facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ayrat-saparbaev-26-zhasynda-alay-millioner-atan-any-zh-ne-na-yz-biznesmenn-m-nez--l-y-turaly
logo
Қайрат Сапарбаев 26 жасында қалай миллионер атанғаны және нағыз бизнесменнің мінез-құлқы туралы
Мамандықтар

16.06.2018

Қайрат Сапарбаев 26 жасында қалай миллионер атанғаны және нағыз бизнесменнің мінез-құлқы туралы

Қайрат Сапарбаев, 53 жаста, туған жері — Шымкент, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, жеке кәсіпкер



Барлығы қалай басталғаны туралы



Мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істедім. 1988 жылы кооперация туралы заң шыққаннан кейін, кооперативтер белсенді дами түсті. Маған өте қызық болды. Барлық Кеңес Үкіметінде шағын кәсіпорындар ашыла бастады. Негізінен өндірістік кәсіпорындар ашылды. Тіпті таксистердің өзінде жеке кооперативтері болды. Мектепте жұмыс істеп, осының барлығын бақылап отырдым.

12341095_1647562692159893_3169510290405963870_n.jpg

1991 жылы қалалық атқарушы комитетке, «Жібек жолы» тауар-шикізат биржасындағы брокерлік компанияға жұмысқа тұрдым. Ең бірінші коммерциялық тәжірибемді сол жерден алдым.

Сәл уақыттан кейін мені Ригаға Халықаралық менеджерлер мектебіне жіберді. Ол жерде бүкіл кеңес Үкіметінің жеке кәсіпкерлері оқыды. Мектепте жеке кәсіпкерлікпен толығырақ таныстым. Рига менің көзімді аштым.

1992 жылы биржадан кеттім. Өз ісімді ашу үшін тәжірибем жеткілікті болды. Бірінші ақшамды делдалдылықта таптым. Сол кезде ол сәнге айналған еді. Осылайша жақсы табыс табуға болатын. 26 жасымда миллионер атандым.

26 жасымда миллионер атандым


1992 жылдың желтоқсанында Дубайға алғаш рет бардым. Сонда делдалдылық мәңгілік емес, бизнес ашу керек екенін түсіндім. Экономикалық білімім болғандықтан, өндіруші бола алмадым. Сол кезде тоқтаған конақ үй ұнап қалды, сондықтан сол саланы таңдайтынымды шештім. Келген бетте қонақ үй салу үшін жер іздей бастадым.

1993 жылы ең бірінші жанармай құю станциясын сатып алдым. 1995 жылы жекешелендіру басталды, «Мереке» сауда үйін сатып алып, оны қайтадан жаңарттым. Кейін мөлшері бес мың шаршы метр «Хозторга» қойма базасын да сатып алдым.

Делдалдылықтан тапқан барлық ашқамды бизнесте пайдаландым. Менеджерлер мектебінде алған білімім көмектесті, себебі ол жердегі оқытушылар «Ақшаны мүлікке айналдыр» деп үйрететін. Уақыт өте келе сол орындарды дамытуды үйрендім. Менің сауда үйім, супермаркетім және жанармай құю станциялар желісі болды.

76543.jpeg

Ал 1996 жылы ең бірінші төрт жұлдызды қонақ үйін аштым. Сол жылы аукционда шымкенттік балалар саябағы сатылды, оны да сатып алуды шештім. 2000 жылы бірінші бизнес орталығын ашып, 2001 жылы «Кен-баба» этно-орталығын аштық. Ол көпфункционалды: онда аттракциондар, балаларға арналған орталық, кафе және мейрамханалар бар.

Бірінші қонақ үйлерімізді өзіміз басқардық. Бірінші қонақ үй «Сапар» деп аталды, кейін біз қонақтарға арналған үй салдық. Бізде бірнеше қонақ үй-дүкеншелері болды. Кейін кеңейтіліп, Алматыда «Алматы-Сапарын» аштық. Осылайша түрік нарығына шықтық.

2007-2008 Әмірліктегі нарыққа шыққымыз келді. Алайда ол жылдары бағалар күрт жоғарлады. Біз нарықта бағалар жоғары кезде несиеге кірмеуді шештік, сондықтан Түркияда және Алматыда кішігірім қонақ үйлер салдық.

Бизнесіміз көпжоспарлы: қонақ үйлер, сауда үйлері, бизнес орталықтары.

Бүгінгі күнде қонақ үйлердің бір бөлігінен құтылуды шешіп, үлкен қонақ үйлерді саттық, себебі олар тиімсіз. Нарықта бәсекелестер көп, Шымкентте қазір 130-ға жуық қонақ үйлер бар. Бір нәрсені бірінші болып бастаған жақсы әрі жеңіл.

Бір нәрсені бірінші болып бастаған жақсы әрі жеңіл



Бизнес ерекшелігі туралы



Бизнесмендер — бұл адамдардың ерекше түрі. Бизнесмен — қиын мәселелерді жақсы көрмейтін адам. Бизнесмен көптеген идеялар мен ойларды ойлап таба алатын адам болу керек. Және ең бастысы, осы белсенділік оның денсаулығына әсер етпеуі керек. Сонымен қатар бизнесмен объективті шынайылықты салқын қандылықпен қабылдай білу керек.

11021152_1550989715150525_7904744030481007430_n.jpg

Егер сен бизнесті жүргізуге эмоционалды тұрғыда дайын болмасаң, онда одан ештеңе шықпайды. Егер бір қолыңмен алсаң, екінші қолыңмен бере білу керексің. Егер осыларды меңгерсең, жақсы бизнесмен бола аласың.

Білімді бизнесмен салыстырып, талдай білу керек.

Бизнесте үш баспалдақтан өту керек. Бірінші — маманның қалыптасуы. Белгілі бір саланы меңгеріп, терең білімі болуы керек. Екінші саты — бұл менеджмент, яғни адам бақылап, талдап, шешім шығара ала білуі. Ал жеке кәсіпкер — үшінші саты. Ол болашаққа қарайтын адам.

Бизнес — бұл жұқа материя. Бір нәрседе тоқтап қалуға болмайды. Қаншалықты жоғары көтерілсең, соншалықты жаныңдағы нәрселердің көптігін көресің.

Қаншалықты жоғары көтерілсең, соншалықты жаныңдағы нәрселердің көптігін көресің



Жастар туралы



Қазір көптеген жастар шетелде оқып, Қазақстанға қайтқылары келмейді. Олар жұмыс жоқ деп айтады. Барлығы ұлттық компанияда жоғары ақылы немесе ірі компанияда жоғары еңбекақысы және жақсы әлеуметтік пакеті бар жұмысты қалайды. Бірақ алдымен өзіңе «Ал мен үкіметке не бердім?» деген сұрақ қою керек. Менің замандастарым мемлекетте осындай тұтынушы міндетпен қарамайды.

6453.jpeg

Шетелде алған барлық тәжірибені Қазақстанда қолдануға болады. Келіп, бизнес ашып, жастар қазақстанның дамуына өз ұлестерін қосады.

Келіп, бизнес ашып, жастар қазақстанның дамуына өз ұлестерін қосады


Біз жас кезімізде зауыт, кооперативтер ашумен айналыстық. Қазір экономиканың негізі менің заманымның кәсіпкерлерінде ұсталып тұр.

Қазір мамандар мен меңгерушілерді табу қиын. Барлығы дайынға келгісі келеді. Өздерін жоғары ұсынатын адамдар келеді немесе керісінше.

Менеджерлер мен меңгерушілерді тәрбиелеу — қызметтегі маңызды тармақ. Адамдар келіп, жақсы идеялар ұсынатын кездер жақсы. Біліктілі пен ой-өрісінің кеңдігі өте құнды.



Қағидалар туралы



Менің замандастарым қолайлылыққа күмәнмен қарайды. Қолайлылықтың аздығын белгілі бір талаптар жасайды. Жұмысқа және жаттығуға көлікпен бармаймын, жаяу жүремін. Бұл 40 минутты қамтиды, бірақ маған ұнайды.

Жаңа киімдерді тек біздің кезде бір киіммен көп уақыт жүруге болмайтындықтан сатып аламын және оны алмастыру қиындық туғызбайды, себебі олар қымбат емес. Материалдық заттар екінші орында.

Материалдық заттар екінші орында


Мәдени кеңістік пен оны қолдау әлдеқайда маңызды.



Жоспарлар туралы



Жұмыс істеу жылдары ішінде мен тоқтамай, жаңа салаларды зерттеу керек екенін түсіндім. Бірақ әрқашан кеңеюге де болмайды.

Қазақстанда өткізу нарығы өте тар және бәсекелестік жоғары.

Қазақстанда өткізу нарығы өте тар және бәсекелестік жоғары


Менің бизнесім әрқашан іскерлік инфрақұрылыммен байланысты болды және өндіріске бармайтынымды білемін. Қонақ үйлер, мейрамханалар, барлар, бизнес орталықтары — бұл бұрын және қазір айналысып жатқан бағыттарым. Бастысы, қолда бар ұстанымдарды ұстап қала білу.

Қазір шығармашылық жоспарларым көбірек. Екі роман жаздым және алдағы уақытта өзімнің өлеңдер жинағынжариялағым келеді. Ол дайын.

Сонымен қатар өлеңдер жазамын және қазір бейнебаяндармен айналысамын. Маған бұнымен айналысқан ұнайды, бұл менің хоббиім және осы саламен айналысу жоспарымда бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.