facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
8-11-nauryz-k-nder-aza-standy-tar-demala-alatyn-9-oryn
logo
8 — 11 наурыз күндері қазақстандықтар демала алатын 9 орын
viewsymbol 3540
Қайда барған тиімді

06.03.2018

8 — 11 наурыз күндері қазақстандықтар демала алатын 9 орын

Park resort «Восемь озер»


Курорт аумағында термальды SPA бар. Оның ішіне ашық аспан астында орналасқан, температурасы +42 градусқа дейін жететін, таза ауа мен қылқан жапырақты ағаштармен қоршалған термальды бассейн, температурасы +30 градус болатын гидромассажды бассейн және үш түрлі: орыс, фин және түрік саунасы бар.

Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— Екі адамға арналған стандарт — 25 000 тг/тәулік

Бағасына кіреді:

— Термалды SPA-ға бір рет кіру

— Таңғы ас

— Бассейн мен сауна

Екі адамға арналған стандартты нөмірде баламен орналасу 25 000 тг + 5000 тг/тәулік

Бағасына кіреді:

— Термалды SPA-ға бір рет кіру, балаға қосымша төлем алынады

— Таңғы ас

— Бассейн мен сауна

Қосымша қызметтер:

— Атпен серуендеу — 1000 теңге (1 айналым)

— Атта жүруді үйрету — 4500 теңге (45 мин)

— Экипировка жалға алу — 500 теңге

Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Каменное Плато елді-мекені

Байланыс нөмірлері: 8 7273 300 990


«Березняки» шипажайы


Шипажай Қарағандыдан 50 Астанадан 170 шақырым жерде орналасқан. Шипажай ауданы 11 гектарды құрайды. Жанында балық аулаушыларға тамаша демалыс өткізуге мүмкіндік беретін Нұра өзені бар.

Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— Бір адамның тәулікке орналасуы: 8500 теңге — «Стандарт», 9000 теңге — жартылай люкс, 10 000 теңге — «Люкс»

— 3 жастан 14 жасқа дейінгі баланың тәулікке орналасуы — 4000 теңге

Бағасына кіреді:

— 3 аусымды тамақтану

— Бассейн

— Тұз шахтасы — тәулігіне бір рет

— Ойын-сауықтыру орталығы: караоке, бильярд, балалар бөлмесі, Xbox — 1 сағат

Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Қызылқайын ауылы

Байланыс нөмірлері: 8 777 540 30 00, 8 7212 996 111


«Лесная сказка» таулы шипажай-отелі


Шипажай Алматыдан қырық минуттық жердегі Ой-Қарағай үңгірінде орналасқан.

Шипажай аумағының барлық жерінде жаяу жүру жолдары салынған.. Шаңғымен, сноубордпен және басқа да қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін барлық нәрсе бар.

Сонымен қатар, экстремалды спортшыларға 560 метрлік ұзындықта 80 метр биіктікте көлбеу кернеулі кабельде арнайы роликте жылдам түсіретін ерекше аттракцион — супер-троллей бар.

Шипажайда атпен серуендеу мүмкіндігі де бар.

Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— Коттеджде стандарттық орналасу — 50 000 тг/тәулік

Бағасына кіреді: таңғы ас және кішігірім бар

— Ағаш үйде стандартты орналасу — 40 000 тг/тәулік

— Ағаш үйде люкс орнласу — 50 000 т/тәулік

Бағасына кіреді: таңғы ас

— Қонақ үй нөмірінде стандартты орналасу — 50 000 тг/тәулік

Бағасына кіреді: таңғы ас және кішігірім бар

Қосымша қызметтер:

Конькиді жалға алу + мұз айдыны — 1500 теңге, кешкі уақытта — 1200 теңге

Шаңғы жолы: күндізгі абонемент — 5000 теңге

3 сағаттық абонемент — 3300 теңге

Кешкі уақытта — 3000 теңге

Мекен-жайы: Талғар ауданы, Бескайнар ауылы, Ой-Қарағай үңгірі

Байланыс нөмірлері: 8 7273 120 008


Rixos Borovoe Hotel


Rixos Borovoe отелі Ұлттық саябақтың қарағайлары мен қайыңдарының арасында орналасқан. Отельде терезесінен таңғажайып табиғат көрінісі бар 200 нөмір бар.

Қонақ үйдің мейрамханаларында түрік, осман және итальян тағамдарының дәмін көруге болады.

Орналасу күні: 9 наурыз

Бағасы:

— терезесі өзенге қарайтын бірбөлмелі нөмерде екі адамды орналастыру — 99 000 тг/тәулік (9 наурыз), келесі күндері — 69 000 тг/тәулік

— терезесі орманға қарайтын бірбөлмелі нөмерде екі адамды орналастыру — 95 000 тг/тәулік (9 наурыз), келесі күндері — 66 000 тг/тәулік

Бағасына кіреді:

— толық пансион — халықаралық буфет — таңғы ас, түскі ас және кешкі ас

— сауна және бассейн

— тренажер залы

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Щучинск қаласы

Байланыс нөмірлері: 8 7163 620 100


«Окси» шипажайы


Шипажай жанында күнделікті серуендеуге арналған үлкен саябақ бар. Таза ауа мен құрғақ ауа-райы жүйке жүйесіне жақсы әсер тигізеді.

Шипажай тікелей емдік су көзіне байланысқан.

Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— «Стандарт» — 38 800 тг/тәулік

— «Жартылай люкс» — 39 800 тг/тәулік

Бағасына кіреді:

— 4 аусымды тамақтану

— Емдік шаралар

— Бассейн, тренажер залы, сауна

— Бильярд

Мекен-жайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Коктерек ауылы

Байланыс нөмірлері: 8 701 777 79 81


Aray Deluxe Thermal Resort


Емделуге арнлаған люкс санатындағы кешен.

Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— «Стандарт» екі орынды нөмірінде орналасу — 54 000 тг/тәулік

Бағасына кіреді:

— Хамам, фин саунасы

— 5 аусымды тамақтану

— Емдік шаралар

— Бассейн, фитнес орталық

— Бильярд

— Кинозал

Мекен-жайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Коктерек ауылы

Байланыс нөмірлері: 8 771 026 01 00


Green Park Burabay


Green Park қонақ үйі таңғажайып табиғаты бар Сарыбұлақ жерінде орналасқан. Қонақ үй үш қабаттан тұрады.

Қонақтарға арналған тегін Wi Fi, тұрақ, бассейн, сауна, европалық және азиаттық тағамдары бар мейрамхана бар.

Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— Екіорынды Deluxe нөмірінде орналасу — 25 000 тг/тәулік

Бағасына кіреді:

— Таңғы ас, түскі ас

— Караоке

— Үстел теннисі

Қосымша қызметтер:

— Бассейн, сауна

— Шаңғы

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Сарыбұлақ ауылы

Байланыс нөмірлері: 8 778 001 04 87


«Тау Туран» шаңғы демалыс орны


«Тау Туран» білім беру-сауықтыру кешені базасында жұмыс істейді. Тау шаңғысы курорты аумағында үш шаңғы трассасы, жеке шаңғы мектебі, шаңғы трассасы, шаңғы жарақтарын жалға алу мүмкіндігі бар.

Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— Екі адамға арналған коттедже орналасу — 20 000 тг/тәулік

Қосымша қызметтер:

Тау-шаңғы жолы:

— Күндізгі абонемент: үлкендерге — 4500 тг, балаларға — 3000 тг

— Жарты күндік абонемент: улкендерге — 3000 тг, балаларға — 2000 тг

— «таңғы ас, түскі ас, кешкң ас» кешені — 5000 тг

Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Бель-Бұлақ уңгірі

Байланыс нөмірлері: 8 7279 836 690


«Маржан Су» шипажайы


Орналасу күні: 8 наурыз

Бағасы:

— Жартылай люкс нөмірінде бір адамдық орналасу — 10 000 тг/күн

Бағасына кіреді:

— 4 аусымды тамақтану

— Емдік шаралары

Мекен-жайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Коктерек ауылы

Байланыс нөмірлері: 8 778 893 84 85

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.