facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
42-zhasynda-zhaldaudan-ket-p-z-biznes-n-ashu-turaly
logo
42 жасында жалдаудан кетіп, өз бизнесін ашу туралы
Мамандықтар

22.06.2018

42 жасында жалдаудан кетіп, өз бизнесін ашу туралы

Жарас Искаков, 42 жаста, Жансүгіров кенті, ТОО TARANTOOL ЖШС, «220-Вольт» дүкенінің, tarantool.kz онлайн-дүкенінің директоры



Жолдың неден басталғаны туралы

1996 жылы «қаржы және несие» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірдім, қазір ол НАРХОЗ деп аталады.

20180531-WED_3530.jpg

Экономика сол жылдары да әлсіз болды. Мұғалім, дәрігер, инженер секілді көптеген мамандықтар өз бағыттары бойынша жұмыс істеген жоқ. Олардың еңбек етулерінің негізгі орны нарық болды.

Тіпті жұмысқа орналасуға тырыстым, нәтижесінде мені кішігірім компанияға есепшінің көмекшісі қызметіне қабылдады. Мен бастапқы құжаттарды өңдеумен, негізгі құралдардың есебін жүргізу және басқа қарапайым процестерге қатысумен айналыстым. Сол кезде есеп жүргізу мен үшін емес екенін түсіндім.

1998 жылдан 2004 жылға дейін мемлекеттік қызметте еңбек еттім. Ол жерден сол кезде мемлекетке кеңес бойынша қолдау беріп жүрген халықаралық TAGIS жобасына ауыстым. Сол кезде мен жеке бизнестің қыр-сырынтүсініп, қызығушылық таныттым.

Кейін мен жеке құрылымдарға кеттім. Бағалы қағаздар шығарылымдары мен облигацияларды шығару және оларды Қазақстан қор биржасында орналастыру мәселелері бойынша сарапшы ретінде жұмыс істедім. Бұл жеке сектордағы жұмысымның бірінші тәжірибесі болды.


Мемлекеттік қызмет нені үйретті

Мемлекеттік қызмет маған нұсқаулықтарды орындау уақытын бақылауды үйретті. Себебі біздің кезімізде қатаң бақылау жүргізілді. Егер қандай да бір құжатты орындауға тапсырма берсе, оны уақытында істеу қажет, ал егер бұл хат болса, оған мерзіміне сай жауап қайтару қажет. Сондықтан мен тәртіпке үйрендім.

Мемлекеттік қызмет — бұл интеллектуалды еңбек, біз нақты тапсырмалар мен идеяларды іске асыратын көптеген жұмыстар жасадық. Және бұның бәрін қағазға аудару керек болды. Бұл тәжірибе маған ойымды жетік жеткізуді, хаттарды сауатты жазуды, құжаттарды құрылымдауды үйретті.

Мемлекеттік қызметте жұмыс істегеніме өкінбеймін


Бір адамға ғана емес, бүкіл халыққа пайда әкеліп жатқанымды сезіндім. Ал жеке құрылымдардың мақсаты басқаша. Барлық деңгейде жасалатын істер пайда алуға көзделеді. Бұл сату, түсім, шығындарды бақылау және қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттыру. Егер мемлекеттік қызметте идея үшін күрессең, ал мұнда ақша үшін күрессең.

Мемлекеттік қызметте жұмыс істегеніме өкінбеймін. Ол кезде жасым 24-25 болатын және маған ой өрісі кең адамдармен жұмыс істеген, дәлізде министрлерді кездестірген және Үкімет отырыстарында отырған ұнайтын.


90-шы және 2000-шы жылдардың басы туралы


Бұл қиын кездер болды, әсіресе ірі өнеркәсіптер үшін. Себебі, кеңес уақытында бір зауытта дөңгелек өндірсе, екінші зауыт көліктерге арналған есіктер жасайды, ал үшінші зауыт осылардың барлығын жинайды. Және Кеңес Үкіметі ыдырыған кезде аталған байланыстар үзілді.

20180531-WED_3516.jpg

Адамдар қолдарынан келгенше күн көруге тырысты. Менің ата-анам жарық, су болмаған ауылда өмір сүрді.

2000-жылдан бастап жеңілдірек болды, ертеңгі күнге деген сенімділік пайда болды


Сонымен қатар, бұл қылмыс кезеңі болды. Студенттік кезімде ақша табу қажет болды, сондықтан достарыммен және туыстарыммен нарықта жұмыс істедім. Ол жерде болған барлық нәрселерді көрдім, тіпті нарықты бақылаған топтарды да.

2000-жылдан бастап жеңілдірек болды, ертеңгі күнге деген сенімділік пайда болды. Мүмкін бұған 2000 жылы Астанаға көшіп, елорданың дамуын бақылап, шабыттанғаным әсер тигізген болар. Сонымен қатар, Астанада бірге жұмыс істеген адамдармен жолым болды. Ол кездегі қаржы Министрі өте сауатты адам болатын, оны әлі де бағалаймын.


Жеке бизнесі туралы


Әрқашан жеке бизнесім туралы ойлайтынмын. Өзімді тексергім келді, себебі бизнесте табысқа немесе сәтсіздікке ұшырау жауапкершілігі толығымен иесіне байланысты. Ешқандай мемлекет, салық органдары, тексерістер дәл кәсіпкердің өзі секілді жеке бизнеске әсер ете алмайды.

Жеке бизнеске кеткім келген сайын маған тиімді ұсыныс түсетін. Мен жұмыс істеген соңғы компанияда қызметтің көлемін азайту туралы шешім қабылдады және мен жүйеден толығымен кететінімді шештім. Осы шешімді қабылдаған кезде маған тағы бірнеше тиімді ұсыныстар түсті. Миымның 90% ұсынысқа келіс деп айтса, қалған 10% пайызы «немесе қазір немесе ешқашан» деп айтатын. Ұсынысты қабылдаған жағдайда мен келісімге отырып, үш жыл бойы компанияда жұмыс істеуім керек болды. 42 жасқа келіп, қазір кетпесем, онда 45 жасымда тіпті кетпейтінімді түсіндім. Осылайша ары қарай немен айналысатынымды білмегендігіме қарамастан, барлық ұсыныстардан бас тарттым.

42 жасқа келіп, қазір кетпесем, онда 45 жасымда тіпті кетпейтінімді түсіндім



Бизнеске кеткен екінші себебім — өз бетінше білім алуға деген ұмтылыс. Бірақ қазір бизнес ұйымдастырудан уақытшақолым босамай жүр.

Астанада қалып, құрал-жабдықтар дүкенін ашуға шешім қабылдадым, өйткені қала кеңейіп жатыр, көптеген үйлер, кеңселер және басқа да бөлмелер жалданып жатыр. Осы бөлмелердің бәрін жөндеу қажет, ал бұл үшін құралдар қажет.

20180531-WED_3522.jpg

Біреудің білімін пайдалануым керек екенін түсіндім және қазірдің өзінде 250 дүкені бар Ресейлік «220 вольт» желісінің франшизасын сатып алдым. Менің дүкенім осы белгімен жұмыс істейді. Франшизаның жақсы жері — олар барлық стандарттарды береді және сен тауарды кім әкеледі, өнімнің ауқымы қандай болады деп ойланбайсың. Тіпті қызметкерлерді қалай таңдау, әңгімелесуді қалай өткізу және жарнаманы қалай беру керектігіне дейін. Әрине, бұның барлығы толығымен жұмыс істемейді, бірақ осы анықтамалардың арқасында бірнеше ай ішінде дүкен ашып, жұмысымды бастадым.

Дүкен жұмыс істеп, табыс әкеледі, жұмыс тобы мен дамудың жоспары бар



Менің дүкеніме бар-жоғы сегіз ай. Қазір шабуыл жасай алатын алаңымыз бар. Дүкен жұмыс істеп, табыс әкеледі, жұмыс тобы мен дамудың жоспары бар. Сондай-ақ бізде жақын арада жұмысымызды аяқтап, іске қосатын интернет-дүкеніміз бар және содан кейін онлайн-сатуды ынталандыруды бастаймыз.


Жеке істі ашқаннан кейін өмір қалай өзгерді


Өмірім 180 градусқа өзгерді. Біріншіден, ойым өзгерді. Жалдауда әсіресе ірі компаниялада жұмыс істеп, компания жұмысын ешқашан тоқтатпайтынын білесің. Және егер сен немесе қол астыңдағы жұмысшылар бір нәрсені дұрыс жасамаса, компания ыдырайтыны жайлы ойламайсың. Жай ғана сенің орныңа басқа біреуді алады, себебі ол жерде сен компанияға құнды тауар өндіргенге дейін жұмыс істейсің.

20180531-WED_3532.jpg

Жеке бизнесте айла мен нәтижеге қол жеткізу маңызды. Мұнда бір нәрсені дұрыс істемесең, дөрекі тілмен айтқанда, тамақ ішпейтініңді түсінесің. Бұл ынталандырады.

Бизнес — бұл иесінің көрінісі. Егер ол белменді болып, бизнесті белгілі бір биікке жеткізуе тырысса, онда бизнес дамиды. Бизнестегі ең басты нәрсе — бизнестегі адамның жағдайы, қалған барлық нәрсені үйренуге болады, мәселен, адам қажеттіліктерін басқару немесе SMM. Алайда, егер кәсіпкердің ішінде ыңғайы мен арқауы болмаса, онда мұның барлығы уақыттың бос кеткені болады.

Бизнес — бұл иесінің көрінісі


Жеке іс — бұл сенің әрбір әрекетің, сөзің, қимылың сен сезінетін салдарға ие болатын жағымды жүктеме. Және әрбір шешім сәтте тексеріледі. Бизнесте — «Ойланайық» деген жоқ, бастапқы сәтте әсіресе. Біз бастапқы бизнеспіз, өйткені әлі де жоғары көтере алатын тұтқаны іздеу үстіндеміз. Оны тапқан кезде, оның ауқымдылығына қаржы енгіземіз.


Өмірлік принциптер туралы


Мен принципшіл адаммын.

Мен үшін ең маңыздысы — менің отбасым. Барлық нәрсені отбасымының игілігі үшін жасаймын. Егер менің бизнесім отбасыма кесірін тигізсе, оған бармас едім. Қазір қалыптасудың күрделі кезеңі, балаларыма, жұбайыма және ата-анама көбірек уақыт бөлу үшін оны ертерек аяқтағым келеді. Олар бұған түсіністікпен қарайды.

Барлығын «5» немесе «4» жасауға тырысамын. Мұқият адаммын, мүмкін талаптарым тым жоғары щығар. Мен үшін жазудың барлық әріптері жанып тұрғаны маңызды.


Біз ақша таппаймыз, біз адамдардың мәселелерін шешеміз


Айналысып жатқан ісімді сүйемін. Егер безнесті сүймесең, ол көркеймейді.

Мен үшін адами қарым-қатынастар маңызды. Клиенттермен араласатын қызметкерлерден оларды есептеп, алдауға және клиенттердің әмиян екендігін ойламауларын талап етемін. Біз ақша таппаймыз, біз адамдардың мәселелерін шешеміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.