facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
saniya-irsalieva-26-zhyl-boyy-biznespen-alay-aynalysu-a-bolatyny-zhayynda
logo
Сания Ирсалиева 26 жыл бойы бизнеспен қалай айналысуға болатыны жайында
Мамандықтар

16.12.2018

Сания Ирсалиева 26 жыл бойы бизнеспен қалай айналысуға болатыны жайында

Сания Ирсалиева, туған жері — Алматы, «Центр Элит» полиграфиясының иесі, Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі

WhatsApp Image 2018-12-06 at 13.07.17.jpeg

Бәрі қалай басталды


Университетті аяқтағаннан кейін мен мемлекеттік кәсіпорында жұмыс істедім. Берілген жоспарлардың аясында мен одан да көп істей алатынымды сездім. Мен жоспарларды үш есе артығымен орындай алдым. Бір жағынан жұмыс келісімді түрде төленетін және мен айлығымды екі еселеп алатыным жақсы болды. Алайда белсенділігіміз үшін шектеулер қойылып, екі айлықтан көп төлемейтін. Сол себепті мен өзімнің жоспардан артық жұмысымның нәтижелерімен нормаларын 100 %-ға орындай алмаған басқа әріптестеріммен бөлісетінмін.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік алуы, сауда-саттық қарым-қатынастың пайда болуы менің мүмкіндіктеріме жақсы ықпал етті. 1992 жылы мен өз ісіммен айналысуды шештім. Бизнесімнің әртүрлері болды: шетел тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру, репетиторлық қызмет көрсету, баспа жұмыстарын рәсімдеу, үлкен дүкен де болды.

1992 жылы мен өз ісіммен айналысуды шештім

Барлық жобалар сәтті болды. Бизнес қаншалықты дамығанмен, соншалықты бір айрықша, әдемі нәрселерді жасап шығаруды қалайтынмын. Осылай полиграфия ашу туралы идея келді. Бүгін бізге туған-туысқандарын ерекше түрде құттықтағысы келетін адамдар, кітап басып шығарғысы келетін, бірегей жарнамалық бүктемеге ие болғысы келетін адамдар келеді. Біздің шығармашылығымыз, креативтілігіміз, кәсібилігіміз ерекше шешімдерді жүзеге асыруға септігін тигізеді. Клиенттеріміз дайын өнімді алып, әдемілігіне риза болып жатуы – жұмысымызға берілген ең жоғары баға.

«Центр Элит» полиграфиямызға 16 жыл, компанияның барлық қызметкерлері үлкен тәжірибеге ие. Бізде өндіріс процесі реттелген, ұжымымыз бірлескен кәсіпқой мамандардан тұрады. Полиграфияда біз үлкен жетістіктерге жеттік. Менде одан да көп істей аламын деген сезім қайтадан пайда болды. Жаңа нәрсемен айналысқым келді.

35147446_558921244501889_2833510781255942144_n.jpg

Бірде кешкі ас үстінде полиграфияны дамытуға көмектесіп жүрген қыздарым Қазақстанда Tchibo неміс брендін алға жылжыту туралы идеяларымен бөлісті. Мен олардың бастамаларын қолдадым. Осылайша жаңа жобаны басқа салада іске асыру шешімі келді.

Қысқа мерзім – жарты жыл ішінде біз Mega Silk Way-де дүкенімізді аштық. Бізге ешкім көмектескен жоқ, біз бәрін үшеуміз жасап шығардық. Әрбіреуіміздің міндеттеріміз әр түрлі және де біз бір-бірімізді жақсы толықтырамыз.


Әртүрлі салада бизнесті жүргізудің артықшылықтары мен қиындықтары жайында


Қиындықтар, әрине, болды. Біз үшін беймәлім істің көптеген өзгешеліктерін танып білуге тура келді. Жаңа жобаны жүзеге асыру барысында бізге маркетингті, логистиканы, дизайнды тәжірибе жүзінде қолдануға, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жаңа қырларын, HR-менеджмент пен тағы басқаларды танып білуге тура келді. Біз кофелік жабдықтау, кофенің сапасы, оның дайындалуы мен сақталуы бойынша білікті мамандарға айналдық.

Біз үшін беймәлім істің көптеген өзгешеліктерін танып білуге тура келді

Осындай процестер дағдыларымыз бен құзыреттілігіміздің қорына жинақталады. Біздің неміс серіктестері мен Mega Silk Way әкімшілігінің нақты және сансыз тәртіптері жинақы болуға, міндеттердің түрлі қырларын жете уғынуға, олардың автоматты түрде орындалуына ынталандырады. Одан бөлек, елордада әлемдік брендті алға жылжыту бізге үлкен жауапкершілікті артады, әрі полиграфиядағы шығармашылық пен креативтілігімізден алыс кетпей, одан кем болмауымызға түрткі болады.

хз.jpg

Бизнесті әртараптандыру – бұл да алға жылжу мен жетістіктің үлгісі. Екінші және одан кейінгі бизнестерді дамыту оңайға соғады, себебі оған негіз бар, алдын-ала көру және келіссөздер жүргізу қабілеті бар.

Екінші және одан кейінгі бизнестерді дамыту оңайға соғады, себебі оған негіз бар, алдын-ала көру және келіссөздер жүргізу қабілеті бар


Жаңа бизнес үлкен инвестицияларды қажет етеді. Егер өзіңнің инвестициялық қорың болып, несиелер мен қарыздар қажет болмаса, онда сен жаңа бастамаларда өзіңді сенімдірек сезінесің.

Бірақ бұл бастысы емес. Әр саладағы жобалар бизнесті ғана дамытпайды. Біз өзіміз де дамып жетілеміз. Қазірде біздің жарты жыл уақыттан бұрынғы біліміміз бен іскерлігіміз одан сайын артып келеді.

Tchibo Астанада дамығаннан кейін, бізге жаңа идеялар мен жобалар келетініне сенімдімін.


Қандай нәрселерге назар аудару қажет


Жұмыс процестерін бақылаудың стандартты шешімдер жинағы бар. Бұл тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттың есебін автоматтандыру, бейнебақылау, KPI-ді енгізу, шешімдерді қабылдау, олардың орындалуын қадағалау және тағы басқалары. Тәжірибе барлық бизнес-процестерді ұйымдастыруға жетекшілердің өзіндік қатысуы бақылаудың ең тиімді әдісі екенін көрсетеді. Жұмыс процестерін бүге-шегесіне дейін білген кезде, олардың нәтижелі бақылауын ұйымдастыру уақыт еншісінде болады. Жаңа бизнестің қалыптасу кезеңінде оны бүге-шегесіне дейін танып білу бақылау процесін жүйелеумен қатарлас келеді.

Оған қоса, ұйымдастыру процесіне полиграфия ұжымымыздың атсалысуы маңызды.

576

21 ғасыр адамының роботтар мен жасанды интеллекттен ерекшелендіретін басты құзыреттілігінің бірі – эмпатия, эмоциялық интеллектісі. Ол 80 %-ға қарым-қатынастағы жетістігін айқындайды, олай болса, адамдармен қарым-қатынасқа негізделген бизнестегі жетістігі де соған байланысты. Сол себепті қандай жобаны бастайтынымыз маңызды емес. Маңыздысы – енжар болмау, айналаңдағы адамдарға қамқорлық көрсете білу, оларға қуат пен өмірге деген құштарлық сезімін сыйлай білу.

Бастысы – бизнесті, өз ісіңді, қызметкерлерің мен клиенттеріңді жақсы көру. Бұл – жетістігімнің сыры. Мен өмірлік ісімді таптым, өз жұмысымды жақсы көремін, ол жайында ойлаймын, онымен өмір сүремін, әрбір қызметкер мен клиентімді бағалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.