Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-y-al-ash-y-s-luly-salonyny-neg-z-n-salushy-biznesti-zh-rgizu-zh-ne-120-zhas-a-dey-n-densauly-ty-alay-sa-tau-a-bolatyny-zhayynda

Астанадағы алғашқы сұлулық салонының негізін салушы бизнестi жүргiзу және 120 жасқа дейін денсаулықты қалай сақтауға болатыны жайында
1118

Амина Арапова

54 жаста, туған қаласы – Целиноград, «Ару Астана» ЖШС директоры

13.01.2019

Астанадағы алғашқы сұлулық салонының негізін салушы бизнестi жүргiзу және 120 жасқа дейін денсаулықты қалай сақтауға болатыны жайында


Бәрі қалай басталды


20181017-WED_0563.jpg

Мен медициналық институтта оқыған кезде, дәрігер-косметолог болуды армандаған едім. Бірақ сол кезде Целиноградта бұл мүмкін емес еді. Барлығы мемлекет тарапынан үлестіріліп қойылған, косметолог мөлшерлемесі бір ғана болатын және ол орында жалғыз адам болды. Осылайша мен алты жыл дәрігер-пульманолог қызметін атқардым, кейін қайта құру кезеңі болып, әлем өзгерді және өзің қалайтын мамандықты таңдау мүмкіндігі туды.

Мен косметологияның негізін алдымен Қазақстанда, ал кейін Ресей мен Францияда зерттей бастадым. Осылайша менің балалық арманымнан компаниям дүниеге келді. 1996 жылы мен Ақмола қаласында шағын екі бөлмелі пәтерде өзімнің алғашқы сұлулық салонымды аштым. Бұл дәрігер, шащштаразшы және маникюр шебері үйлескен бірегей ұйым еді. Бастапқыда адамдар бұның не екенін көру үшін келетін. Маңдайша жазуы қылқаламмен жазылды. Бірақ қазіргі «Ару» деген атауы бастапқы кезден бері сақталған.

20181017-WED_0510.jpg

Бұл бизнестегі алғашқы тәжірибем еді және жақындарым таң қалды. Анам менің сол кездегі жақсы жалақы берілетін жақсы аурухананы тастап, беймәлім салаға кеткеніме таң қалды. Бірақ ештеңеге қарамастан, жанұям барлық деңгейлерде маған қолдау көрсетті. Себебі жұмыс күні қажетті уақытта басталып, барлығы ұйқыға кететін уақытта аяқталатын. Кірді үйге алып кетуге, ал кейбір кезде салонда еден жууға тура келді. Бұл өмір мектебі болды.

1996 жылы мен Ақмола қаласында шағын екі бөлмелі пәтерде өзімнің алғашқы сұлулық салонымды аштым

Он жыл бойы біз сұлулық салоны болатынбыз. Бүгінде біз эстетикалық медицина клиникасы болып табыламыз және бұл форматта жұмыс істеп жатқанымызға 12 жыл болды. Эстетикалық медицина – бұл сау және сұлу болу мүмкіндігін беретін ғылым. Денсаулыққа кешенді түрде бағытталатын холиестика медицинасы – бұл уағыздайтын соңғы нәрсем. Клиникамыздың қағидасы – денсаулық арқылы пайда болатын сұлулық. Денің сау болса, кез-келген жаста сұлу боласың.


Клиенттерге бағытталған негіздеме


Мен барлық адамдарға өмірдің соңғы күндеріне дейін сау және бақытты болуға болады дегенді жеткізгім келеді. Аурулар – бұл жақсы емес, ешкім ауруға міндетті емес. Адам дені сау және бақытты болуы үшін өмірге келді. Дүниеге жаңадан келген сәби екі-үш айында аллергияға шылдықса немесе баланың аса белсенді болуы, тамақ ішуі нашар болуы, мектепте жинақтала алмауы жақсы емес. Бүгінде аурудың алдын-алуына бағытталған құралдар бар. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын-алуы жеңілірек. Және оның алдын-алуы үшін саламатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану қажет. Ал біз түнімен ұйықтамасақ, тәулік бойы гаджеттерде өмір сүрсек, күйзеліске ұшырасақ, зиянды тамақ ішсек, ауыра бастаймыз, дәрілер немесе дәрумендер қабылдай бастаймыз. Алайда оларды жайдан-жай, мәселен, күз келді деп ішуге болмайды. Дәрумендер – бұл емделудің құралдары.

20181017-WED_0546.jpg

Мен өзімнің косметологиялық бөлімімді мақтан етемін, себебі біздің косметология жасайтын нәрселерді ешкім ісемейді. Клиникамыздың ерекшелігі – біз сұлулыққа ішкі тұрғыдан, ал денсаулыққа – кешенді түрде қарайтынымызда. Біз тек бетті қарастырмаймыз: егер адамның бетінде ісінулер болса, бұл денесінің ішінде биохимиялық ақаулар бар деген сөз. Біз соны тексере бастаймыз.

20181017-WED_0530.jpg

Егер сенің денің сау болса, демек сұлусың және бетке химиялық препараттарды енгізудің қажеті жоқ. Егер қыз бізге келіп, бетіндегі екі әжімі бар және олар өмір сүруге кедергі келтіреді деп айтса, әрине, біз оларды алып тастаймыз. Ал егер ол қызда безеу ауруы болса, оған химиялық препараттар енгізсек, оның пайдасы болмайды, себебі мәселе оның ішектерінде. Сол себепті мен ішектер туралы бір сағат түсіндіргенім артық. Тамақтануды дұрыстау – құралдарымыздың бір түрі. Өткен жылдан бастап біз «Ару» брендімен функционалды тамақтануды жасап шығарудамыз. Ол балалар мен ересектер үшін, әйелдер мен ер адамдар үшін 100 % органикалы және әмбебап болып табылады.

Клиникамыздың ерекшелігі – біз сұлулыққа ішкі тұрғыдан, ал денсаулыққа – кешенді түрде қарайтынымызда

Ең бастысы – біз ANTI-AGE-ғылымдар саласында ғылыми-тәжірибелік қызметпен айналысамыз. Мен ANTI-AGE-терапияның халықаралық сараптау мектебінде оқып жатырмын. Бұл 120 жасқа дейін сау болып қалуға мүмкіндік беретін антиқартаюдың медицинасы. Егер қартаймау және денсаулықты сақтау жайында айтатын болсақ, ол туралы жүктілік кезінде ойлау қажет. Адам өмірге келгеннен бастап оның бойындағы биохимиялық процестері тозады. 25 жасқа дейін біз өсеміз, жүйелеріміз ретке келеді, ал кейін минусқа түсеміз. 45 жасқа қарай сау және сергек болып қалу үшін минусқа дұрыс жолмен кету қажет.


Табысқа жетудің жолы


Кәсібімнің табысы – біздің қалада алғашқылардың қатарында болғанымыз және басынан бастап көрсететін қызметтерімнің сапасы үшін жауапкершілік танытқанымның арқасы. Ол үшін біз әрдайым үйреніп, қызметімізді клиентке бағдарлау үшін көп жұмыс істейміз.

Жолымда үлкен кедергілер болған жоқ, оның орнына үлгеріп жетуді қажет ететін жаңа бағыттар бар. 2000 жылдары әйелдер жасанды кірпіктер мен тырнақтарды қаласа, біздің салонымыз алғашқы болып тырнақ өсіру қызметін көрсетті. Жеті жылдан кейін инъекциялар сәнге айналды, бұл жолы да Астанаға осындай қызметті алғашқы болып мен алып келдім.

Жолымда үлкен кедергілер болған жоқ, оның орнына үлгеріп жетуді қажет ететін жаңа бағыттар бар

Эстетикалық медицина саласындағы жаңа орын ашылған кезде, келушілердің бір бөлігі сол жаққа кетеді. Бірақ олардың бір-екі жылдан кейін бізге қайтып келуі – ең үлкен сый.


Өмірлік ұстаным


Мен адамдарды жақсы көремін. Мен оларға сенемін, және маған деген қандай қатынасты қаласам, оларға да солай қараймын. Мен өзара қатынастағы адалдықты ұнатамын, өтірік айтқанды ұнатпаймын және өзім де өтірік айтпаймын.

Менің қасарушылығым, төзімділігім және барлық тірі жанға деген махаббатым қазіргі бар жағдайыма жеткізді.

Маған Нодар Думбадзе кітаптарының біріндегі эпиграф ұнайды: «Бақыт – бұл жұмысқа рахатпен барып, қуанышты күйде үйіңе оралу».

20181017-WED_0506.jpg

Менің санамды өзгерткен кітап – Маргарет Митчеллдің «Унесенные ветром» кітабы. Соңғы кезде оқыған кітаптарымның бірі – америкалық ғалымы Дэвид Перлмуттер мен Роберта Кэмпбеллдің бестселлері. Бұл тамақтанудың денсаулыққа, орталық жүйке жүйесіне қалай ықпал ететіні туралы жазатын америкалық ғалымдар. Пациенттерімнің барлығына осы кітаптарды оқуға кеңес беремін.

Өз ісімді аяққа тұрғызу процесі кезінде мен қатты өзгердім. Мен бухгалтерлік, салық істерін, жарнаманы зерттегенде, өзгеріп отырдым. Адамдармен қатынасқа түсу барысында өзгердім. Ұжым –өзіңнің адами қасиеттеріңді әрдайым ажарлап жүретін үлкен мектеп. Ұжымға 20 жылдан астам жетекшілік етіп жүргеніме қарамастан, мен үшін әрбір адам – ашылым.

Мен адамдарды жақсы көремін


Мен жекеше тәжірибеге кеткеніме және десаулық сақтау реформаларынан алыс жүргеніме ризамын. Мен өз жолымен жүрдім.


Күн тәртібі


Мен ерте тұрамын, таңғы ас дайындаймын, сосын фитнеске барамын. Одан кейін істер басталады, мен пациенттерді қабылдауды жоспарлауға және өзімнің дамуыма уақыт бөлуге тырысамын. Егер мен қалада болсам, күнімнің екінші жартысын әрдайым клиникада өткіземін. Кешке ұзақ кешкі астарды отбасымның ортасында өткізуді ұнатамын.

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.