facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-biznes-ash-an-t-rkiyaly-3-biznesmenn-o-i-alary
logo
Астанада бизнес ашқан Түркиялық 3 бизнесменнің оқиғалары
Мамандықтар

18.09.2018

Астанада бизнес ашқан Түркиялық 3 бизнесменнің оқиғалары

Осман Яралы, 37 жаста, туған жері — Стамбул, Istanbul mobilya түрік жиһаз компания иелерінің бірі


Жұмыс туралы

Asiya&Osman-23.jpg

Менің жұмыс қызметім 12 жасымда басталды, бала кезімнен мектептен кейін көрші цеxқа жүгіріп, шебер көмекшісі болып жұмыс істедім. Алғашқы екі жыл мені өндіріске жақындатқан жоқ, шай әкеліп, цеxты жинастырып отырдым. Осы екі жылдан кейін аға шебер жұмыстың бір бөлігін маған тапсыра бастады. 4 төрт жылдын кейін маған диван әзірлеуге сенім артты, 16-17 жасыма қарай бас шебер атандым. Жиһаз ісіне көп жылдарымды арнадым.

Жұмыс өтілімім 25 жыл.

Астанаға көшу туралы

untitled-29.jpg

Астанаға алғаш рет 2010 жылдың маусым айында келдім. Қазақстан жас әрі келешегі бар қала деп естідім, бірақ осында қалып, жұмыс істеу жайлы ой болған емес. Алайда Астанада болашақ жарымды кездестірдім, ол менің алдағы өмірімді белгілеп берді. Ол университетте оқығандықтан, маған Түркияға көше алмады. Ол кезде менің жеке жұмсақ жиһаз дайындау цеxым болды, оны жауып, киімдерімді жинап, жаңа өмір мен маxаббат жолына аттануға тура келді.

Барлығы қалай басталғаны туралы

Алғашқы кезде Астанада мамандығым бойынша жұмыс іздей бастадым, бірақ нәтижесіз болды. Өйткені Астанада ондай компаниялар болған жоқ. Жұбайым Асия екеуміз немен айналысатынымыз жайлы ойландық. Қоғамдық тамақтанудан бастап, бөлшек саудаға дейін түрлі идеялар пайда бола бастады. Қазақстан нарығын зерттеп, эксклюзивті сапалы және жұмсақ жиһаз дайындайтын компания жетіспейтінін анықтадық. Оған қоса сүйікті ісіңмен айналысудан артық нәрсе жоқ.

Барлығын басынан бастадық. Кішкене жинаған ақшам болды, несие алдық, бірінші жабдықтарды сатып алып, жұмысты бастадық. Бастапқы кезде қиын болды — тілдік кедергі, таныс емес нарық және жұмсақ жиһазға арналған материалдар мен шикізаттардың болмауы. Барлық өндіріс мәселелеріне мен жауап беремін, Асия тапсырыс іздеуге, келісім базасына, ғаламторда компанияның дамуына жауап берді.

Біздің жетістігіміздің кепілі — жұмсақ жиһаздың сапасы мен жұмыстың белгіленген уақытында орындалуы. Әрине, түрік жиһазы итальяндық жиһаз секілді бүкіл әлемде аса бағалы.

Жиһаз әзірлеудің үздіктері — Түркия мен Италия, ешбір мемлекет олардың орнын баса алмайды.

Жиһаз цеxы туралы

IMG_2783.JPG

Біздің цеxымыздың ерекшелігі — жұмсақ жиһазды қолдан, тапсырыс берушілердің эскиздері бойынша әзірлейміз, олардың армандары мен шығармашылықтарын шындыққа айналдырамыз. Қазақстандық сатып алушы түрік жиһазын әдемілік, сапа және ыңғайлылық үшін жақсы көреді. Біздің компания есебінде тек Астана емес, барлық Қазақстан бойынша белгілі мейрамxаналардың, фитнес-клубтардың, дәмxаналардың, мемлекеттік мекемелердің, ауруxаналардың, жеке үйлердің, резиденциялардың ірі жобалары бар. Қазақстандықтарды бақытты етіп, біздің жиһазды көргенде сүйсінетіндеріне міне жеті жыл болды.



Фахри Гючлю, 60 жаста, туған жері — Разград, Болгария және Стамбул, Түркия, «Есіл-строй» бизнес-әріптесі


Жұмыс туралы

photo5255935326646544722.jpg

Менің бизнесім — білімімнің жалғасы, мен инженер-электрикпін. Құрылыс істерімен айналысып келе жатқаныма 35 жыл болды, менің жұмысым электрлік, меxаникалық және инженерлік құрылымдармен байланысты.

Астанаға көшу туралы

Қазақстанмен алғаш танысуым 1991 жылы болды, американдық әріптестерімізбен Жезқазғанда зауыт салдық. Содан кейін 2005 жылға дейін қысқа мерзімге Қазақстанға көп келіп тұрдым. Ал 2005 жылдан бастап маңызды нысандарды салуға қатысып отырдық.

Қазақстанда қалдым, өйткені ол дамушы мемлекет. Мен құрылысшымын, Қазақстан жаңа салынып жатқандықтан, өзімді дәл осында дамыта алуға болатынын түсіндім. Жергілікті динамика ұнады, мұнда бизнесті дамыту оңай. Сондай-ақ, жергілікті фирмалар дамып, тәжірибе жинап келеді. Тәжірибе алмасып, жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізіп отырмыз. Егер сапа мен сан жағынан саралайтын болсақ, онда қазір Қазақстан саннан сапаға өтіп жатқан кезеңде. Кәдімгі адамдарға бұл қаншалықты көрінетінін білмеймін, бірақ біздің көзқарасымыз бойынша дәл солай.

Менің ұлтымды ескере отырып, тағы бір маңызды фактор бар, ол біздің мәдениетіміз мен менталитетіміздің ұқсастығы. Жұмыс істеп кету оңай, сұрақтар тез шешіледі.

Жолбалар туралы

Біздің фирманың алғашқы жобалары — балалар ауруханасы, нейрохирургия орталығы, кейін «Сарыарқа» сауда орталығы. Бұдан кейін Қазақстан символдарының бірі — «Хан Шатыр» сауда орталығын салдық. Біздің жобалардың есебінде Медиа орталық, Бірінші Президент Кітапханасы, халықаралық премиялармен белгіленген әмбебап сәулет нысаны«Нұрлы жол» тас-жол сапаржайы бар. Әрине, денсаулық сақтау, спорт және ЭКСПО саласында да көптеген басқа да нысандар бар.

Жоспарлар мен тәжірибе алмасу туралы

Әлемдік статистика бойынша американдық құрылыс компаниялары бірінші орында, ал екінші орынды қытайлық және түркиялық компаниялар өзара бөлісуде. Құрылысқа жай мамандық ретінде қарауға болмайды, құрылыс — бұл мәдениет. Оны жылдар бойы емес, тек ұрпақ бойы салуға болады. Өйткені тәжірибенің орны өте маңызды. Жалғастырушылық жайлы көп айтамыз және жалғастырушылық туралы түсініңтің өзі біздің жергілікті әріптестерімізде де басталды.

Бизнесімізді түрлі бағытта дамытуға тырысамыз. Дайын, күрделі технологиялық шешімдерді, Түркияның өтілімін Қазақстанға өткізгіміз келеді. Әлемдік тенденция — жаңартылатын электрлық қуат, ал Қазақстан үшін ең жақсысы — жел қуаты. Мен, электрик ретінде, күн қуатына өту Қазақстанға әлі ерте деп ойлаймын, әлемдік тәжірибені күту керек. Коммуналды қызметтер, электрлық қуат пен қалалық жарықтандыруда пайдалы идеяларды дамыту керек.



Сертач Найман, 40 жаста, туған жері — Чорум, Түркия, Bronzdesign шоурумының директоры


Өзі туралы

13жыл бойы Қазақстанда тұрып келемін, менің тегіммен мұнда өмір сүру қызықты әрі көңілді, барлығы назарын аударып, таңғалады. Бастапқыда түрік ірі компанияларының шақырылған қызметкері ретінде келдім, Алматыда, Астанада және басқа да қалаларда бірнеше жыл бойы сәулетші болып жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде үйленіп, керемет ұлдың әкесі атанып үлгердім. Қазақстанда жеке бизнесім болғанына міне бес жыл.

image12.jpeg

Қазақстанға кездейсоқ келдім. Жас әрі белсенді болып, бастығымның «Қазақстанға барасың ба?» деген сұрағына ойланбай «Барамын, ал ол қайда орналасқан?» деп жауап бердім. Отаныма оралу немесе Қазақстанда қалу туралы шешім қабылдау қажет болғанда, Қазақстанда қалуды шештім, өйткені менталит, өмір ритміне үйрендім, менің отбасыма мұнда ыңғайлы, өз бизнесімді ашуды шештім.

Барлығы қалай басталды

Алғашында серіктестерімізбен қасбеттік жұмыстармен, оларды жылыту мен гидрооқшаулаумен айналыстық, бірақ кейін барлығымыз бөлек кеттік. Қазір қасбет менің айналысатын жұмыстарымның бірі, бірақ жылдың басында менің қазіргі ісім — Brondesign компаниясы пайда болды. Бірнеше жыл бұрын сүйеніш, кесте және металдан жасалған басқа да декор элементтерін жасау бойынша Rixos Khadisha Shymkent серіктес болдық.

Түрік бұйымдары туралы

Түркияда классика, неоклассика, осман стилінің заманауи түрінде үй ішін бейнелеу сәнге айналған, ал қола, жез және кейбір басқа да металдардан жасалған жиһаздар мен декор элементтері оны керемет толықтырады.

image5.jpeg

Бұл өнімді Астана нарығына шығаруды шешкен кезде бірден шоурум ашуды шештім. Өйткені жергілікті менталитет ерекшеліктерін білдім және сатып алушыға өніммен танысу, оны ұстап көру маңызды екенін түсіндім. Бұйымды жанды түрде ұстап көру клиентте айтарлықтай сенім туғызады.

Түрік бұйымдарының артықшылықтары — тиімді баға мен металл мен орындаудың жоғары сапа үйлесімділігі. Сапа жағынан олар Еуропа өндірушілерінің өнімдерімен бәсекелесе алады.

Шоурум туралы

Brondesign щоурумының ресми ашылуы жақында, осы жылдың мамыр айында өтті. Бірақ қазірдің өзінде біздің алғашқы тапсырыс берушілеріміз бар: біреуі аяқталған, қалғандары әзірлеу үстінде. Әзірше олардың барлығы Астанада, бірақ келешекте басқа да ірі қалаларда, яғни Алматы, Шымкент нарықтарына шығуды жоспарлап отырмыз. Мүмкін, болашақта біздің өнімді ТМД елдеріне де таныстырамыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.