Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sanitarly-aviaciyany-mobil-d-brigada-d-r-ger-yzmet-zhayynda
Санитарлық авиацияның мобильді бригада дәрігері қызметі жайында
1782

26.01.2019

Санитарлық авиацияның мобильді бригада дәрігері қызметі жайында

Шакура Оспанова, 55 жаста, туған қаласы — Астана, санитарлық авияацияның мобильді бригада дәрігері

20190116-DSC_1957.jpg


Мамандыққа қалай келді


1990 жылы мен Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетін бітірдім және қалалық аурухананың жедел жәрдем негізінде тағылымдамадан өте бастадым.

Дәрігерлер жедел жәрдемде жұмыс істеген кезде, олар шынығады, күрделі жағдайларда әрекет етуге үйренеді. Мен тағыламдамадан өтіп, барлығын үйренген соң, тар шеңберлі мамандық бойынша жұмыс істеймін деп ойладым. Бірақ жедел жәрдем өзіне баурап алады. Мен өз орнымды тапқанымды түсіндім. Сол себепті 25 жыл бойы осы салада жұмыс істедім.

Астанаға көшіп келгесін, менің алдымда жедел жәрдем және санитарлық авияация арасында таңдау тұрды. Мен екінші бағытты таңдауды жөн көрдім. Себебі бұл 2012 жылы пайда болған жаңа сала. Санавияцияда өзіндік ерекшеліктер бар, бұл жауапкершілігі одан да жоғары болып табылатын сала. Сонымен қатар ол жедел жәрдемнің түрі болып табылады.


Санитарлық авиация жайында


Санитарлық авиация шұғыл көмек көрсетумен, аймақтағы және шалғайдағы жерлердегі пациенттерді тасымалдаумен айналысады, жедел жәрдем қызметінің координациясын өткізеді.

20190116-DSC_1938.jpg

Біз кезекшілікке келеміз және кез-келген уақытта шақыру түсуі мүмкі. Сол себепті біз әрдайым ұшып шығуға дайындыбыз – аппаратураны, дәрі-дәрмектерді тексереміз. Шақыруға екі адамнан – дәрігер және фельдшер болып шығамыз.

Біз аймақтарға ұшып, кеңес беру көмегін көрсете аламыз, донорлық мүшелерді жеткізе аламыз және пациентті облыс орталығынан республикалық орталыққа тасымалдай аламыз. Әдетте бұл аймақта жабдықтардың немесе мамандардың болмауының себебінен, толықтай көмек ала алмайтын пациенттер болып табылады. Сол жерге келгеннен кейін, біз пациенттің тасымалдауға қаншалықты жарайтынын бағалаймыз. Барлығы жақсы болса, қысымды, тамыр соғуын бақылайтын жабдығымызды қосамыз. Жол бойы пациенттің жағдайын мониторлар арқылы бақылаймыз және қажет болған жағдайда жәрдем көрсетеміз.

Тікұшақпен біз ең алыстағы аймақтарға жете аламыз

Медициналық жәрдем барлық адамдар үшін қолжетімді болуы қажет. Және біз сол қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Тікұшақпен біз ең алыстағы аймақтарға жете аламыз.


Мамандық қалай ықпал етті


Маған менің жұмысым ұнайды. Әрдайым жедел, оперативті шешімдерді қабылдау керек. Мінезім бойынша мен мобильдімін, шапшаңмын.

20190116-DSC_1950.jpg

Сонымен қатар жұмыс менің әрекеттеріме сенімділік береді. Пациентті аман сақтап қалу мәселесі туғанда, бір мезетте шешім қабылдайтын кездер болады. Әуе кемесінде біреуге хабарласып, кеңес сұрайтын байланыс жоқ. Шешімді өзіңе қабылдауға тура келеді, бұндай жұмыс тәртіпке үйретеді. Адамның алдағы қалпы жедел жәрдемді қалай көрсеткінімізге байланысты.

Тағы бір маңызды қасиет – сабырлылық. Кемеде үрей болмау тиіс, себебі ол жұмысқа кедергі келтереді.

Шұғыл жәрдемнің дәрігері барлығын білуі қажет. Біз гинекологиялық жәрдем де, хирургиялық жәрдем де көрсете аламыз – жалпы айтқанда, кең саладағы дәрігерлер болып табыламыз.

Шұғыл жәрдемнің дәрігері барлығын білуі қажет

Жұмыстан басқа жерлердің өзінде де біз адамға көмек көрсете аламыз. Біз әрқашан жұмыстамыз.


Мамандықтағы қағидалар


Кәсіби қағидалар – жоғары кәсібилік, адамгершілік, шешімдерді тез қабылдау, сабырлылықты сақтау.

Пациенттер әртүрлі болады. Үрейді дәрі егусіз-ақ тоқтатуға болады – көрпені дұрыстап, қолынан сипап дегендей.

Пациент өзінің ең құнды нәрсесін – денсаулығын сеніп тапсырады. Сен адамдарға көмек көрсетесің, ал пациент саған өзінің шыдамдылығымен, сенімі мен үмітімен көмектеседі. Пациент пен дәрігердің арасында сенім болған кезде, барлығы оны сезеді.

20190116-DSC_1952.jpg


Мамандық не сыйлады


Біз үнемі оқу үстінде боламыз, тренингтерге, сабақтарға қатысамыз.

Бұл жұмыс әрдайым болады және мен оны жақсы көремін. Тұрақты табыс табумен қатар ол маған жағдайды бақылау сезімін сыйлайды. Мен үйде де бір мәселеге оңай жинақтала аламын.

Пациенттер сауығып кеткен кезде, сен олардың алғыстарын сезінесің. Және бұл әрі қарай жұмыс істеуге шабыт береді.


Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.