facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
b-lek-b-lme-k-l-k-medicinaly-sa-tandyru-shetelde-bala-k-tush-bolyp-zh-mys-steu-alay
logo
БӨЛЕК БӨЛМЕ, КӨЛІК, МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ШЕТЕЛДЕ БАЛА КҮТУШІ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАЛАЙ
Мамандықтар

11.05.2018

БӨЛЕК БӨЛМЕ, КӨЛІК, МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ШЕТЕЛДЕ БАЛА КҮТУШІ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАЛАЙ

Елизавета Прусакова, 20 жаста, туған жері — Алматы

Тұрып жатқан мемлекеті: Дабек, Айова штаты, АҚШ



Көшу мен жұмысқа орналасу туралы



1.jpg

АҚШ-та 10 қаңтардан бері тұрамын. Өткен жылдың сәуір айына дейін Au Pair бағдарламасы туралы ештеңе білген жоқпын, маған ол туралы кездейсоқ айтты және ол идея маған ұнады.

Себебі балалармен жұмыс істеу жақсы, ол балаларды жақсы көретін әрбір адамның қолынан келеді. Бұл жаңа нәрсені көру мен тілді үйренудің керемет мүмкіндігі. Au Pair-дің қатысушысы болу үшін ағылшын тілін жетік білу міндетті емес, оны түсіну жеткілікті.

Менің ойымша, өзіңе отбасы табу қиын, демеушілер арқылы істеу оғай болады. Алдымен мен бұны бір қазақ компаниясы арқылы жасауға әрекет еттім, бірақ олар маған көмектескен жоқ. Іздеуді өзім бастаймын деп шешіп, түрлі демеушілік компанияларға жаздым, маған Киевтағы Great Au Pair ұйымы жауап берді. Қараша айында маған ресімдеумен көмектесті, желтоқсанда отбасы тапты, ал қаңтар айында АҚШ-қа ұшып кеттім. Рұқсатпен ешқандай қиындықтар болған жоқ, ұйым маған үлкен көмек көрсетті.



Жұмыс шарттары туралы



Балалармен қолайлы, олармен уақыт өткізгенді жақсы көргендіктен Au Pair-ға қатысуды шештім. Осында, яғни АҚШ-та бұл өте атақты бағдарлама, отбасылар оның қатысушыларына сыйластықпен қарайды. Негізі, Au Pair француз тілінен аударғанда «бірдей» деген мағына береді, мен бұл жерде отбасы мүшесі ретінде саналамын. Менде өз бөлмем, отбасым берген көлігім бар. Менің жұмыс тәртібім аптасына 45 сағат, яғни күніне 9 сағаттан. Демалыс күндері боспын, қалаған нәрсемен айналыса аламын.

Менің отбасым алты адамнан тұрады: төрт бала мен екі ересек адам. Менің қамқорлығымда екі кішкентай бала: бес жастағы ұл бала мен үш жастағы қыз бала. Жұмыс күнім таңғы жетіде басталады. Тұрамын, таңғы ас дайындаймын, балаларды оятып, оларды дайындық мектебіне жіберемін, кейін кешкі алтыға дейін уақытты бірге өткіземіз. Саябаққа, мұражайға бала аламыз, жалпылағанда, іс-әрекеттің толықтай бостандығы. Барлық отбасыға тамақ дайындаудыңміндеті жоқ, тек балалар үшін дайындаймын. Отбасы көп нәрсені талап етпейді, сыйластықпен қарайды, мен жай ғана өзімді үлкен әпке ретінде сезінемін.

Бұл үлкен жауапкершілік, себебі сен бөтен балаларға жауаптысың. Жағдайлар әртүрлі, қиындықтар да болады, бірақ мен тұрып жатқан отбасы әрдайым маған көмектесіп, туындаған мәселелерді шешеді.



Қиындықтар мен артықшылықтар туралы



Мүмкін, ең басты қиыншылық — бұл жерде әлі орысша сөйлейтін адамдарды тапқан жоқпын. Бірақ көрші қалада кездесіп, сөйлесіп тұратын басқа да бала күтушілер бар. Егер сұрақтар мен қиындықтар туындаса, біз кездесіп, бір-бірімізге көмектесеміз. Оған қоса американдықтардың өздері өте мейірімді және көмектесуге әрқашан дайын. Қатты сағынамын деп айта алмаймын, себебі бұл жерде маған ыңғайлы.

Бағдарлама екі жылды қамтиды, сондықтан осында қалғым келеді, маған осы жер ұнайды. Бұдан кейін үйге оралуды жоспарлап жатырмын, Қазақстан мен Алматыны жақсы көремін.

Мен үшін бұл бағдарлама өзімді сынаудың, жаңа нәрсені білудің, тәуелсіз болудың мүмкіндігі. Менің тәжірибем бойынша тәуекелге бару — бұл керемет, беріп жатқан мүкіндіктерді пайдалана білу керек.


Айгерім Сатыбалдина, 25 жаста, туған жері — Көкшетау

Тұрып жатқан мемлекеті: Париж, Франция



Көшу мен жұмысқа орналасу туралы



3.jpg

Францияға 2015 жылы көшіп келдім, себебі бұл жерде менің жігітім тұрып, жұмыс істеді. Au Pair бағдарламасы туралы келдім, бұл жаңа мемлекетті көрудің, тілді үйренудің жақсы мүмкіндігі, яғни тіл мен мәдениеттің алмасуы.

Өкінішке қарай, Қазақстанда бұл бағдарлама танымал емес, ешкім ол туралы айтпайды, ешкім өз білімдері мен тәжірибесімен алмаспайды. Жұмысқа орналасу үшін ғаламтор арқылы француз агенттігімен хабарласып, үш сұхбаттасудан өттім — алдымен агенттікпен, кейін отбасымен.



Жұмыс шарттары туралы



Менің міндетіме балаларды мектептен алып кету, ата-аналары жұмыстан келгенше олармен уақыт өткізу кіреді. Керек болса, кешкі ас дайындаймын, ол үшін нағыз аспазшы болудың қажеті жоқ. Мен жұмыс істеген балалар орыс тілін үйренгілері келді, сондықтан олармен қосымша дайындалатынмын. Бөлек бөлмеде тұратынмын, бұдан басқа тамақтануым мен жолымды төлейтін.

Егер шетелге барып, бала күтуші болып жұмыс істеймін деп жоспарласаңыз, бұл таңертеңнен кешке дейін құл секілді жұмыс істейсіз деген сөз емес. Заң бойынша тек 30 сағат жұмыс істей аласыз. 20 сағаттан жұмыс істеп, жақсы табыс табатын отбасылар да бар. Әлі күнге дейін жұмыс істеген отбасыммен сөйлесіп тұрамын, олар мені қонаққа шақырады.

Негізі бағдарлама бойынша бір жыл жұмыс істеу мүмкін, бірақ отбасы ұсыныс жасаса, екі жыл да жұмыс істеуге болады. Бұдан кейін басқа жаңа нәрсе іздеу керек. Әдетте, бұл уақыт ішінде адамдар басқа жұмыс табу үшін тілді қажетті деңгейде меңгереді.



Қиындықтар мен артықшылықтар туралы



Ең басты қиындық — тілдік кедергі. Француз тілін ешқашан үйренген емеспін, оны Францияға келген уақытта ғана үйрене бастадым.

Екіншіден, менде мәдени есеңгіреу болды. Қазақстанда аталар мен әжелер бала тәрбиесіне қатысады, Францияда ондай жоқ. Оған қоса аналар бұл жерде өте көп жұмыс істейді. Біздің жақта бала ауырып қалса, анасы ауру қағазын алып, бала емделгенше дейін үйде отыра алады, ал бұл жерде олай емес. Еуропада балаларды жеке тұлға ретінде тәрбиелейді, таңдау еркіндігін бала кезден береді.

Шетелде жұмыс істеп, саяхаттау мүмкін нәрсе. Ынта болса, барлық нәрсеге қол жеткізуге болады. Қазақстанда Еуразия университетін бітірдім. Ата-анама көшем деп айтқан кезде, олар таңғалды. Олар жоғары білімім бола тұра, неліктен бала күтуші болып жұмыс істейтінімді түсінбейтін. Бірақ, шын мәнінде кім болып жұмыс істейтінің маңызды емес, қандай адам екенің маңызды. Менде бала күтуші болып жұмыс істеп, кейіннен жақсы лауазымдарға ие болған таныстарым мен достарым бар.


Жанна Бултаева, 27 жаста, туған жері — Екібастұз

Тұрып жатқан мемлекет: Штутгарт, Германия



Көшу мен жұмысқа орналасу туралы



5.jpg

Германияға бес жыл бұрын көбісі көшетін себептен, яғни тілді үйрену үшін көшіп келдім. Ағылшын тілін білетінмін, неміс тілін үйренгім келді.

Бала күтуші жұмысы аса қызықтырған жоқ, бірақ менде екі жиеніммен тәжірибем болды, сол себепті жұмыстан қорыққан жоқпын.

Жұмысқа орналасу кезеңі қиын болған жоқ, құжаттармен айналысып, өтінішті тапсыру керек болды. Отбасы сені өзі іздейді, ал сен бұл отбасыға барғың келетінін немесе келмейтінін шешесің. Әр мемлекетте кандидаттарға деген талаптар әртүрлі. Германиядағы негізгі талаптар — 18 бен27 аралығындағы жас мөлшері, балалар мен ата-анасыменсөйлесе алу үшін шетел тілін жеткілікті білу, коммуникативті болу, тұрмыста болмай, баласыз болу қажет, жаман әдеттер болмау керек. Бағдарламаға қыздар да, жігіттер де қатыса алады.



Жұмыс шарттары туралы



Шарттар бойынша міндетке аптасына 30 сағат көлемінде балаларға қарау және үй ішіндегі жеңіл жұмыстар кіреді. Отбасы бөлек бөлмеде тегін тұруды, тамақтануды, ауырып қалу немесе қайғылы жағдайларға байланысты міндетті түрде тегін сақтандыруды, төленетін төрт апталық демалысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қатысушы айына 260 евро көлемінде өз қажеттіліктеріне ақша алады.

Германияда бала күтуші болу үшін күнделікті үй ішіндегі қиын емес міндеттерге дайын болу керек — балалар бөлмесін жинау, балалар киімдерін жуып, өтектеу, өзің және балалар үшін қарапайым тағамдарды әзірлеу.



Қиындықтар мен артықшылықтар туралы



Шын мәнінде, бармас бұрын екі рет ойлануға кеңес беремін. Жұмыс қиын емес, бірақ неміс балаларын тәрбиелеу оңай емес. Еуропа мен посткеңестік аумақтағы тұрғындардың бала тәрбиелеу көзқарастары әртүрлі. Біз үлкендерге сыйластықпен қарап, тіл алуларына көп көңіл бөлеміз, ал мұнда таңдау еркіндігіне және барлық қарым-қатынастағы демократия маңызды. Көбінесе балалар өздері не қалайтынын білмейді, сол себепті оларға бәрі рұқсат деп ойлайды.

Қалада осы бағдарлама бойынша жұмыс істейтін адамдар жиналатын Au Pair клубтары бар екені қуантады, ол жердегі адамдар түрлі ұлт өкілдері, түрлі мемлекеттің және неміс тілін білу деңгейлері де әртүрлі. Ол жерде уақыт өткізу өте қызықты, дәл осы жерде өзімнің бірінші достарымды кездестірдім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.