facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-d-r-gerler-zh-mysyny-erekshel-g-men-tabys-k-lem-turaly
logo
Қазақстандық дәрігерлер жұмысының ерекшелігі мен табыс көлемі туралы
Мамандықтар

10.06.2017

Қазақстандық дәрігерлер жұмысының ерекшелігі мен табыс көлемі туралы

Әсем Ашжанова


27 жаста, дәрігер-терапевт, «3 қалалық аурухана», еңбек өтілі — 3 жыл


Мен Семей қалалық мемлекеттік медицина университетінің Павлодардағы филиалын бітірдім. 7 жыл оқыдым, 5 жыл — жалпы медицина және 2 жыл — «Терапия»бағыты бойынша интернатура.


Менің дәрігер боламын деген шешіміме анамның медициналық қызметкер, медбике болғаны деген әсер етті. ҰБТ тапсырған кезде мен биологияны таңдап, медицина саласына барамын деп шештім. Медицина бұрыннан жаныма жақын болатын, көптеген терминдерді білетінмін. Анам осы салада жұмыс істегендіктен, менің медицина туралы аз да болса түсінігім болды.


Алғашқы бес жылымды аяқтаған соң бәрімізге бағыт таңдау қажет болды: хирургия, терапия, гинекология және акушерлік немесе педиатрия. Мен дәрігер-терапевтті таңдадым. Жұмыс істей бастағанда, әрине, үлкен жауапкершілік болған соң қорықтым. Бірақ, уақыт өте келе дұрыс таңдау жасағанымды, бұл мамандықтың, бағыттың менікі екенін түсіндім. Адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын, ал дәрігер-терапевттің жұмысы үнемі адамдармен қарым-қатынаста болуды талап етеді, олардың өзін қалай сезінетіні және қай жерінің ауыратынын сұрағанда адамдармен сөйлесу қажет. Бірақ, жұмысымыздың бір жақсы жері — адамдарға көмектесіп, өз еңбегіңнің нәтижесін көру мүмкіндігіне ие боласың.


Мен қабылдау бөлімінің дәрігерімін және көбінесе ауруханамыз «Жедел жәрдемге» төтенше жағдайға түскен адамдарды қабылдайтын күндерде жұмыс істеймін. Ауысым бойынша жұмыс істейміз. Бір ауысым бір тәулікке — 24 сағатқа немесе 16 сағатқа созылады, ол қай күнге сәйкес келетініне байланысты. Демалыс және мереке күндері ауысым 24 сағатқа созылады. Егер жай күндері ауысымға түссек, 16:00 басталып, 8:00 аяқталады, яғни 16 сағатқа созылады. Басында қиын болды, бірақ уақыт өте келе үйреніп кеттім.


Мөлшерлемемен жұмыс істейтін дәрігер ретінде белгілі бір сағат жұмыс істеу қажет. Әр айда мереке мен демалыс күндері қосылғанда бұл күндер саны өзгеріп тұрады.


Жалақыға жұмыс істеген сағаттар саны, дәрігердің еңбек өтілі, санаты, түнгі ауысымға қосылатын ақшасы және мереке күндері есептеледі. Менің еңбек өтіліммен және санатыммен бір мөлшерлеме 55 000 теңгені құрайды. Өз жалақыңды арттыру үшін 1,5 немесе 2 мөлшерлемеге жұмыс істеуге тура келеді. Сондай-ақ, терапия бөлімінде жарты мөлшерлемеге жұмыс істедім. Күндіз — бөлімде, кешке — ауысымда. Емханада жұмыс істейтіндердің біздің ауруханамызда қосымша сағат алатындары да бар. Сондықтан, дәрігер бола жүріп, көбірек ақша табуға болады, бастысы, денсаулығың жараса болғаны.



Индира Мұратқызы Хайрушева


50 жаста, «Данель» медицина орталығының дәрігері, еңбек өтілі — 27 жыл


Мен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын тәмамдадым. 6 жыл оқыдым және бір жыл акушер-гинеколог ретінде тәжірибеден өттім. Мен бала кезімнен дәрігер боламын деп шештім, ағам мен сүйікті тәтем де дәрігер, анам акушер-гинеколог болып жұмыс істеген.


Қазір гинекологиялық патологияны емдеумен айналысамын, гинекологиялық ауруларды қабылдаймын. Одан бөлек, менің тағы бір бағытым бар: медициналық туризм, мен пациенттерді шетелге баруға дайындаймын.


DSC_1726.jpg


Жеке медицинада 2005 жылдан бастап жұмыс істеймін, оған дейін облыстық перзентханада жұмыс істедім. Жеке және мемлекеттік емханаларда жұмыс істеудің айырмашылығы бар. Жекедегі пациенттер – жеке медицинаны мақсатты түрде таңдайтындар. Біреулер қызметті бағалайды және жеке мекемені арнайы іздейді, ал біреулер ақша төлеуге әзір, сондықтан мемлекеттік мекемелердің көмегіне жүгінбейді..


Мен 8:00 ден 16:00 сағатқа дейін жұмыс істеймін, айына екі аптада сенбі күні жұмыстамын. Клиниканың жұмыс кестесі клиенттерге байланысты, бұл түнгі 12-ге дейін болуы мүмкін, онда дәрігерлер ауысыммен жұмыс істейді. Ол клиниканың концепциясына байланысты.


DSC_1695.jpg


Жеке медицинада жалақының үлкен айырмашылығы болады, бұған көптеген факторлар әсер етеді: қабылдаудың бекітілген бағасы, пайызы. Кейбір клиникаларда дәрігер істеген жұмысының 10 пайызын алады, кейбірінде 50 пайызын, дәрігер танымал болса, пациенттер де тек соған барады. Жеке медициналық орталықтарда мемлекеттік орталықтағы сияқты еңбек өтілі мен дәрігердің санатына байланысты жалақы төленеді. Алайда, жеке мекемелерде бұл жоғары бағаланады. Мемлекеттік орталықтарда дәрігер бірінші, екінші, жоғары санатта болса да, тек 10 мың теңге ғана айырмашылық болады.


Жеке клиникада дәрігердің сағаты қымбат тұрады. Алғашқыда 45 000 теңге алады. Ал кейін ол өзінің оқуын өтеуі қажет.


Мемлекеттік мекемедегі дәрігер жұмысының бір жақсысы, мемлекет қызметкерлерді оқытуды өз мойнына алады. Жеке медицинада өз оқуыңа өзің төлейсің. Клиника біліктілікті арттыру курстарын төлесе, дәрігер оны кейін белгілі бір уақыт өтеуі қажет.


DSC_1707.jpg


7-10 жыл жұмыс істеп, бұл мамандықта қалған дәрігерлер — өз ісіне берілген адамдар. Дәрігерлер де уайымдайтын адам баласы, ал біздің жұмысымызда барлығы: жағдайдың қиындауы, баланың анасынан айырылуы, бала сүйе алмау сияқты ауыр жағдайлар болады. Күш тауып, себебін іздеп, жаңа нәрселерді үйреніп, үнемі адамдарға пайда келтіру қажет. Бұған тек өз мамандығына адал адамдардың ғана қолынан келеді. Достарым мен туралы: «Егер оған жалақы төлеуді тоқтатып тастаса да, ол жұмысқа бара беретін болады» деп әзілдейді. Бұл тек мамандығым ғана емес, энергия беретін сүйікті ісім.



Александр Владимирович Тернавский


28 жаста, хирург-имплантолог, Family Dental Clinic, еңбек өтілі — 7 жыл


Мен Астана Медициналық университетін бітірдім, Израильдің Тель-Авив қаласында бет-жақ-сүйек имплантологы мамандығы бойынша интернетураны оқыдым.


Бұл мамандықты қалай таңдағаным есімде жоқ. Ата-анам тіс дәрігерлері болса да, екеуі де менің олардың ізімен жүруіме қарсы болды. Ата-анам менің қаржы полициясына барғанымды қалады. Алайда, 6-7 сыныпта тіс дәрігері боламын деп шештім.


DSC_1504.jpg


Менің дәрігер ретіндегі жұмысым, ең алдымен, пациенттің дұрыс әрі қалыпты тамақтануы үшін шайнау қызметін қалпына келтіру болып табылады. Ал, пациенттер үшін, ең біріншіден, әдемілік маңызды. Сондықтан, жұмысымда осы екі маңызды нәрсе бар. Жұмыс күндері 9-дан 20:00 дейін, сенбіде 9-дан 16:00 дейін түскі ас үзілісінсіз жұмыс істеймін, жексенбі күні демаламын.


Қазақстан имплантологтар қауымдастығының мүшесімін, біз 8 адамбыз және тобымызды жылына үш рет міндетті түрде шетелге халықаралық симпозиумдарға әріптестерімізбен тәжірибе бөлісуге шақырып тұрады.


Тіс дәрігерінің жалақысы жеке клиникаларда қанша пациентті қабылдағанына байланысты. Жеке медициналық мекемелерде тіс дәрігері белгілі бір мөлшерде жалақы алмайды. Әр дәрігердің өз пайызы бар, ол еңбек өтілі мен кәсібилік деңгейіне байланысты. Сондай-ақ, оның қайда оқығаны және қандай қабілетке ие екенінің де маңызы зор.


DSC_1524.jpg


Астанада тіс дәрігерінің орташа жалақысы 70 000 теңгеден басталады. Жоғары шекті айту қиын, ол кез клеген мөлшерде болуы мүмкін. Дәрігердің қанша жұмыс атқарып, өз-өзімен қаншалықты жұмыс істей білетіндігіне байланысты.


Маған өз жұмысым ұнайды. Жұмысқа үнемі көтеріңкі көңіл-күймен келемін, қанша шаршап тұрсам да, жұмыста моральдық тұрғыдан демаламын. Бәрінен бұрын маған жағдайы ауыр пациенттердің келетіні ұнайды. Адам бұл уақытқа дейін бірнеше стоматологияға барғанымен, оның жағдайына мән бермеген немесе кепілдік бермеген болып шығады. Біздің клиникамызда мұндай пациенттерді емдеуге арналған құрал-жабдықтың бәрі бар, сондықтан біз оларға көмектесіп, кепілдік береміз. Адамдарға көмектесіп, олардың қуанғанын көру қандай бақыт!

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.