facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
90-zhyldarda-y-k-s-pkerler-sayra-mataybaeva-buhgalter-yzmet-n-at-aryp-zhi-azdy-seriyaly-nd-r-s-n-zhasap-shy-aru-zhayynda
logo
90-жылдардағы кәсіпкерлер. Сайра Матайбаева бухгалтер қызметін атқарып, жиһаздың сериялық өндірісін жасап шығару жайында
Мамандықтар

19.12.2018

90-жылдардағы кәсіпкерлер. Сайра Матайбаева бухгалтер қызметін атқарып, жиһаздың сериялық өндірісін жасап шығару жайында

Сайра Матайбаева, «Қазына-SR» ЖШС бас директоры, Целиноград аудандық маслихатының депутаты

SMK_2525.jpg


Еңбек жолының басталуы


Мен үшін кәсіпкерлігімнің тарихы – бұл өмірімді жақсартудың үлкен қажеттілігі. Бұл тек тұрғын үйді алу немесе сатып алу үшін 30-40 жыл жұмыс істеу жоспарымен келіспеушілігім болды.

Мен экономист-бухгалтер мамандығына оқып, бес жыл мемлекетке жұмыс істеуім қажет болды. Экономист, бухгалтер қызметін атқардым, университетте сабақ бердім, қолыма түскеннің бәрін сатып жүрдім.

Сол кезде мен Семейде тұрдым. Қаланың облыс орталығы деген мәртебесін алып тастағанда, көп адамдар жұмыссыз қалды. 1993 жылы институттан кетуіме тура келді. Ал 1996 жылы мен Алматыға көштім. Мен үлкен істер үлкен қалаларда атқарылатынына үміттендім, және сол жерде жетістікке жетуім тиіс болды. Нәтижесінде маған қатарынан туристтік, фармацевтикалық бизнестерді ашып, баспа компаниясында жұмыс істеуіме тура келді.


Өз ісімді қалай ашып, жүргізу керектігі жайында арнайы білімім болған жоқ


Өз ісімді қалай ашып, жүргізу керектігі жайында арнайы білімім болған жоқ. Нарықтық экономика жайында түсінігім болған жоқ. Тек кеңес заманында Карл Маркстың еңбектерінен алған маркетинг және менеджмент туралы аздап теориялық білімім болды. Бірақ мен эскперимент жасап, байқап көрдім, көп рөлдерді атқарып көрдім.

Жеті жыл бойы осындай тәртіпте жұмыс істеп, жетістіктерге жеттім. Көп ел араладым, оқыдым, аянбай білімімді арттырдым, спортпен шұғылдандым. Бұл жастық шақ, табандылық, жеңіске деген талпынушылықты қамтыған өмірімдегі ең жарқын жылдар болды.

SMK_2520.jpg


2003 жылы біз жұбайымызбен жұмыс бойынша Астанаға көштік. Қазан айы еді, Астанада өте суық болғаны есімде. Сол кезде мен жылы жерге, туған-туысқандарым, жақындарым, достарым бар жерге кеткім келді. Бірақ мен енді Астана менің қалам екенін, оның серпінді, көпті талап ететін қала екенін және де мен өзімді, өз ойларым мен жоспарларымды ауыстыруым қажет екенімді түсінетінмін. Сол кезде мен маңызды нәрсемен айналысқым келді. Таңдауым өндіріске түсті. Себебі мен әртүрлі елдерге барып, саяхаттағанда, өзіңнің өндірісің болғаны, әрі өз нәрсеңді жасап шағару қандай жақсы деп ойлайтынмын. Барлық жинаған білім мен тәжірибе URTA interior decoration сауда таңбасымен KAZYNA-SR компаниясын құруыма септігін тигізді.


90-жылдар жайында


90-жылдары оңай болған жоқ. Бұл қиын кезең болды. Елде түбейгелі өзгерістер болды, тарихтағы өзгеріс – біздің тәуелсіздік алуымыз.

Барлығы тәуелсіз, азат елде өмір сүруді аңсады, бірақ біз үлкен бизнесті құруға дайын болған жоқпыз. Сол кезеңде көп зауыттар, фабрикалар жабылып, ғимараттар мен құрылыстар меншіктелді. Адамдарда өндірісті қалай бастау керек, отандық өнімді қалай шығару керек екені жайында түсінік болған жоқ. Көптеген мамандар сол кезде Германияға, Ресейге кетіп қалды.



Бүгінгі күн жайында



15 жыл бойы атқарып жатқан жұмысымыздың арқасында біз жетістікке жетіп, құрметке ие болдық, көптеген көрмелерге қатыстық


Бүгінде біз өңдеушіөнеркәсіп саласындағы ірі компаниямыз, білім мекемелері, мектепалды ұйымдары және денсаулық сақтау насандарына арналған жиһаздың сериялық өндірісін жасап шығарудың отандық нарығы бойынша көшін бастап тұрмыз. Компанияның қорында көптеген стратегиялық нысандар бар: ҚТЖ, Nazarbayev University, әртүрлі министрліктер. Шамамен 150-ден астам жаңа мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды жиһазбен қамтыдық.

SMK_2475.jpg

15 жыл бойы атқарып жатқан жұмысымыздың арқасында біз жетістікке жетіп, құрметке ие болдық, көптеген көрмелерге қатыстық. Біз жиһаздық дизайнінде заманауи үрдістер сипатындағы, әрі алдыңғы қатарлы технологиялар бойынша жасалған өнімді қуана ұсынамыз. Бізде жаңа архитектуралық және дизайнерлік бюромыз, өндіріс базаларымыз, техникамыз бар.



Өмірлік қағидалар жайында


Кәсіпорынның жетістігін адами фактор айқындайтынына сенімдімін және де бұл жобаларды іске асыру барысында көзге түсетіні анық. Сол себепті компанияны қалыптастыру кезінен бастап мен ұжым мүшелерін іріктеп алу мәселесіне үлкен мән беремін. Таңдап алудың критерийі қарапайым – компанияға келетін маман қажетті қасиеттерге ие болып, білім мен дағдылары бойынша менен асып түскенін қалаймын. Осындай талаптар деңгейі маған өздерінің идеяларын түрлендіріп, оларды сәтті түде жүзеге асыра алатын, жақсы білімі бар дарынды адамдарды жинауға мүмкіндік берді.

Компаниядағы әрбір қызметкер басымдықтар мен ресурстарды нақты түрде үлестіру дегенді жақсы түсінеді. Олар әрдайым өзгеріп тұратын бәсекелес нарықтық ортаға тез арада жауап қайтара алады.

Мені және менің күйімді жақсы сипаттайтын Джон Берроуздің бір дәйексөзі бар: «Мен әлі де өзімнің әрбір күнімді ойлағым келетін ойларым үшін, серуенге шығуды қалайтын серуендер үшін, оқығым келетін барлық кітаптар үшін, жүздескім келетін барлық достарым үшін тым қысқа деп санаймын».


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.