facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/097/097460779c7f14abb903824f84bc7476.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
zha-a-aza-tar-yzdar-it-salasynda-y-zh-mys-zhayly-stereotipter-zh-ne-ke-ester
logo
Жаңа қазақтар: Қыздар IT саласындағы жұмыс жайлы: стереотиптер және кеңестер
Мамандықтар

30.05.2020

Жаңа қазақтар: Қыздар IT саласындағы жұмыс жайлы: стереотиптер және кеңестер

Эльвира Кожасова, 28 жаста, қала — Атырау, IT DevOps engineer, @elie_kz


Elvira4.jpg


IT-мамандығын таңдау жайлы


Мен Атырау қаласынын компаниясында DevOps-инженер болып жұмыс істеймін. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегімін. Мехмат факультетінде Information Systems мамандығына оқыдым. Мамандығымды өзім таңдадым. Болашақта IT саласы үлкен сұранысқа ие болатынын білідім. Атана-анам, әсіресе әкем бұл таңдауымды қолдады.

Стереотиптер жайлы


Көбісі IT — тек ер адамдардың жұмысы деп ойлайды. 2013 жылы Telecommunication and Networking-пен байланысты жұмысқа тұрайын деп жатқанымда, бөлім жетекшісі оның қол астында ешқашан әйел адамдар жұмыс істемегенін айтты.

Қазір IT саласында әйел адамдар көбейді деп ойлаймын. Десе де, басшылықта инженер-ер адамның болғаны дұрыс деп ойлаймын.

Жұмысы жайлы


Elvira3.jpg

Егер жұмыс істеудің жолын білмесің, жұмыс табу қиын. Университетте бізге сұхбаттан дұрыс өту жолдарын үйретпейді. Бірақ CV-ді құруға, өзіңді дұрыс таныстыруға үйрететін түрлі курстар бар.

Басты қасиет — берілмеу. Компанияға қандай пайдаң тиетінін білу маңызды. Тағы бір маңызды қасиет — әрдайым ізденісте болу. Сұхбат барысында өзіңе сенімді болып, компанияның құндылықтарын, мақсаттарын білу керек.

DevOps-инженер болып істеп жүргеніме үш жылдан асты. System Team-нің мүшесімін. Менің міндеттерім web-шешімдерін қамтамасыз ету. Сондай-ақ Data Engineering, Data Profiling-ті оқимын. Біздің команданың 80%-ы — қыздар қауымы, компания басшысы да — әйел адам.

Elvira2.jpg


Кеңестер


IT саласындағы қыздарға үш лайфхак: берілмеу, жан-жақты болу және дағдыларды машықтандыру.



Ақмарал Боромбаева, 24 жаста, қала — Нұр-Сұлтан, backend-бағдарламалаушы, @aqmarrall


Akmaral.jpg


IT-мамандықтарды таңдау жайлы


Мен бағдарламалаушы боламын деп ешқашан ойламаппын. Бала кезімнен математикалық есептерді оғай шешетінмін, ол маған ұнайтын. Мехматта оқыдым, мамандығым бағдарламалаумен және математикамен байланысты болды.

Бағдарламалау қиын және түсінксіз дүние ретінде көрінетін. Университеттегі оқуым кезінде мен бағдарламалауды білмейтінмін.

Бірақ төртінші курста тағылымдамадан өтуге бір компанияға барғанымда олар мені Java тілінде бағдарламалауға үйретіп, бұл мамандықтың тек қана жігіттерге арналмағанын түсіндім. Тағылымдамадан кейін Junior-бағдарламалаушы қызметіне жұмысқа шақыртылдым. Ол ұсынысты қабыл алдым.

Қазір BI Innovations компаниясында backend-бағдарламалаушы болып жұмыс істеймін. Көп уақытымды жұмысқа арнаймын.

Стереотиптер жайлы


IT саласындағы қыздар қауымының саны күннен-күнге артып келеді. Бұл мені қуантады. Бұл мамандыққа байланысты стереотиптермен кездескен жоқпын. Бірақ кім болып жұмыс істейтінімді айтқан кезде, адамдардың таңқалыстарын байқаймын.

Анам әлі күнге дейін менің немен айналысатынымды түсінбейді. Бірақ маған менің ісімнің ұнайтынына қуанышты. Құрбыларым әлі күнге дейін бұл салаға келуіме таң қалады.

Жұмыс жайлы


Akmaral2.jpg

Егер тәжірибен болмаса, IT саласында жұмы стабу қиын. Бағдарламалауда тәжірибе маңызды. Сабырлық, жаңа білімге құштарлық керек. Алғашқы жұмыс орнын табу үшін, тағылымдамадан өту керек.

Қазақстандағы IT компаниялар сұхбатты әртүрлі өткізеді. Бір жерлерде өзің туралы қысқаша мәлімет берсең жеткілікті, кей орындарда техникалық сұхбат жүргізеді.

BI Innovations-та бірнеше кезеңдік cұхбаттан өттім. HR-мен сұхбат, ағылшын тілінде верабльді ақпаратты анализдеуге арналған SHL-тестілеуі, Java-тестілеуі, жобалық менеджермен сұхбат, техникалық тапсырма, кадр комитеті болды. Барлығы жеңіл өтті.

Akmaral3.jpg

Қазір BI Service жобасының backend-бағдарламалаушысымын. BI Group-тың ішкі процесстерін цифрландырумен айналысамын. Біз клиенттердің өмірін жеңілдетеміз. менің міндеттеріме жаңа функционалды бағдарламалау, процесстерді оптималдық жүйеге келтіру кіреді.

Маған мұнда қоғамға пайда әкелгісі келетін адамдардың жұмыс істегені ұнайды.

Кеңестер


Ешқашан ақымақ болып көрінуден қорықпаңыз, көмек сұраудан қорықпаңыз.

Ментор немесе жетекшіні тауып алыңыз. Ол сізге тезірек дамуға, азырақ қателесуге көмектеседі.

Қазақстанның IT саласы тар. Сондықтан таныстар тауып, олармен қарым-қатынасты түзеуге тырысыңыз.



Алина Ачилова, 24 жаста, қала — Алматы, Analyst of Business Applications, @achilova_alina


Alina3.jpg


IT-мамандығын таңдау жайлы


Мен Computer Science and Software Engineering мамандығы бойынша МУИТ-ті бітірдім. Бір семестрді Малазиядағы Universiti Teknologi MARA Shah Alam-да оқыдым. Қазір Air Astana-ның IT-департаментінде жұмыс істеймін. Оған дейін «Kaspi Банкте» ақпараттар базасында жұмыс істедім.

Мен бағдарламалаушы жолын таңдаған жақындарымды қолдаймын. Түрлі хакатондарға қатыстым. Оның бесеуінде жеңіске жеттім. Корпорациялармен бірге жобалар жасадым. Стартаптардың бірін Сингапурда Еchelon Аsia Summit-де презентациялап, Азияның үздік стартаптары қатарына кірді. Болашақта жеке жобаларымды жасағым келеді, Google сияқты компанияны құрғым келеді.

Мен үшін IT-де болу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Мен жаңа технологияларды, тілдерді зерттеймін. Жоспарларымда IT саласының контентін қазақ тілінде жасау бар.

Стереотиптер туралы


Мен МУИТ-ке түскен кезде, көбісі IT — қыздар үшін емес дейтін. Маған hard coding-ті жігіттерге қалдырып, қыздарға Oracle-ді, project management-ді, дизайнді үйренуге кеңес берген.

Топтағы бес қыздың тек біреуі ғана кодер болды.

IT-ді жынысқа және жасқа бөлуге болмайды деп санаймын. Мен ешбір стереотиптерді кездестірмедім.

Жұмыс жайлы


Alina2.jpg

IT-де жұмыс іздеу қиын емес. Әсіресе егер сіз тағылымдамадан өтіп, істің мән-жайын білсеңіз. Тәжірибе жинақтап, өз түйіндемеңізді дұрыс рәсімдесеңіз, стартаптарға қатысып, IT-әлемін түсінсеңіз сізге таласатын болады. Мысалы, LinkedIn-де акккаунт ашуға болады.

Бір рет мен landing-page жасап, өзім жайлы, өз тәжірибем жайлы жаздым. Компанияға қандай көмегім тие алатынын тізіп шықтым. Жауап ретінде сұхбатқа шақыртылдым. Сондықтан креативтілік, сараптамалық, коммуникативтілік қасиеттерге ие болу керек.

Сұхбат онша өтпеуі мүмкін, бірақ сен оффер аласың. Ал кейде керісінше. Мұны өз есебіңізге қабылдаудың қажеті жоқ. б. Мүмкін, қазіргі уақытта сіз компанияға көмектесе алмайсыз.

Менің Air Astana-ғы қызметім analyst of business application деп аталады. Бірақ жұмысым IT-сараптамамен байланысты. Мен бірнеше жүйе базасына жауап беремін: сәулет, SQL-сұранымдарды құру, жаңа деректер қоймасын әзірлеу, рейстер маршруттарын жоспарлау жүйесі. Бортта кім болуы керек, рейс үшін қанша отын қажет.

Alina4.jpg

Air Astana-да KC Recognition жүйесі бар. Біз ұпайлар жинайтын әріптестерімізге фидбэктерді қалдырамыз. Оларға жағымды сыйлықтар сатып алуға болады. Сондай-ақ, біз KCApp ішкі әлеуметтік желісін қолданамыз. Ай сайын компания өткізіледі митапы менеджерлер. Командалық рухты қолдайтын басқа да көптеген жобалар бар. Air Astana - ең үздік HR-брендтердің бірі.

Жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін. Автобустар қызметкерлерді жұмысқа дейін және кері тасымалдайды. Әрбір қызметкер және тағы екі адам әуекомпания бағыты бойынша 90% жеңілдікпен ұша алады. Interteach клиникасында медициналық сақтандыру бар. Фитнес-клубтарға, би студияларына, бассейндерге, кинотеатрға, кофеханаға жеңілдік бере аламыз.

Кеңестер


IT-да білімқұмар болу, нәрселерге басқаша қарау, қандай да бір мәселені қалай шешуге болады деп ойлауыңыз керек. Бұл мәселелер жаңа жобалар тудыруда. Мен әрқашан ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарды ұсынамын. Бұл бағыт салуға және оған баруға көмектеседі.

Әлемде қыздар үшін көптеген конкурстар бар. Оқушылар Technovation-ға қатыса алады, тәжірибелі-TechWomen, Women in Tech, Silicon Vall Internship бағдарламасына қатыса алады.

Егер мүмкіндік болса, өзіңізге менторды табыңыз. Немесе пікірлестерді табуға және бірге оқуға болады.
Өмірде алған дағдыларды үнемі пайдаланыңыз. Мен стартаптардың жаңалықтарын оқуды ұсынамын, мысалы, TechCrunch, The Information.

Егер жігіттерде жобаны жүзеге асыру мүмкін болмаса, олар алаңдамайды. Қыздар бәрін жүрекке жақын қабылдайды. Бірақ бірінші сәтсіздіктен кейін ісіңізді қалдыруға болмайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.