facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ne-sebept-astanada-y-memlekett-k-yzmetkerler-bizneske-ket-p-shy-armashyly-pen-aynalysyp-zhatyr
logo
Не себепті Астанадағы мемлекеттік қызметкерлер бизнеске кетіп, шығармашылықпен айналысып жатыр
Мамандықтар

05.12.2018

Не себепті Астанадағы мемлекеттік қызметкерлер бизнеске кетіп, шығармашылықпен айналысып жатыр

Индира Садвакасова, 34 жаста, туған жері — Астана, Tesoro Notes-пен таңғы ас жүргізушісі


Мемлекеттік қызметтегі жұмыс туралы
Көп уақыт бойы транспорт саласында, ҚТЖ НК АҚ еншілес компанияларында жұмыс істедім. Декретке дейін Атамекен ҚР ҰКП экономикалық бірігу сұрақтарымен айналыстым. Менің жұмыс тәжірибем көптеген қасиеттер мен білімдерді иемденуге септігін тигізді: жауапкершілік, жинақылық, келісімдер мен мерзімдерді сақтау, ақпараттарды іздеу және сәйкестендіру.

IMG-20181122-WA0017.jpg

Қазір декреттік демалыстамын және толық жұмыс күніне шыға алмаймын, алайда бойымда жаңа нәрсемен айналысуды қалайтын күшті сезінемін. Өз-өзімді жүзеге асыруда еркін жұмыс кестесін іздестіруге отбасым мен даму ниетім ынталандырды.

Қызмет түрін ауыстыру туралы
Астанада Tesoro Notes-пен таңғы ас жүргіземін — бұл түрлі коучинг, журналистика, бизнес секілді қызмет салаларында табысты жұмыс істеген әртүрлі авторлардың жазған өзіндік зерттеу жұмыс кітабы. Бұл ресейлік «Скребейко» баспасының бірегей жобасы.

Бұрыннан бері «Скребейко» жобаларына қызығушылық танытып келемін. Күздің басында Tesoro Notes комплектін сатып алып, баспаның бас редакторына серіктестік сұрағы бойынша жазуға бел будым. Қараша айының басында «Жанды хаттар» түрткісімен балаларға арналған ең бірінші квест өткіздім. 24 қараша күні Қазақстандағы ең бірінші Tesoro Notes таңғы асы өтеді, онда біз қатысушылармен жазбаша тәжірибемен айналысамыз.

Қазір айналысып жатқан ісім жанымның қалауы. Жазбаша тәжірибе — өзіңді дамытудың ең мықты құралы. Менің ойымша, әрбір адамның жаны қалайтын шынайылықты жасау мүмкіндігі бар. Сондықтан менің барлық жобаларым жеке даму мен өсімге негізделген. Өзім осы жолды өтіп, қоршаған адамдармен жинақталған білімім мен тәжірибеммен бөліскім келеді.

Біржолата Астананы мемлекеттік қызметкерлер қаласы деп атауға болмайды. Түрлі мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компанияларда жұмыс істеп жатқан көптеген табысты және адал қызметкерлерді білемін. Олар өз орындарын тапты және мемлекеттік аппаратта осындай адамдар қызмет етіп жатқандығына шын жүрегіммен қуаныштымын. Сондай-ақ, айналамда өздерін түрлі салаларда байқап көріп, фрилансер жұмысына, жеке істерін ашуға тоқталған достарым мен таныстарым бар.

Астана — мүмкіндіктер қаласы. Мұнда барлығына орын бар.



Илья Байгабулов, 28 жаста, туған жері — Қостанай, Derby балалар футболының негізін салушыларының бірі


Мемлекеттік қызметтегі жұмыс туралы
Мәскеуде шекара одағының комиссиясында жұмыс істей бастадым. Кейін 2012 жылы Еуразия экономикалық комиссиясындағы ақпараттық технологиялар Департаментінде бас маман болып жұмыс істедім. Жеті жыл жұмыс істеп, көші-қон саясаты Департаментінің кеңесшісі болдым. 2017 жылы Қазақстанға оралдым, енді жеке жобаммен айналысамын.

IMG-20181123-WA0006.jpg

Жұмыс барысында БҰҰ деңгейіндегі келіссөздерге қатыстым. Жаңа орында маған осы икемдерім көмектесті. Еуразия экономикалық комиссия құрамында түрлі мемлекеттер болды, барлығымыз бірге жұмыс істедік. Осының арқасында түрлі адамдармен араласу тәжірибем пайда болды.

Бизнес үшін мемлекеттік қызметтің жұмысын білу маңызды. Бұл білімдер бизнес жүргізуде көмектеседі.

Қызмет түрін ауыстыру туралы
Футболды жақсы көремін және онымен түрімен айналыстым. Жұмыс кезінде саяхаттап, Испаниядағы балалар академиясының жұмысын көрдім. Сол кезде Қазақстанда да дәл осындай академия ашуды шештім. Мақсатым айқындалып, қызмет түрін ауыстыруды шештім. Жай ғана кетіп, бизнеспен айналысу емес, іштей шабыттанып, бұл істің балалар үшін жасалатынын түсіндім. Жұбайым мені қолдады, Мәскеуде барлығын тастап, осы жерге көшіп келдік.

Біздің жеке Derby балалар футбол академиямыз бар. Қазақстанның бес қаласында жұмыс жасаймыз және 3-12 жас аралығындағы балалармен жаттығамыз. Бас жаттықтырушымыздың біліктілігі жоғары, мәдениет және спорт Министрлігімен расталған. Бүкіл Қазақстан бойынша академияда футболмен айналысатын балалардың саны 700-ге жуық. Мен үшін бұл өмірлік ісім.

Жұмыс бағытын 180 градусқа өзгерттім және мұның мағынасы бар екенін түсінемін.

Астана — мемлекеттік қызметкерлер қаласы, алайда елорданың өмір сүру жылдары ішінде белгілі жасампаз адамдар қалыптасты. Біреулер мемлекеттік қызмет саласынан келді, басқалары мақсатты түрде еліміздің басқа аймақтарынан көшіп келді. Кәсіпкерлер мәдениеті белсенді қалыптасып жатыр.



Асет Рахатов, 29 жаста, туған жері — Жезқазған, диджей


Мемлекеттік қызметтегі жұмыс туралы
Астана қаласы бойынша әділет Департаментінде жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінде бір жыл жұмыс істедім. Содан кейін «Зерде» холдингінің Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамында төрт жыл қызмет еттім. Мемлекеттік органдарға қызмет көрсеттік. Бір мезетте диджеингпен айналыстым.
Бір кезде шығармашылыққа кетуді шештім. Диджеинг бейресми қызмет түрі болып саналады.

WED_5331 копия (1).JPG

Қаржылық кедергіге қарағанда психологиялық кедергіге төтеп беру қиынға соқты.

Өткен жұмыстарда жауапкершілік, тәртіп, ұйымдастыру секілді қасиеттерге ие болдым. Диджеинг — жас адамдарға арналған мамандық. Менде заң бойынша білімім, құжаттама мен келіссөздерді жүргізу икемдерім болды. Бұл ірі жобаларда өте үлкен көмек көрсетеді.

Қызмет түрін ауыстыру туралы
Бала кезімнен бимен айналыстым және жастайымнан сахнаға деген тәуелділігім болды. Бұл қызығушылығымды диджеингке айналдырдым. 11 жыл бойы диджей болып жұмыс істеп келемін.
Бұған өте байыпты қараймын, бұл хобби емес, кәсібім. Ол кеңселік жұмысқа қарағанда көбірек ләззат әкеледі. Қаржылай пайда көрмей, жан рақатына бөленесің. Барлығы тікелей өзіңе, салған күшіңе, қаншалықты жұмысқа берілетіңдігіңе байланысты. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін балалар кеңседе кешкі 10-11 дейін отырады, жеке өмірлері болмайды. Менің ісімде басқарушылық пен бағынушылық жоқ, басшы да, орындаушы да өзім.

Астанада қарапайым орында жұмыс істеп, шығармашылыққа уақыт бөлетін адамдарды жиі кездестіремін. Олардың істері сәтті жүзеге асуда.



Назым Исаева, 42 жаста, туған жері — Семей, Астана, founder & CEO IMB company, @imb.kz


Мемлекеттік қызметтегі жұмыс туралы
Мен денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру ұйымында қызмет еттім. Қызмет түрін ауыстырдым, өйткені мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтау үшін екі-үш жыл жеткілікті. Осы уақыт ішінде сіз мемлекеттік органдардың жұмысын түсініп, мемлекет деңгейінде бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді үйренесіз. Қазақстанның басқа аймақтарында және шетелде жаңа таныстарыңыз пайда болады.
Осыдан кейін Ұлттық медициналық холдингте жұмыс істедім. Содан соң Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында даму жөніндегі директор, басқарма мүшесі болып қызмет еттім. Медицинаға инновациялық технологияларды енгізумен айналыстық. Кейін «Медикер» компаниясында медициналық директор болып істедім. Соңғы жұмыс орным — UDP Медициналық технологиялар орталығының вице-президенті.

IMG-20181122-WA0011.jpg

Қазақстанда көптеген қоғамдық жобалармен айналысамын. Қазіргі уақытта еріктілермен бірге үйсіз жануарларды адамгершілікпен реттеу бағдарламасын іске асырудамыз. Жетекші медициналық орталықтардың дамуына қатысып, көптеген ережелердің пайда болуына, өз істерінің нағыз мамандарымен таныса алғаныма қуаныштымын.

Мемлекеттік қызметтегі тәжірибем маған өмірде көмектесті. Алған білімдерімді қолданып, әрістестеріммен араласып тұрамын. Менің ойымша, бюджеттің құрылуын, қаржының реттелуін түсіну үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп көру қажет.

Қызмет түрін ауыстыру туралы
Бүгінгі күнде Intellect Medical Business компаниясын аштым. Медициналық және фармацевтикалық компанияларға толықтай қызмет көрсетеміз. Бұл консалтинг қызметтері, маркетинг пен менеджмент саласындағы оқыту, жеке меншік және мемлекеттік медициналық ұйымдар үшін қызмет көрсету. Біздің компания кіретін медициналық туризмді дамытумен айналысады және науқастарды шетелге емделуге жібереді. Бұл жұмыс шығармашылық жағынан өзімді дамытуға мүмкіндік береді, өйткені мен тәуелсіз болдым.

Менің басты мақсатым —аймақтардың, мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың дамуына көмек көрсету. Бұл менің өмірлік ісім. Мен "Болашақ" бағдарламасының түлектерінен, шетелдік университеттің түлектерінен тұратын топ құрдым. Сондай-ақ, клиникалардың ішкі бизнес үрдістерін жүргізуге көмектесеміз.



Серік Беркамалов, 41 жаста, туған жері — Қарағанды, VETO Заң орталығының директоры


Мемлекеттік қызметтегі жұмыс туралы
Үш жылға жуық салық комитетінде заңгер болып істедім. Жұмыс уақыты ішінде қалалық салық комитетінің заң бөлімінің басшысы лауазымына дейін жеттім. Бір уақытта менің тәжірибем жеке іс ашуға жеткілікті екенін және біреуге жұмыс істеуді тоқтатуға болатынын түсіндім. Отбасы құрдым, ал мемлекеттік қызметкердің жалақысы жеткіліксіз болды. Жалақысы жоғары жеке меншік компанияда мамандығым бойынша жұмыс іздеуге тура келді.

dd5dec2438581847e5d5d40d31f2839d.jpg

Мемлекеттік қызметте басшылыққа сөссіз бағынуды үйретеді, жұмыста төрешілдік пен құжаттық жұмыстар көп. Мемлекеттік қызметтің артықшылығы ретінде алған білімдерім мен таныстарды атап айтуға болады.

Қызмет түрін ауыстыру туралы
Жеке меншік заң фирмасының иесімін, төрт жыл шамасында әріптестеріммен бизнес жүргізіп келемін. Университетке түсер кезде мамандығымды мақсатты түрде таңдадым. Сол кезден бастап бұл менің кәсібіме айналды.

Заңгерлік қызметтер көрсетіп, адамдарға пайда әкеліп қана қоймай, сүйікті ісім арқылы табысқа ие боламын.
Өзіме деген сұраныс бар екенін түсініп, қанағаттанамын.

Күн сайын біздің қызметке көңілдері толған клиенттерден жақсы эмоция аламын. Пайдалы іс жасап жатқанымызды түсінемін — құқықтық қорғауға мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.