facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zh-rg-zush-mamandy-y-taksish-yzmet-n-at-aryp-ayyna-700-000-tg-alay-tabu-a-bolady
logo
Жүргізуші мамандығы. Таксиші қызметін атқарып, айына 700 000 тг қалай табуға болады
Мамандықтар

18.07.2019

Жүргізуші мамандығы. Таксиші қызметін атқарып, айына 700 000 тг қалай табуға болады

Дина Агибаева, туған қаласы — Алматы, «Яндекс.Такси» серіктесінің жүргізушісі

WhatsApp Image 2019-07-13 at 11.01.17.jpeg


Мамандыққа қалай келді


Біз Алматыдан 30 километр жерде тұрамыз. Қызым ауырып қалғанда, қалаға жиі баруға тура келді. Біз процедураларға келетінбіз, мен оны бес сағаттай күтіп отырдым. Күтудің орнына такси жүргізіп көруге шештім.

Бірінші рет тапқан ақшама бакты толтырып қойдым, екінші рет одан көбірек таптым, үшінші рет балама сыйлық сатып ала алдым. Ақырындып табыс таба бастадым, демалыс күндері такси қызметімен айналыса бастадым.

Ұзақ уақыт «жағалау бойынша» такси жүргіздім – жолаушыларды көшелердің бойында алып кететінмін. Кейін қызым маған InDriver қосымшасын қосып берді, ал біраз уақыт өткеннен соң, маған «Яндекс.Такси» қызметін пайдалануды ұсынды.

Қазірде мен «Яндекс.Таксимен» серіктес болып табылатын «Бизнес Партнер» таксопаркінде жұмыс істеп жатырмын.


Жүргізуші мамандығы жайында


Жүргізуші мамандығы бойынша 8 жыл бойы қызмет етемін, жалпы көлік жүргізіп жатқаныма 30 жыл болды. Бұл барлық мамандықтар сияқты маңызды мамандық.

Мен «Комфорт» дәрежесінде жұмыс істеймін және жұмысым жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Басқа мамандықтармен салыстырғанда, бұл жақсы төленетін жұмыс. Алматыда таксопарктер көп, бірақ такси қызметіне деген сұраныс әрқашан болады.

Жүргізуші – отбасын асырайтын адамдарға сай келетін мамандық. Бірақ такси қызметінде жұмыс істеуге барлығы дайын бола бермейді.

Жүргізуші – отбасын асырайтын адамдарға сай келетін мамандық


Еш қиналмай айына 15 000 теңге табуға болады. Бірақ мен адамдар жұмысқа немесе үйге қайтып жатқан кезде, жоғары сұраныс сағаттарында жұмыс істеймін, сол себепті өткен айда 713 000 теңге таптым. Бұл сомадан қызмет және таксопарктың комиссиясы алынады.

Біздің таксопаркта 13 күн бойы созылатын бәйге ұйымдастырылады. Бәрінен көбірек табыс тапсаң – 100 000 теңге көлемінде қосымша жалақы беріледі. Ұжымдағы соңғы рекорд – 13 күннің ішінде 519 100 теңге тапқан. Бұл жұмыс істеуге ынталандырады.

Жүргізуші мамандығы. Таксиші қызметін атқарып, айына 700 000 тг қалай табуға болады

Біз тәулік бойы жұмыс істемейміз. «Яндекс.Такси» қызмет көрсетуі арқылы белгіленген көлемдегі сағат ішінде тапсырыстар алуға болады – кейін бағдарлама жабылады және сені демалуға жібереді.


Мамандық қалай ықпал етті


Мамандық мені, өмір салтымды түбегейлі өзгертті. Әрине, мен қарапайым анаға ұқсамаймын, түнгі аусымдарға жиі шығамын. Бірақ мен ата-анаммен тұрамын және олар үйдегі жайлылықтың қамын ойлап жүреді.


Мамандықтағы қағидалар жайында


Жүргізуші қызметі шыдамдылықты, ұмтылысты және ниетті қажет етеді. Бұл қасиеттерсіз жұмыс істеу қиын.

Мен жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамын. Негізгі қағидалардың бірі – сыпайылық. Егер жолаушы әрі қарай жеткізуді сұраса, мен оның қарапайым өтінішін орындаймын.

Негізгі қағидалардың бірі – сыпайылық


Жолаушылар да сыпайы болғанда көңілге жағады. Адамдар әртүрлі болады және кейбір кезде адамдарға жақсы әдептің ережелерін еске салуға тура келеді. Бірақ мен адамдармен көп жұмыс істедім, сол себепті кез-келген адамнмен тіл табыса аламын.


Мамандық не сыйлады


Жұмыс – бұл менің табысым. Мен барлығына қол жеткізе аламын және осы салада ұзақ уақыт жұмыс істеуді жоспарлаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.