Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
biznest-da-darys-kez-nde-ru-zh-ne-ta-y-5-te-t-ryp-adamdardy-m-rler-n-zgertu-niet-zhayynda

Бизнесті дағдарыс кезінде құру және таңғы 5-те тұрып, адамдардың өмірлерін өзгерту ниеті жайында
765

Меруерт Жүнісбек

30.04.2019

Бизнесті дағдарыс кезінде құру және таңғы 5-те тұрып, адамдардың өмірлерін өзгерту ниеті жайында

Компанияның атауы: «НИКА» шешендік шеберлік орталығы

Негізі қаланған жыл: 2009

DSC_3572.jpg


Кәсібінің бастамасы


Тоғыз жыл бұрын мен Мәскеудегі Риторика және Шешендік өнер Университетіне шешендік өнердің жаттықтырушысы оқуына бардым. Мен адамдардың алдында сөйлеуді, біліммен бөлісуді, әңгімелеп, жазуды, сөйлесуді жақсы көретініміді түсіндім, сол себепті бұндай шешімді қабылдадым.

Елге оралғасын, үйден жұмыс істеуді және қажеттілік бойынша залдарды жалдап тұруды жоспарладым. Бірақ менің бір танысым: «Меруерт, егер сенің жұмыс орның болмаса, бизнесің жүзеге аспайды» деп айтты. Және мен Конституция көшесі бойында орналасқан екі қабатты үйде өзімнің алғашқы кеңсемді аштым. 1000 доллар қаражатты қарызға алдым, кеңседе жөндеу жұмысын өткіздім, ал жиһазды сол кезде жабылайын деп жатқан банктен несиеге алдым. Жұмысқа қабылдаған алғашқы адамым – Айгүл есімді қыз бодды. Ол орталықтың үйлестірушісі қызметіне келді.

DSC_3588.jpg

Бастапқы жылдары бизнесім әуес ретінде болды, мен стратегияны, бизнес-жоспарды ойластырған жоқпын және түсімдерге қарамадым. Жақындарым мен үшін алаңдап: «Сөйлеуді үйрену үшін кім саған ақша төлейді? Бұл мүмкін емес» деп айтатын. Басқалары: «Меруерт, дағдарыс кезінде адамдар бизнестерін жабады, ал сен керісінше ашып жатырсың» деп ескертетін. Бірақ әпкем мені әрқашан қолдайды, қандай да бір идеямен бөліспесем де, ол: «Күшті! Істейік!» деп айтады. Ол әлі күнге дейін орталығымыздың жаттықтырушысы болып табылады. Жарты жылдан кейін Жанна Ыбраева келді, ол да орталығымыздың жаттықтырушысы, біз онымен шамамен сегіз жыл бойы жұмыс істеп жатырмыз.


Компанияның бағыты


«НИКА» орталығының негізгі бағыты – сөздің күшімен жеңе білу. Яғни өз ойларыңызды жеткізе білуге, басқаларды сендіріп, айтқаныңызды дәлелдей білуге үйрету. Сөйлеу – жетістікке жетудегі негізгі құралдардың бірі.

«НИКА» орталығының негізгі бағыты – сөздің күшімен жеңе білу


DSC_3617.jpg

Компаниямыздың ерекшелігі мен артықшылығы – біз әрбір адамға сенеміз және оның дамып, жетілуін бірге қадағалаймыз. Адамдар бұны сезеді. Біз адамдардың өмірлерін өзгертеміз, олардың сенімді сөйлей бастауының арқасында кезекті жетістіктеріне жетуіне ықпал етеміз.


Жетістікке жетудің жолы


Жаттықтырушыларымыздың тәжірибелік дағдылары мен әдістемелері бізді жетістікке жеткізді. Олардың әрбіреуі әртүрлі аудиториямен оннан астам сағат жұмыс істеді.

Мен командама: «Бізге оқуға келетін адамдар ақша төлегендерін ұмытып, үлкен қанағатпен кетуі керек» деп әрқашан айтамын


Мен командама: «Бізге оқуға келетін адамдар ақша төлегендерін ұмытып, үлкен қанағатпен кетуі керек» деп әрқашан айтамын. Бұл екінші артықшылығымыз және ол біздің қазіргі атауымызды жасауға септігін тигізді.

Ал үшінші артықшылығымыз – әрдайым дамып жетілу, біз әрқашан оқу үстіндеміз.

DSC_3575.jpg

Әлеуметтік желілер, «Вслух о личном» жеке әңгімелер кеші сияқты іс-шараларымыз және спикер ретінде әртүрлі форумдар мен кездесулерге қатысуым компанияның танымалдылығына ықпал етеді.

Менің батылдығым, мақсатқа талпыну, армандай білу, адамдарға сену және олармен коммуникицияларды орната білу қасиеттерім – «НИКА»-ға көмектескен мықты жақтарым.

Маған Стивен Ковидің «Жоғары деңгейдегі адамдардың 7 дағдысы» және Джим Коллинздің «Жақсыдан ұлыға дейін» кітаптары әсер етті. Мен Ицхака Адизестің барлық кітаптарын ұнатамын.

DSC_3598.jpg


Іскерлік ақыл-кеңестер


Бірегейлік қасиеттеріңізді ұғынып, басқа адамдарға не бере алатыныңызды түсіну маңызды. Мақсатты аудиторияңызды айқындап алыңыз және міндеттерін орындау үшін дұрыс шешімдерді ұсыныңыз. Шешімдеріңізге күмәнмен қараңыз немесе жағдайларды және мәселелерді сыни тұрғыдан бағалай алатын адамдармен жақын болыңыз.

Командадағы әрбір ойыншы өзінің мықты қасиеттерімен әрекет етуі керек. Сонымен қатар командаға шабыт беріп, алға жылжыту, олар үшін үлгі болу маңызды.

05.jpeg

Және соңғысы – 10-20 жылдан кейін клиентің қандай болатынын білу, түсіну және талдау. Бұл қазірде өзгермей жатқан қызметтерің келешекте қаншалықты қажетті болатынын түсінудің мүмкіндігі. Сол себепті болашақта талаптарға сай болу үшін, компанияда қандай өзгерістер, қандай енгізулерді жүзеге асыруға болатыны жайында күн сайын ойланамын.


Күн тәртібі


Мен 05:15-те, одан артық кетсе, 05:30-да тұрамын. Жаттығу жасаймын, йогамен айналысамын, міндетті түрде алғыс білдіремін. Кейін отбасымызбен таңғы ас ішеміз де, мен балаларды балабақшаға апарамын.

Одан кейін менде әдетте жеке жұмыстар немесе тренингтер болады, егер ештеңе болмаса, оқу бағдарламаларын жазамын, кітаптар оқимын, қызықты адамдармен кездесемін.

DSC_3603.jpg

Аптасына бір рет командамызбен атқарылған жұмыстың қорытындысын жасаймыз.

Бес сағаттан кейін менің жұмыс күнім бітеді. Мен баламды балабақшадан үйге алып кетемін, кейін киноға бара аламыз, жай ғана дәмді кешкі ас ішіп, кітап оқимыз немесе онлайн-сабақтар бойынша үй жұмыстарын жасаймыз.

Ұйқыға сағат онда жатуға тырысамын.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.