Маржан Аманжолова, 29 жаста, туған қаласы — Державинск, бизнесті дамыту жөніндегі менеджер
Германияға оқуға түсу жайында
Мен жақында Назарбаев Университетін MBA бойынша оқып бітірдім және 2018 жылы Erasmus+ бағдарламасымен алмасып оқу бойынша Германияға барып келдім. Бұл әртүрлі университеттермен жұмыс істейтін және әртүрлі еуропалық елдерде білім алуға мүмкіндік беретін ауқымды бағдарлама. Бағдарлама бес айға созылады және барлық шығындарды өтейді.
Назарбаев Университетінде қажетті құжаттарды жинап, сауалнамаларды толтыруға көмектесетін бөлім бар. Бағдарлама шәкіртақы алушылары үшін виза тегін және өте тез рәсімделеді, менде үш-төрт күн уақытым кетті.
Мен Дортмунд қаласында Дортмунд қолданбалы өнер және ғылым университетінде оқыдым.
Талаптар жайында
Германияда оқу үшін, мен Назарбаев Университетінде магистранттар арасындағы байқаудан өттім.
Ағылшын тілін білу керек: IELTS бойынша 6,5 балл болуы шарт және сіз ағылшын тілінде сабақ беретін жоғары оқу орнында оқуыңыз керек.
IELTS бойынша 6,5 балл болуы шарт және сіз ағылшын тілінде сабақ беретін жоғары оқу орнында оқуыңыз керек
Неліктен сіз осы бағдарлама бойынша оқуға лайықсыз деген сауалға жауап беретін жақсы шынайы мотивациялық хат жазу маңызды. Көптеген студенттер хаттты ресми стильде жазады және интернеттегі дайын үлгілерді, мысалдарды қолданады – бұл қателік.
GPA жоғары болуы керек және жобалық басқару тәжірибесі болған жөн, себебі мен бұл бағыт бойынша оқыдым.
2018 жылы студенттердің ұшуын өтейтін, тек 530 еуродан аспау керек болатын және ай сайын 800 еуро көлеміндегі шәкіртақы берілетін. Шәкіртақыдан міндетті түрде 45-тен 90 еуроға дейін тұратын сақтандыруға төлеу керек. Сонымен қатар жатақханада 250-270 еуро тұратын бөлме ұсынылады. Бұл ақша өміріме және саяхатқа жететін.
Ерекшеліктер жайында
Маған жергілікті кітапханалар және онлайн-ресурстардың кең спектрі болғаны ұнады. Дортмундтың техникалық унисерситеті біздің жоғары оқу орнымызға жақын орналасқан және мен басқа оқу орынның шәкірті ретінде рұқсатнамаға ие болып, олардың немесе қаладағы кез-келген кітапханасына кіре алатынмын.
Германиядағы білім беру біздің жүйеден ерекшеленеді, бірақ Назарбаев Университетіндегі білімнің деңгейі төменірек деп айта алмаймын. Керісінше, бізде магистратурада оқу қиынырақ және мен кейбір пәндерді жақсырақ білдім. Германияда студенттерге көбірек еркіндік береді, әрдайым үй жұмысы жайында ескерту жасай бермейді.
Біз аптасына төрт күн ғана оқыдық, ал қалған уақытта бос болдық. Соның арқасында және Дортмундтың орналасқан жері ыңғайлы болғандықтан, мен Германияның басқа жерлеріне – Дюссельдорф, Кёльн, Бонн немесе Ахен қалаларына бара алатынмын. Біз анамызбен жақын орналасқан 5 еуропа елдерінде және 10-11 жаңа қалаларда болып қайттық.
Бұл жаңа әлемді танытатын және жайлы ортадан шығуға мүмкіндік беретін үлкен өмірлік тәжірибе. Осындай бағарламаларға қатысуға кеңес беремін, себебі олардың арқасында жаңа білімге ие боласың, басқа елдердің мәдениетімен танысасың және алуан түрлі адамдармен араласа білуді үйренесің.
MBA оқуына түскенге дейін, мен «Үлкен төрттікте» жұмыс істедім, бірақ жеке кәсібімді ашуды армандадым. Қазірде нан және веналық нан өнімдерін пісіру бойынша ЖК ашу процесі үстіндемін.
Іңкәр Бекiш, 20 жаста, туған қаласы — Астана, студент
Германияға оқуға түсу жайында
Мен Астанадағы № 46 неміс мектебінде оқыдым және Германияға оқуға түсуді жоспарладым. Жалпы білім беретін мектепте оқығаныма қарамастан, сол жерде тапсырған тілдің емтихан Германияда жоғары білімге ие болу мүмкіндігін берді.
2016 жылы Марбургтегі Штуриенколлег оқу орнына түстім. Бұл шетелдік студенттерді неміс жоғары оқу орнына түсуге дайындайтын мекеме. Марбургтегі Штудиенколлег – мектебіміздің серіктесі, сол себепті мен қабылдау емтиханын Астанада тапсырдым. Ал негізінде оны тапсыру үшін барлығы Германияға барады.
Бір жылдан кейін мен құжаттарымды Берлин, Франкфурт және Марбург қалаларындағы жоғары оқу орындарына тапсырдым. Мені барлық жерлерге қабылдады, бірақ арманым Германияның астанасында оқу болғандықтан, Берлиннің оқу орнын таңдадым. Қазірде мен Берлин қаласындағы Еркін универсиетінің студентімін.
Ең қиыны – ұлттық визаны алу еді, ол үшін неміс банкінде шамамен 8000 еуро сомасы бар бұғатталған шотыңыз болуы шарт. Бұл біздің ақшасыз қалмайтынымыздың кепілі болып табылады.
Визаны алып, Германияға келгеннен кейін, шетелдіктерге арналған мекемеге өтіп, елде болу рұқсатын алу керек.
Талаптар жайында
Германияда мемлекеттік жоғары оқу орындар тегін білім береді. Оқыту неміс тілінде жүргізіледі. Менде қиындық болған жоқ, себебі 11 сыныптың өзінде менде С1 деңгейі болды.
Германияда мемлекеттік жоғары оқу орындар тегін білім береді
Неміс мектептері үшін DAАD бағдарламасы бойынша айына 700 еуро көлеміндегі 2-3 шәкіртақы береді. Сонымен қатар университеттердің жеке шәкіртақыларын өзіндігінен тауып алуға болады, бірақ олар 300 еуродан аспайды.
Кәмелет жасқа толмаған студент болса, оны жатақханаға орналастырады. Марбургтегі Штудиенколлег оқу орнына келген кезде, жасым 17 болғандықтан, мен де жатақханада тұрдым. Берлинде тұратын жерді табу қиынға соқты: алғашқы айда құрбымның үйінде тұрдым, кейін қаланың шетінде бір бөлмені жалдап тұрдым және оқу орныма дейін жету үшін екі сағаттай уақыт кететін. Бірақ қазірде мен жақсы бөлмені тауып, пәтер иесі болып табылатын неміс әйелі мен Қазақстаннан келген жігіттермен тұрамын.
Ерекшеліктер жайында
Университетте сабаққа міндетті түрде қатысу керек деген түсінік жоқ, семестр бойы сабаққа қатыспауға болады, бастысы – емтихандарды тапсыру. Сонымен қатар сабақ кестесі болмайды, студент қатысуға қалайтын сабақтарды өзі таңдайды. Он немесе екі пәнді таңдауға болады. Сол себепті жоғары оқу орынды төрт жыл ішінде бітіріп шығу керек деген шектеу жоқ – осында бес немесе алты жыл оқуға болады.
Германияда студенттерге емтиханды тапсыру үшін үш мүмкіндік беріледі. Көшіріп отыру ешкімнің ойына келмейді, себебі бұл бірден бір мүмкіндіктен айырады. Емтиханды кез-келген уақытта қайтадан тапсыруға болады – мысалы, курсқа қайтадан қатысып, бір, екі немесе үш жылдан кейін тапсыруға болады.
Бастапқы уақытта үйіңді қатты сағынасың, кейін ой-өрісіңнің өзгеріп жатқанын байқайсың және жасаған таңдауың үшін өкінбейсің. Осында сапалы білім беріледі және кемшіліктеріне қарағанда артықшылықтары көп.
Нұрдаулет
Германияға оқуға түсу жайында
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да үлгерімі жоғары және IELTS нәтижесі 6 баллдан жоғары студенттерді бір семестрге шетелде оқуға шақырады. Мен бакалавриат кезінде мобильділік бойынша Испанияға барып оқып келдім. Қазірде магистратураның екінші курсында академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кеттім. Біздің оқуымыздың, ұшып келуіміздің және тұратын жеріміздің ақысын өтеп берді.
Германияны таңдаған себебім – маған бұл ел кішкентай кезімнен ұнайтын, менің жақындарым сол жерде болды және оқыды. Мен Магдебург қаласындағы Отто фон Герике атындағы жоғары оқу орнына түстім.
Ерекшеліктер жайында
Оқу процесі кезінде қиындықтар болған доқ, ұстаздары есімде айрықша сақталып қалды. Олар тақырыпты қаншалықты түсінгенімізді, материалды игергенімізді сұрап білетін, қажет болған жағдайда, сабақтардан кейін қалып, сұрақтарымызға толықтай жауап беретін. Үй жұмысын электронды поштаға жіберетін, бұл ыңғайлы еді.
Германияда барлығы сағат сияқты жұмыс істейтіні ұнады, немістер шынымен де кешігіп жүрмейді
Германияда неміс тілінде ғана оқытатын пәндер мен факультеттер бар. Сол себепті барлығын соңғы сәтте өзгертпеу үшін, барлығын алдын-ала нақтылап қойған жөн.
Германияда барлығы сағат сияқты жұмыс істейтіні ұнады, немістер шынымен де кешігіп жүрмейді. Германиядағы оқу маған, менің мінезім мен әдеттеріме ықпал етті. Мен тәртіпке үйрендім, немістер сияқты инабатты және төзімді бола бастадым.