facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
internet-d-kenn-direktory-bolu-zhayynda-zh-ne-biznest-onlayn-zh-yege-auysuyny-sebepter
logo
Интернет-дүкеннің директоры болу жайында және бизнестің онлайн жүйеге ауысуының себептері
Мамандықтар

12.03.2019

Интернет-дүкеннің директоры болу жайында және бизнестің онлайн жүйеге ауысуының себептері

Мөлдір Рысалиева, 30 жаста, туған қаласы — Алматы, Lamoda.kz интернет-дүкенінің директоры, @lamoda_kz

IMG_9040.JPG


Мамандықты таңдау жайында


Мен білімім бойынша журналистпін, бірақ мені әрқашан жетекшілік бағыты қызықтырды. Мен PR-менеджерлермен көп араластым, сол себепті өзіміді осы салада байқап көруді шештім. 2013 жылы мен Lamoda.kz интернет-дүкеніне PR-менеджер қызметіне келдім. Мен сандармен жұмыс істеуді ұнатқан жоқпын, бірақ көрсеткіштерді талдауға үйренуге тура келді. Мен кәсіби дағдыларға ие болып, өзімнің жеке қасиеттерімді дамыттым. Белсенді болдым, өзімді жеке жаупапкершілік зонасымен шектеген жоқпын. Қолдау көрсету қызметімен, операциялық бөліммен тығыз байланыста болдым. Қателіктерді көріп, олардың компанияның имиджіне ықпал етіп жатқанын көрдім. Ал бұл мен үшін процесті ұғынып, мәселені ұжыммен шешетін кедесуді ұйымдастыру керек екенін білдіретін.

Кейін мен PR-бөлімінің, одан кейін маркетинг бөлімінің жетекшісі болдым. Менің қарауымда одан да көп сандар мен деректер пайда болды. Мен компанияның шығыны мен түсімі көрсетілетін қаржы үлгісін ұғына бастадым. Мені атқарушы директор қызметіне тағайындаған кезде, көптеген есептерден хабардар едім. Жаңа деректер болса да, мен оларды оңай түсініп, қадағалай алдым. Қазірде мен жеке қасиеттерімнің жиынтығы мен жұмысқа деген қатынасымның арқасында компанияның бас директоры болып отырмын.


Дағдылар жайында


Қазіргі кезде егер сенің білімің жеткіліксіз болса, сен бұл саланың тереңіне бойлап, мәселені өздігінен зерттей бастайсың. Егер адам жаңа ақпаратты қабылдауға бейім болса, онда кез-келген мамандық пен кез-келген қызметте жетістікке жетеді. Мен шағын команданың жетекшісі болдым, сол себепті менде қосымша үйренудің қажеті болған жоқ. Бас директор қызметіндегі бір жыл уақыт ішінде мен жұмыс процесі аясында командамен өзара әрекеттестік кезінде жаңа нәрселерге үйрендім.

Интернет-дүкенді басқаратын адам өнімнің сұрыпталымын жақсы білуі тиіс. Клиенттердің сатып алуына не ықпал ететінін білуі қажет. Қаржылық көрсеткіштерді қалай қадағалау керек екенін түсінуі тиіс. Сонда компанияны табысқа жеткізуге болады.

Менің жұмысымда аналитикалық қабілеттер маңызды орын алады. Онлайн-салада жұмыс істеген кезде, клиенттің әрбір сатып алған нәрсесі мен әрекетін цифрлап, санауға болады. Егер сен дұрыс сұрақ қойсаң, берілген деректермен дұрыс байланыс орнатсаң, қажетті нәтижені аласың.

Интернет-дүкеннің бас директоры барлық процестің егжей-тегжейіне дейін ұғынуы тиіс. Онлайн-салада икемділік пен жылдам жауап қайтару қабілеттері маңызды. Барлығы бір секундта өзгере алады, себебі бұл шынайы уақыт тәртібінде болып отырады. Біздің компаниямызда Қазақстанның нарығында таралған вертикалды иерархия жоқ. Бізде кез-келген қызметкер басшыға келіп, идеясын ұсына алады, жобаны талқылай алады.

Интернет-дүкенді басқаратын адам өнімнің сұрыпталымын жақсы білуі тиіс


Міндеттер жайында


Мен операциялық мәселелер бойынша, жаңа жобаларды енгізу мәселелері бойынша шешімдер қабылдаймын. Lamoda компаниясындағы жұмыс біздің деңгейді әрқашан көтеріп, процестерді жақсартуға бағытталған. Күн сайын мен көрсеткіштерді жақсарту үшін қандай жобаларды енгізе алатыным жайында ойлаймын. Клиенттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ойланамын, себебі бұл кез-келген сауда саласындағы маңызды мәселе. Уақытымның басым бөлігі командамен жұмыс жасауға кетеді. Бұл біз әрбір бөлімнің жаңалықтарын талқылайтын апта сайынғы жиналыстар және жеке кездесулер болуы мүмкін.

Мен Қазақстан бойынша жалпы мәселені бақылаймын, жеке қалаларда өтетін процестерге көңіл бөлемін. Осылайша мәселені талдап, негізі қай жерден шығып жатқанын түсіну жеңілірек болады. Деректер жалпы көрініске жиналады.


Қиындықтар жайында


Жұмысымның аясында мен әлі күнге дейін шешілмейтін жобаларға тап болған жоқпын, бұл мықты команданың арқасы. Мен басқа елдердің кеңселеріндегі әріптестеріме хабарласып, олардың тәжиірибесі жайында біліп, бұның қазақстандықтар үшін қаншалықты тиімді болатыны жайында біле аламын.

Директордың маркетинг саласында білімі болмаса, жұмысында қиындықтар туындауы мүмкін. Ал бұл кез-келген интернет-дүкенінің бір бөлігі. Онлайн маркетингті оңтайландыру мақсатымен клиенттің назарын аудару үшін берілетін бағаны қалай төмендетуге болатынын қадағалау керек. Бұл тек ақылды жоспарлау мен жетекшінің көзқарасының арқасында жүзеге асады.

Өз бизнесіңмен интернетке кірген кезде, алдымен технологиялар мен онлайн жұмысының процестерінен хабардар болу керек. Офлайнда табысқа жеткен, бірақ интернет-дүкенді қалай дамыту керек екенін мүлдем білмейтін компаниялар көп. Олардың әрбіреуі интернет-дүкенін ашуға талпынады және бұл оңай деп ойлайды. Бұл сауда орталықтарында тұрған ритейлерлерге де қатысы болуы мүмкін. Танымал брендтің тапсырыстары өспей қалуы мүмкін, себебі клиенттің офлайнда және онлайндағы әрекеттері әртүрлі. Сол себепті интернет-дүкенді ашудың алдында, бұл категорядағы адамдармен жұмыс істеудің мәселелерін зерттеп алу қажет.

Офлайнда табысқа жеткен, бірақ интернет-дүкенді қалай дамыту керек екенін мүлдем білмейтін компаниялар көп

IMG_9039.JPG


Интернет-дүкен жұмысының өзгешелігі


Офлайнда импульсивті сатып алу тенденциясы, яғни адамның қажет емес нәрсені сатып алуы таралған. Сатып алулар жылдам іске асады. Онлайн-дүкенде клиенттің тауардың толықтай қарау, сайтан шығып, назарын басқа жерге аудару мүмкіндігі бар. Сатып алуды ойластыру уақыты болады. Сол себепті клиенттің соңынан жетіп, өзің жайлы еске салудың амалын білу керек. Тапсырысыңызды қаншалықты жылдам жеткізсеңіз, соншалықты сатып алу ытималдығы артады.

Қазақстан бойынша смартфон қолданушылардың саны сияқты интернеттің пенетрациясы жоғары деп саналады. Бірақ интернетте сатып алу кедергінің жоғары деңгейі де бар. Егер адам онлайн жүйесі бойынша ұялы байланысын төлеп немесе тамаққа тапсырыс бере алса, қолданушы фэшн-ритейлге сенім білдірмейді.

Әлем бойынша интернет-дүкеннің ерекшелігі адамның тауарға тапсырыс беріп, бірден төлемін өткізе алатынында. Осымен оның сайтпен жұмысы аяқталады. Біздің компаниямыз сатып алудың алдында тауарды киіп көру тәжірибесін енгізді. Біз Қазақстандағы адамдардың тауарды өз көзімен көрмей, сатып ала алмайтынын ескердік. Біздің клиенттерімізде тауарды таңдап, оны киіп көргеннен кейін төлем жасау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар адамдардың бірден төлем жасай алмайтынын түсіну қажет, сол себепті Lamoda компаниясында біз тапсырысты қолға алған кезде картамен немесе қолма-қол төлем жасауды енггіздік.

Бас директор адамдарды өзімен салыстырған кезде, үлкен қателік жасауы мүмкін. Сізге ыңғайлы нәрселер басқалар үшін тиімді бола бермейді. Қазіргі кезде үлкен қалаларда барлығы картамен және қолма-қол ақшасыз төлем жасаса да, тапсырыстарымыздың 20 % ғана картамен төленеді. Осындай процестерді, адамдар әрекеттерінің өзгерісін қадағалау керек.


Жоспарлар мен келешек жайында


Мен әрі қарай дамуды жоспарлаймын, біраз уақыттан кейін өзімді кәсіпкер ретінде көремін. Әрі қарай компанияда дамып, жетілуді, өз білімімді енгізуді қалаймын. Мен кәсіби және бизнес әдебиеттерді көп оқимын. Мен компаниялардың жетістікері мен сәтсіздіктерін көремін және бұл мені жаңа идеялар мен шешімдерге ынталандырады.

Lamoda компаниясының бөгде сатушылар үшін маркетплейсті белсенді дамыту жоспары бар. Олар біздің интернет-дүкеніміз арқылы өздерінің бірегей тауарларын көрсетіп, сата алады. Біз клиенттер ыңғайлылығы үшін жеткізу қызметін жақсартамыз.

Интернет-дүкенмен және электронды коммерциямен байланысты кез-келген позициялар келешекте үлкен сұранысқа ие болады

Интернет-дүкенмен және электронды коммерциямен байланысты кез-келген позициялар келешекте үлкен сұранысқа ие болады. Біз көп бизнес-жобалардың онлайн түрінде дамуға қалайтынын көріп отырмыз. Барлығы адамдардың онлайн жүйесімен сатып алуға дайын екенін түсініп отыр. Интернет-дүкендер үшін өғдеушілер, талдаушылар, логистика мамандары, digital-маркетологтар қажет болады. Бұл сала дамып жатыр және өзінің шыңына дейін әлі жеткен жоқ.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.