facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ortaly-aziya-studentter-franciyada-y-zho-ary-o-u-orny-turaly-zh-ne-alternance-ba-darlamasy-zhayynda
logo
Орталық Азия студенттері Франциядағы жоғары оқу орны туралы және Alternance бағдарламасы жайында

24.03.2023

Орталық Азия студенттері Франциядағы жоғары оқу орны туралы және Alternance бағдарламасы жайында

Біз Орталық Азияның студенттерімен Францияның әйгілі университетіне қалай түсуге болатыны жайында әңгімелесіп, олардың Францияда оқып, жұмыс істеу тәжірибесімен бөлістік.


Даниэла Ахмет, 24 жаста, қаласы — Париж, Instrumentation & Control Command Engineer, @daniela.kh

Даниэла А


Жоғары оқу орнын таңдауы туралы


Менің үнемі шетелде оқығым келетін.
Мектеп кезінен бастап француз тілін оқып жүргендіктен, Францияны таңдадым. Оқуға түскен кезде таңдаған мамандығым қаржылық жағынан қолжетімді болды.

2016 жылы Страсбург университетінің Engineering Scienceфакультетіне оқуға түсіп, Францияға қоныс аудардым. Ал 2018 жылы Канададағы McGill University-ге алмасу бағдарламасымен бардым. Осылайша, Францияда бакалавр дәрежесін алған соң Grenoble INP Ense3 жоғары инженерлік мектебінде оқуымды жалғастырдым.

Францияда университет пен жоғары мектептің арасында, әсіресе инженерия саласында айырмашылықтар бар. Жоғары мектептер беделді болып саналады. Мен Grenoble INP Ense3 бағдарламасын мектептің бағдарламасы мен рейтингісіне қарап таңдадым: бір уақытта оқуға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Alternance бағдарламасы бойынша оқыдым. Сол кезде мен жұмыс істеген Cegelec CEM оқуыма демеушілік етті.

Оқуға қалай түскені туралы


Бакалаврға түсуім оңай болды.
Аттестат, француз тілін білетінімді растайтын TCF тестінің нәтижелері және мотивациялық хат сияқты құжаттарды жинадым. Жақсы досье, француз тілінің деңгейі кем дегенде B2 және сауатты жазылған хаттың болуы маңызды.

Магистратураға түсу басқаша. Маған CV, мотивациялық хат, профессорлардың ұсыныстары, барлық семестр бойынша баға, сонымен қатар жеке сұхбаттан өтуім керек болды. Бұл жоғары мектеп болғандықтан, орташа балдың жоғары болуы, француз тілінде еркін сөйлеу және сұхбатты жақсы тапсыру маңызды рөл атқарды.

Оқудың ерекшеліктері жайында


Магистратураның бірінші курсында оқу мен жұмысты ай сайын, екінші курста әр екі ай сайын алмастырып отырдық.
Үшінші курс екі семестрге бөлінді. Оқу кестеміздің жүктемесі көп еді: күн сайын таңғы сегізден кешкі алтыға дейін оқыдық, оған қоса тапсырманы орындауға да аз уақыт берлді.

Оқу кезінде жұмыс жасау тәжірибесі үлкен артықшылықтың бірі еді. Бұл оқу бітірген кезде, әсіресе шетелдік студент болсаңыз, көптеген мүмкіндік береді.

Атмосферасы жайлы


Гренобльде Францияның басқа қалаларына қарағанда басқа елден келген студенттер көп.
Француз Альпісінің орталығы техникалық саланың университеттерімен танымал. Сол себепті осы салада мансап құру мүмкіндіктері де көп.

Университет не үйретті


Университет маған жақсы білім және осы индустрияда құнды тәжірибе берді.
Осылайша бұл маған Париждегі ең ірі ядролық компаниялардың біріне жұмысқа тұруға көмектесті.


Маржан Бөлебай, 25 жаста, қаласы — Париж, қаржыгер, @makkkonya

Маржан Б

Жоғары оқу орнын таңдауы туралы

Францияда оқу анамның арманы еді. 14 жасымда ол мені француз курстарына жазып, Францияға оқуға түсуді ұсынды. Ақырында, маған да бұл идея қатты ұнап, осы елге оқуға тапсырдым.

Осылайша, мен University of Strasbourg-тың «Экономикалық және әлеуметтік менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне оқуға түстім.

Бакалавриатты бітіргеннен соң Alternance бағдарламасы бойынша Париж бизнес мектебінің «Корпоративтік қаржы» мамандығы бойынша магистратураға оқуға тапсырдым. Менің оқуымды Франция және жұмыс беруші төлейді. Соған қарамастан, аптасына үш күн жұмыста, екі күн мектептегі оқуым үшін толық жалақы аламын.

Оқуға қалай түскені туралы

Ең бастысы, француз тілін кем дегенде В1-В2 деңгейінде меңгеру. Мен Француз Альянсында оқыдым және оқуға түсуге қажет болатын TCF емтиханын тапсырдым. Тіл деңгейін тексеруден бөлек, сізге белгілі бір мамандық бойынша оқуға ниетіңізді және оған неліктен қызығушылық танытатыныңызды көрсететін жақсы мотивациялық хат жазу керек.

Paris School of Business магистратурасына түсу оңайырақ болды. Мотивациялық хат жазып, түйіндемемді тапсырдым және сұхбаттан өттім.

Оқудың ерекшеліктері жайында

University of Strasbourg — көне, атақты және мықты университет. Ол жерде Гете заң факультетінде оқыған. Дегенмен бүгінде университет сәл ескірген оқу бағдарламасын және толық автономия ұсынады.

PSB — заманауи және икемді оқыту әдісі, сондай-ақ тек докторлық дәрежесін алған профессорлары бар, үш мәрте аккредиттелген Жоғары бизнес мектебі.

Атмосферасы жайлы

University of Strasbourg және оның кампустағы кітапханалары тарихқа толы. Сондай-ақ студенттік өмір де өте қызықты еді.

Париж мектебінде көптеген әлеуметтік және қызықты топтық жобалар, сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін бизнес-ойындар бар.

Ал Страсбургте өмір біршама қалыпты, тіпті кейде іш пыстырарлық деуге болады. Себебі Парижде өмір қыз-қыз қайнап жатады: бәрі бір жаққа асығып, бір нәрсеге ұмтылып, жетістіктерге жетіп жатады дегендей.

Университет не үйретті

Франциядағы өмірім және оқуым маған өзімді кәсіби түрде көрсетуге мүмкіндік берді, әлеуетімді және амбициямды көрсетті. Мұнда, әсіресе Парижде, бәсекелестік өте жоғары болғандықтан, өзімді үнемі жетілдіріп отыруға деген ынтам ашылды.


Камила Бегалиева, 26 жаста, қаласы — Париж, Product Designer, @begaliyeva

Камила Б

Жоғары оқу орнын таңдауы туралы

Мен Қастеев атындағы көркемсурет мектебінде білім алдым, себебі бала кезімнен сурет салуды жақсы көретінмін. Қай елге оқуға тапсырамын деп шетелді қарастырған кезімде таңдауым Францияға түсті. Мен оқуға түскен кезде мемлекеттік мекемелерде француз тілінде білім алу тегін болды. Университетті мамандығыма қарай, сондай-ақ рейтингісі және пәндері бойынша таңдадым.

Мен University of Strasbourg университетінің Visual Art & Multimedia Design факультетінде бакалавриатта оқыдым. Содан кейін Париждегі Digital Campus мектебінің магистратура бағдарламасында оқуымды жалғастырдым. Мұнда UI / UX дизайнына басымдық беретін Digital Art Direction мамандығында білім алдым.

Оқуға қалай түскені туралы

Бакалавриат бағдарламасына түсу үшін француз тілін үйрену, мотивациялық хат жазу, В2 деңгейінде емтихан тапсыру, портфолио жинау және қажетті құжаттарды аудару қажет. Оқуға түсу және тілді үйрену барысында маған Француз альянсы көмектесті.

Магистратураға түскенде мотивациялық хат жазып, түйіндеме мен портфолио құрастырдым, сұхбаттан өтіп, қабылдау емтиханын тапсырдым. Мотивациялық хатта және сұхбатта өмірден алынған түрлі мысалдар арқылы өзіңіздің мықты жақтарыңызды және өз күшіңізге сенетініңізді көрсету өте маңызды.

Оқудың ерекшеліктері жайында

Мен магистратураны Alternance бағдарламасымен қарастырдым. Себебі оқу ақысын мемлекет төлейді, ал жалақы — жұмыс беруші тарапынан. Бұл — өз мамандығыңыз бойынша білім мен жұмыс тәжірибесін алуға тамаша мүмкіндік.

Атмосферасы жайлы

Франциядағы өмірім түрлі мәдени оқиғаларға толы. Сондай-ақ Париж көшелерімен серуендеп, қала мен сәулет сұлулығын тамашалап демалуды жақсы көремін.

Бас кезінде француз студенттерімен тіл табысуым қиын болды. Себебі Страсбург университетінде студенттік клубтар немесе университетпен байланысты іс-шаралар болған жоқ.

Университет не үйретті

Alternance бағдарламасының арқасында мен алғашқы жұмыс тәжірибесінен өтіп, білімімді іс жүзінде қолдануды үйрендім. Мен үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды, сондықтан бұл тәжірибе үшін университетке алғысым шексіз.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.