Ерлан Каналимов, 36 жаста, туған қаласы — Целиноград, аудан әкімі
Ауданның құрылуы жайында
Менің мемлекеттік қызметті атқарып жатқаныма 17 жыл болды, жұмысым Сарыарқа ауданының бас маманы қызметінен басталды. Жаңа ауданды салу туралы айтылған кезде, маған аталмыш жоба бойынша құрылған жұмыс тобын басқаруды тапсырды. Байқоңыр ауданы Сарыарқа және Алматы аудандарының бөліктерін біріктірді. Қазірде ол жер аумағы бойынша қаланың екінші ауданы болып табылады. Жаңа ауданның ерекшелігі – оның аумағына қаланың өнеркәсіпктік аймақтары мен орталық базарлары кіреді.
Елорданың халық саны өсті және шаруашылық пен басқа да маңызды сұрақтарды жедел түрде шешу қажеттігі туындады. Ол үшін аймақты бөлу керек болды. Жаңа аудан қаланың шеткі аймақтары мен жекеменшік секторларына көңіл бөлу мақсатымен құрылды. Бұл аймақта елорданың барлық ірі кәсіпорындары кіреді. Және оларды дамыту үшін, көп күш жұмсау керек.
Байқоңыр ауданының әкімі болу мен үшін үлкен абырой, мақтаныш және жауапкершілік. Бастапқы уақытта бізге қолдау көрсеткен адамдарға алғысымды білдіремін. Біз ауданды жаңадан тұрғыздық, ал қалыптасу кезеңдерінде әрқашан қиын болады. Сол кезде жылдық бюджет қаланың басқа аудандарына үлестіріліп қойылды, сол себепті бізге барлық мәселелерді жедел шешуге тура келді. Мен үшін аудан – еліміздің, қаламыздың басшылығының арқасында және біздің ортақ күшімізбен жасалған жұмыс.
Мен үшін аудан – еліміздің, қаламыздың басшылығының арқасында және біздің ортақ күшімізбен жасалған жұмыс
Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап, тұрғындармен байланыс орнату маңызды болып табылады. Барлық байланыс каналдары ашық болды және бірінші аптаның ішінде бізге 2000-нан астам ұсыныстар түсті. Біз мәселелердің басымдықтарын айқындап, ең өзекті сұрақтарды белгілеп қойдық.
Мәні мен ерекшеліктері жайында
Бұл ауданның барлық жерлері жаныма жақын болып кетті. Мен жекеменшік секторларға және тұрғын алаптарына жиі барып тұрамын, қала тұрғындарымен араласамын. Біз үшін ашық болып, әрбір адамның пікірін тыңдау маңызды. Байқоңырға елордамыздың ескі аудандары енеді. Бұл жерлер тұрғындар үшін маңызды орын алады. Біз ескі аудандарды жаңғыртып, жекеменшік секторларды алдыңғы қатарға қойып жатырмыз.
Ауданды қабылдаған кезде, көшелердің кейбір бөліктерінде жарық болған жоқ. Бұл үлкен мәселеге айналды. Біз кварталішін жарықпен қамтамасыз ету мәселесімен жұмыс істей бастадық. Бірақ тұрғындар мәселенің тез арада шешілуін қалайтын кездер болады. Біз өтініштерді ескеруге тырысамыз, бірақ қаржылық және техникалық мүмкіндіктер әрдайым бола бермейді.
Жолдарға, әсіресе жағдайлары тым нашар аумақтарға ерекше көңіл бөлдік. Жаяужолдарды жөнге келтірдік, жаңа балалар алаңдарын ашып, қоқыс жәшіктерін орнаттық. Біз ауданның тұрғындарын ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатын ұстандық.
Ауданымыздың тұрғындарының ерекшелігі – барлығы өзертулерге түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеді.
Тұрғындармен байланыс орнатудың жолы
Байқоңыр ауданының аумағында 452 көпқабатты үйлер орналасқан. Бұл үйлердің бір бөлігі астананы көшірудің алдында салынған. Сол себепті алдымен бұл үйлердің ауларын абаттандырып, тұру жағдайларын жақсарту керек болды. Біз екі ай уақытты бөліп, жағдайдың толық талдауын жасадық, нені өзгерту керек екенін түсіндік. Өткен жылы ауданның 50-ден астам аулалары өзгерді. Футбол алаңдарын, спорттық алаңдарды орнаттық. Сонымен қатар аулалық клубтарды ашу арқылы үлкен буын өкілдері мен жастар арасында бос уақытты өткізу жағдайларын біріктірдік. Өткен жылы біз бес жаңа аулалық клубтарды және зейнеткерлер үшін балалармен тегін барып қайтуға болатын бес шағын орталықтарды аштық.
Өткен жылы біз бес жаңа аулалық клубтарды және зейнеткерлер үшін балалармен тегін барып қайтуға болатын бес шағын орталықтарды аштық
Жаңғырту процесі тиімді және экономды өтуі үшін, біз модераторлар мектебін іске асырдық. Молодежный ықшам ауданы бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға көмектескен танымал ресейлік урбанистті шақырдық. Мектеп – бұл ықшам ауданы тұрғындарының барлық ниеттері мен ұсыныстарының модерациясы. Жобаға қатысып жатқан әрбір адамның пікірі ескеріледі.
Біз аулалардың жобаларын тұрғындарға көрсеттік, ал олар өзгерістерін енгізді. Аулалар олардың таңдауы мен қажеттіліктері бойынша абаттандырылды. Кейбір жерлерде иттер үшін қаумалдарды орнатуды, балалар алаңдарын көбірек салуды өтінді, кейбір жерлерде тұрғындар ортақ аулалық мерекелер үшін арнайы алаңдардың бөлінгенін қалады. Ұсыныстардың негізінде біз қорытынды нұсқаны жобап шығарамыз. Бұл уақыт аралығында 16 ауланы біріктірдік, бізбен 52 модератор жұмыс жасайды. Бұл тұрғындар арасында сауалнама өткізіп, есептер дайындайтын еріктілер.
Ауданды абаттандырудың жолы
Экология және тазалық өзекті және маңызды мәселе болып қала береді. Бұл аула аумақтарын күту, тазалау, ауданды көгалдандыру. Біз жыл сайын ауданның аумағында гүлдер мен бұталы қоршауларды отырғызамыз. Өткен жылдың ішінде 2000-нан астам ағаштарды отырғыздық. «Болашақ» халықаралық бағдарлама қатысушыларының арқасында Ақбұлақ өзенінің бойында жаңа шие ағаштары аллеясы салынды. Менің ойымша, бұл аудан тұрғындарының сүйікті жері болады.
Біз ауданды жалданған кәсіпорындар жұмыс істейтін бес орамдарға бөлдік. Бұрын олардың саны төрт есе көп болды. Біз кварталішін қолмен тазалау түсінігін алып тастап, орамның барлық тазалық сақтау жүйелерін біріктірдік. Енді әрбір компанияда жұмыстың барлық түрлерін орындайтын техникасы мен адамдары болуы керек. Бұл аудан бойынша тазалық сақтауда өзінің нәтижелері мен пайдасын беріп жатыр.
Өткен жылдың ішінде аудан бойынша жылы және заманауи аялдамаларды орнату жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Жекеменшік секторда күл үшін арнайы контейнерлерді орнату мәселесі шешіліп жатыр.
Тұрғындарды біріктіру үшін біз көп спорттық және мәдени іс шараларды өткіздік. Тұрғын алаптарында алғаш рет мұз қалашықтарын, ал жекеменшік секторда балаларға арналған үш футбол алаңын салдық. Жаттығу құрылғылары мен ойын алаңдарын орнаттық.
Тұрғындарды біріктіру үшін біз көп спорттық және мәдени іс шараларды өткіздік
Жоспарлар жайында
Біз жаңа саябақ аумақтарын бөліп қойдық, олардың үшеуі жақында ашылады. Бұл сауда нүктелері мен тамақтану орындары болатын жасыл саябақтар болады. Осында отбасымен демалуға болады. Оған қоса «Ататүрік» отбасылық демалыс саябағында көп іс-шараларды өткізуді қалаймыз. Жалпы аудан бойынша жылына 600-ден астам іс-шаралар жоспарланған. Экоауыл ауданында этноауыл құрып, ауа райы жылыған кезде, үлкен мерекені ұйымдастыру жоспары бар.
Аудан бойынша 20 жаңа велосипед жолдары пайда болады. Жаңа велостанцияларды ашу жоспары бар, себебі ортақ велосипедтерді пайдалануды қалайтын ниеттілер көп.
Сонымен қатар жастарға арналған жобалар бар. Ауданымызда коворкинг-орталығын ашуды қалаймыз. Workout Федерациясымен бірігіп, жастар арасында танымал болып табылатын үш спорт алаңын аштық. Биыл осындай тағы бес орын ашылады.
Тегін медициналық көмек көрсету орталықтары, компьтерлік сауаттылықты оқыту орталықтары ашылып жатыр. Ірі сауда орталықтарында тегін медициналық тексерістерді өткізуді жоспарлаймыз.
Оған қоса дәрігерлік амбулаторияны ашып жатырмыз. Егер бұрын тұрғындар медициналық қызметтерді Үшінші поликлиникада алса, жаңа орталықтардың ашылуымен дәрігерлерге тезірек, жақынырақ және ыңғайлырақ қаралу мүмкіндігі бар.
Белсенді түрде базарларды жаңғыртуды өткізіп жатырмыз. Мақсатымыз – базарлардың жұмысын жаңа сауда орталықтары үлгісіне ауыстыру. Сауда павильондарында барлық сауда өкілдеріне жалдаудың қалыпты шарттарына сай тең аумақтар бөлінеді. Бұл жұмыс орындары мен түсім бөлігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сауда орталықтарында демалуға, фудкортқа арналған жерлер, ана мен бала бөлмелері болады. Барлығы заманауи және ыңғайлы болады. Менің ойымша, жоғарыда айтылған жобалардың нәтижелері ауданды қаланың алдыңғы қатарлы ауданына айналдырады.