facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
men-eldzheymen-b-rge-zh-mys-steym-n-alaysha-aza-standy-tar-eldzheyge-klip-t-s-r-p-komiks-salatyndary-turaly
logo
«Мен Элджеймен бірге жұмыс істеймін». Қалайша қазақстандықтар Элджейге клип түсіріп, комикс салатындары туралы
Мамандықтар

18.11.2018

«Мен Элджеймен бірге жұмыс істеймін». Қалайша қазақстандықтар Элджейге клип түсіріп, комикс салатындары туралы

Мадиар Сатыбалдиев, 33 жаста, туған жері — Алматы, қоюшы-оператор, motor production, QARA шығармашылық бірлестігі


WhatsApp Image 2018-11-13 at 11.21.03.jpeg


Жоба туралы

Қазақстандағы QARA шығармашылық бірлестігінің құрамындамын. Бірлестіктің идеялық шабыттандырушысы - қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов. Мен қоюшы-оператормын. Алматыда өз продакшыным және шығармашылық тобым бар.
QARA бірлестігінің құрамына продюсерлер, режиссерлер және екі қоюшы-оператор кіреді. Клиптердің визуалды құрамдас бөліктеріне жауап береміз.
Элджей үшін үш музыкалық бейнебаян түсірдік. Ең алғашқы бірлесіп жасаған жобамыз «360°» өлеңінің бейнебаяны, ол толығымен Алматыда түсірілді. Бұл менің режиссер Максом Шишкинмен жасаған екінші жобам болды. «Пицца» тобының «Это хорошо» әнінің түсірілімі кезінде таныстық, сол кезде арамызда шығармашылық үйлесім пайда болды.

Жұмыс атмосферасы және коммуникация туралы

Элджей тобымен қарым-қатынасымыз жақсы. Сондықтан жұмыста тыныш және жылы атмосфера орнайды. Түсірілім алаңында барлығы керемет өтеді. Шығармашылық ұжым жергілікті жігіттерден тұратындықтан, біз әріптес емес, доспыз. Бізді шығармашылық көзқарастарымыз біріктіреді.
Әртіске бастапқы кезде бейнебаян концепциясын жібереді, ал ол онда пікірлер жазады. Кейін мұның барлығы нақты сценарий мен раскадровкаға айналады. Түсірілім алаңында Элджей толығымен режиссерге сенім артады. Барлық негізгі мәселелер дайындық уақытында талқыланады. Сол себепті түсірілім кезінде сұрақтар туындамайды. Элджей өз ісінің нағыз шебері. Егер түсірілім алдында оған тапсырма берілсе, ол түсірілім алаңына келіп, алдын-ала дайындалған күрделі элементтерді орындауға әрқашан дайын.

WhatsApp Image 2018-11-13 at 11.22.49.jpeg


Түсірілім үрдісі туралы

Қоюшы-оператордың тобы бейнебаянның визуалды құрамдас бөлігіне жауап береді. Ол бейнебаянның сыртқы көрінісі, яғни, жарықтандыру, түсірілім үрдісі, камера қозғалысы, жарық, композиция. Барлығымыз режиссермен, әртіспен тығыз байланыстамыз. Бейнебаян түсірілімі кезінде режиссер бейнебаян сырт көзге фильмге ұқсас болуы немесе белгілі атмосфера орнату секілді тапсырмалар береді. Тобымызбен бұны қалай жасауға болатыны туралы ойлаймыз.
Түсірілім үрдісіне басынан бастап қатысамыз. Алтын үшбұрыш бар — қоюшы-оператор, қоюшы-режиссер, қоюшы-суретші. Егер осы үйлесім жақсы жұмыс жасаса, біз сапалы өнім шығарамыз. Алаңдағы түсірілім шарттары экстремалды болғандығына қарамастан маған жұмыс істеу ыңғайлы болды. Мәселен, шаң басқан орындар, қараусыз қалған ғимараттар.
Кез келген шығармашыл адамға секілді әрбір жоба мен үшін тәжірибе. Бұл қызықты әдістер қолданылған видео тізбек болуы мүмкін. Менің жұмыстарымда кейде контраст болады — кадрдағы ішкі сезімдер мен іс әрекеттер сәйкес болмауы мүмкін, алайда ойдың өзі әрқашан қызықты. Ақыр соңында барлығымыз нәтижені асыға күтеміз, өйткені түсірілім үрдісі өзімізге де қызықты болды.

Дмитрий Демидов, 25 жаста, туған жері — Астана, digital artist


photo5426914981108099376.jpg

Жоба туралы

Комикс бойынша Элджей тобымен жұмыс істеп, жолым болды. Жобаның атауы 360 prequel және аттас «360°» бейнебаянының тарихын баяндайды. Сонымен қатар, бұл әлем бойынша Sayonara Universe комикстерінің сынамалы шығарылымы. Жұмысты маған Элджейдің соңғы бейнебаяндарының режиссері Макс Шишкин ұсынды. Комикстерде тәжірибем болған жоқ, бірақ байқап көргім келді, сол себепті келістім.
Жобада негізгі және жалғыз суретші ретінде шықтым. Барлық жұмыс маған байланысты болды: раскадровка бойынша скетчтардан бастап, бояу стилистика, мұқабаны жасауға дейін. Леттеринг, диалог, комикстің баспасына «Параллель Комикс» басылымының балалары жауапты болды.
Жұмыс істеу үрдісінде қиындықтар мен сұрақтарға тап болдым, себебі мұндай жобаларда тәжірибем болған жоқ. Ең басты қиындық көлем болды. Бір стилистикаға, оқиғаға, сеттингке жататын осыншама көп материалды ешқашан салып көрмеппін. Стилистиканы бүкіл шығарылым кезінде сақтап тұру қажет еді.


Жұмыс атмосферасы мен байланыс туралы


photo5426914981108099379.jpg

Коммуникацияға қатысты жұмыс үрдісінде қиындықтар туындаған жоқ. Элджейжің өзі жұмысқа қатысты. Ол арқылы барлық дизайндарды, раскадровкаларды, мәтіндік парақшаларды және басқа да мәселелерді белгілеп отырды. Ол Макс арқылы жұмысқа қажетті барлық суреттер мен референстерді жіберіп отырды. Мәселен, барлық ракурстардан алынған бас суреті мен эмоциялар суреті. Оның немқұрайлы қарамайтыны байқалды.
Топтағы басқа да балалар барлығын жылдам жіберетін. Комиксті жасау мен бекіту үрдісі оңай және жағымды өтетін. Элджей мен Макс стилистика, дизайн және түстік палитраны таңдауда бізге толығымен еркіндік береді.
Бұл жаңа қызығушылық тауып, жұмысқа деген ынтамды оятқан керемет тәжірибе болды. Барлық тобымыз осындай жұмыс арқылы үлкен тәжірибеге ие болдық. Келешекте барлық ұсақ-түйектерді ескеріп, бұдан да артық жасауға тырысамыз.


Айзат Сарсембаев, 27 жаста, туған жері — Қостанай, костюм бойынша стильші және суретші


42105237_272410246940388_4141417854169126015_n.jpg

Жоба туралы

Элджеймен ең бірінші тәжірибем One Love бейнебаянынан басталды. Бейнебаянды тамыз айының соңында түсірдік. Костюм бойынша шақырылған стильші немесе суретші ретінде жұмыс жасадым. Мені QARA шығармашылық бірлестігіндегі достарым шақырды. Қазіргі кезде екінші бейнебаян монтаждалуда.
Өзімді стильші деп атауды жөн санаймын. Медиада жұмыс бэкграундым көп, кейде өзімді костюм бойынша суретші деп айтуға қиналамын. Менің түсінігім бойынша, бұл еңбекті көп қажет ететін үлкен жұмыс. Бейнебаяндарымызда күрделі жұмыс жасасақ та, көңіл көтереміз. Музыкалық бейнебаяндағы басты және эпизодтағы кейіпкердерді киіндірдім. Менде Miyagi & Эндшпиль, L`One, T-Fest секілді әртістермен жұмыс тәжірибем бар.
Бізде кейіпкердің қалай көріну қажеттігіне байналысты мудбордтар мен тритмендер бар. Мұның барлығы продюсермен және режиссермен бекітіледі. Кадр үшін look таңдалған уақытта шешуші сөз режиссерге тиесілі болады. Бекіткеннен кейін әртіс сол киімді киіп көреді және егер барлығы керемет болса, онда киімдер кадрға кетеді.


Жұмыс атмосферасы мен коммуникация туралы

Элджеймен бірігіп жұмыс жасаған күшті. Ол маған ашық әрі мейірімді адам болып көрінді. Мен үшін ол қысқа уақыт ішінде 30 жуық концерт өткізіп, айына бір бейнебаяннан шығаратын өте еңбекқор адам. Бұл адамның көп жұмыс істейтіндігінің және танымалдылығының көрсеткіші. Элджей туралы басты аңыз — адамдар оны үнемі линза киіп жүреді деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл олай емес.
Оның жұмыс тобы жақсы — өте көңілді және үйірімпаз балалар, олармен ешқашан ішің пыспайды. Олар өз атақтарына лайық әртістер. Бұл кипербанкқа ынталандырылған ең бірінші бейнебаян болды, мен үшін бұл қызықты тәжірибе. Онда бұрын бейнебаяндарда көрмеген жасанды қан болды. Сұмдық көрінеді, барлығы рас болуы мүмкін екенін елестетесің. Бейнебаянды үш күн ішінде түсірді — бұл белгілі тәртіп сақтауға көмектеседі. Егер қала сыртындағы павильонда түсірсек, онда кетіп, қосымша бірдеңе сатып алуға мүмкінлік болмайды.
Қазір өз істерінің нағыз шеберлері болып келетін, көп жұмыс істейтін жас балалар көп. Олар жан-жақты дамыған — өлең жазып, би билейді, бейнебаянға режиссер болады. Көбісі бұл адамдармен байланыс жоқ деп ойлайды. Шын мәнінде, олар өркөкірек емес, түсірілім алаңында қиындықтар мен келіспеушіліктер болмайды. Олардың барлығы керемет және жақсы балалар, олармен танысып, араласып жатқаныма қуаныштымын.


Илья Карчин, 22 жаста, туған жері — Алматы, режиссер, фотосуретші


000065.JPG


Жоба туралы

Элджеймен «360» бейнебаянының түсірілімі кезінде таныстым, оның режиссері менің досым Максим Шишкин. Алаңдағы адамдардың жұмыстарын бақылап, жұмыс тобымен араласып, backstage фотосуреттер түсіріп, үзіліс уақытындағы Лехаға барып, белігілі мақсатпен емес, өзім үшін портрет түсіретінмін. Кейін бірнеше суретті маған ұнайтын техникамен өңдедім: қиып, коллаж жасап, акрил мен аэрозольды баллондармен салынған фотоэлементтерді қостым. Нәтижесінде сурет те емес, фото да емес, фактуралық кескін шығады. Балаларға нәтиженің ұнағаны соншалықты олар осы арттарды өз мерчтеріне қолдануды шешті. Қазір дүкендерде мен жасаған суреттер бейнеленген жейделерді сатып алуға болады.
Екінші рет Элджеймен жақында жұмыс істеп көрдім. Жақында оның жаңа бейнебаяны шығады, оның режиссерлері Макс және мен. Осы жолы екеулеп жұмыс істеуді шештік.


Жұмыс атмосферасы мен коммуникация туралы

Мұндай ауқымды бейнебаянның түсірілімін бұрын көргенмін, алайда өзім бірінші рет қатыстым, оған қоса режиссер ретінде. Үрдістен үлкен тәжірибе мен рахат алдым.
Элджейдің өзі режиссерлер мен оның идеяларына сенім артады және эксперимент жасауға қорықпайды. Элджей мен оның жұмыс тобы қарапайым және сыпайы балалар болғандығына қарамастан, контентке деген көзқарас өте байыпты. Барлығы мінсіздікке дейін жеткізіледі, өйткені аудитория үлкен, өнім адамдарды қуанту керек. Бұл әдісті түсірілім мен пост-продакшн кезінде сезіндім. ТМД елдерінен осылайша салыстырмалы жылдамдықпен дамып, жанкүйерлерді қуантатын әртістерді есіме түсіре алмаймын.
Концерттердің барлығы ауқымды, тұрақты түрде өлеңдер мен қымбат бейнебаяндар, сапалы мерчтер шығып тұрады. Макс мұны жасауға өте белсенді қатысады, лейбл үшін жеке кейіпкерлері мен сюжеті бар әлем құрастырады.

ART1.jpg

Біздің түсірілім топ — бөлек әңгіме. Бұл адамдармен ештеңеден қорықпайсың, әрқайсысы нағыз дос және өз ісінің шебері. Қысылмай өршіл және батыл идеяларды ойлап таба аласың, мұндай адамдармен кез келген ойды іске асыруға болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.