істейтіндіктен, шетелдік әріптестері көп. Біз оларды жиі қонаққа шақырамыз. Қазақтар халық деликатесі болып табылатын қазыға деген сүйіспеншілікті сіңірді.

Атыраулықтар да келушілерден көп нәрселерді – мәдениетке, адамдарға деген қатынасқа, қарапайымдылыққа және сыпайылыққа үйренеді. Атырауда барлық мейрамханалар мен орындар шетелдіктер үшін бейімделіп жасалған, балалар үшін арнайы мектептер мен балабақшалар ашылады.

Шетелдік компаниялар жергілікті балалар үшін мектептер мен балабақшалар ашады. Қызымыз шетелдік компания салған балабақшаға барып жүр. Сол жерде тәжірибелі педагогтар, балалар психологі, логопед, шығармашылық мамандықтардың өкілдері жұмыс істейді. Бассейні, көптеген дамушы үйірмелері бар. Балаларды үш тілде оқытады. Атырауда осындай мүмкіндіктердің бар болғаны үшін ризамын.


Кәмшат Құрмангазиева, 32 жаста, Атырау облысы, Мақат ауылы, ТОО Master Tex Atyrau сату бөлімінің жетекшісі, @kamshat_k_e


Атыраулықтар елордаға қарағанда шетелдік тұрғындары әлдеқайда көп қаладағы өмір жайында

Өзі жайында

Мен Атырау облысында туып өстім. Тоғызыншы сыныптан кейін, Ақтөбе политехникалық колледжге түсіп, Ақтөбеде қалдым. Екі жыл бұрын туған жеріме оралдым, мұнай саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы киім тігетін және жеке қорғану заттарды сатумен айналысатын компанияда жұмыс істеймін.


Атырау жайында

Атырауда жарқын жүзді және жылы шырайлы адамдар тұрады. Қала – мұнай астанасы болып табылғанымен, халқы қарапайым. Адамдар қысқа уақыт ішінде жақын болып кетеді. Осында қазақ тәрибесі және қонақжайлылығы басым.

Қала – мұнай астанасы болып табылғанымен, халқы қарапайым



Шетелдіктер жайында

Жұмысыма байланысты мен шетелдіктермен көп араласамын. Клиенттеріміз ірі корпорациялар, олардың қатарында шетелдік компаниялар да бар.

Басқа елдердің азаматтары осында жақсы жалақы үшін келеді. Экспаттарды тұрғын үймен, көлікпен, жайлы өмір үшін қажетті нәрселермен қамтамасыз етеді. Басқа елдермен салыстырғанда, экономикамыздың деңгейі жоғары. Табыс табуды қалайтын адам үшін Атырауда әрқашан жұмыс табылады.

Шетелдіктер қаланың дамуына үлес қосады. Осында жақсы орындар ашылады. Мен түрік халқының ас үйі мен мәдениетін ұнатамын, сол себепті сүйкімді, жайлы түрік дәмханалар мені рахатқа бөлейді. Ағылшын тілді мектептер ұнайды.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.