Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b8d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b8d22ebc46cbeb38e31886cb6da0f36c.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
almatyly-tar-s-y-kt-ala-kofehana-bar-zh-ne-k-sheler-zhayynda
Алматылықтар сүйікті алаң, кофехана, бар және көшелері жайында
561

04.05.2022

Алматылықтар сүйікті алаң, кофехана, бар және көшелері жайында

Карина Сыздыкова, Саятжан Мадиев, Айони Хауст және Ажар Магзумова Алматыдағы сүйікті орындары жайлы айтып берді.


Карина Сыздыкова, қаласы — Алматы, блогер, @karisha.syzdykova


Карина Сыздыкова.jpg

Біздің 8:00-ден бастап ашық, сүйкімді кофеханаларды жақсы көремін. Балаларды мектепке апарғаннан кейін барып жұмыс істей аламын немесе армандаймын. Балалармен уақыт өткізуге болатын, оларға жайлы әрі дәмді болатын жерлерді жақсы көремін.

Geronimo, @geronimo_lap


Дәмді пицца мен бәліші бар пиццерия. Бұл балалар сурет сала алатын, ал отбасы дәмді тамақтанатындай отбасылық жер.

Aroma, @aroma_kz


Сүйікті кофейханам. Мұнда көп уақыт өткізетіндіктен, менің ұлдарым оны «Маманың құпия орны» деп атайды. Дәмді таңғы ас пен жайлы атмосфера бар.

Big Apple, @big_apple_coffee


Менің сүйікті кокос ұнынан жасалған ірімшіктер тек осында ғана бар! Дәмді кофе және сыпайы, мұқият персонал.

Ray Pool Farm House, @farmhouse_kz


Кез келген маусымда отбасымның сүйікті орны. Алматыдан кетпей, қаладан тыс жерге барғанды қаласаң — таптырмас орын. Үйшіктер, жылыжайлар, бассейндер, ферма және сыр қайнататын орын бар. Мұнда бәрі бар! Маңайдағы мейрамханарларда дәмді тамақтануға, үйшікке қоныстап, өзің бірдене әзірлеуге болады.

Zumrut, @zumrut.almaty


Мен Стамбулды жақсы көремін және ол қалаға жиі ұшамын. Менің түрік асханасына деген махаббатым сол жақтан. Zumrut — бұл Алматыдағы Түркияның бір бөлшегі. Ішкі көрінісі мен түпнұсқалы тағамдары жоғары деңгейде.

Esentai саябағы


Шөпке жату, ойыншықтармен ойнау және жазғы күннің батқанына қарау үшін біз осында келеміз. Отбасымыз өзімізбен бірге жамылғыларды алып жүреміз, ал ұлдарым осы саябақта ойнағанды ұнатады.

Саятжан Мадиев, 31 жас, қаласы — Алматы, блогер, @mad.saya


Саятжан Мадиев.jpg

Калинин көшесі


Көбіне мен Көне орталықта боламын. Мені Фурманова мен Дзержинский көшесі аралығындағы Калинин көшесінде кездестіруге болады. Сондағы мейрамханаларда отырған ұнайды.

28 панфиловшылар саябағы


Соңғы кездері 28 панфиловшылар саябағында серуендеймін. Жағымды атмосфера ұнайды. Бұрын кеңсем саябақ ауданындағы Офицерлер үйінде болған. Жанынан өткен кезде жылы естеліктер еске түседі.

Төлебаев көшесі


Сүйікті жерім — бұл Абайдан Төле биге дейінгі Төлебаев көшесі. Маған көне қала атмосферасы ұнайды.

ҚазҰОБТ алаңы


ҚазҰОБТ алаңы, «Неделька» субұрқағы ұнайды. Аптасына бірнеше рет нақты осы жерде боламын. Маршрут сай келсе, алаң арқылы өтемін.

Айони Хауст, 24 жас, қаласы — Алматы, фотограф, @aiony


Айони Хауст.jpg

Көбіне фотостудияларда, кофеханаларда және әртүрлі жерлерде боламын.

Төлебаев көшесі


Төлебаев көшесімен серуендеп, өзіммен-өзім музыка тыңдағанды жақсы көремін. Бұл көшенің жайлы атмосферасы ұнайды.

Luckee Yu


Мен көбіне азиялық пен паназиялық тағамдарды ұнатамын. Көбіне осында боламын. Вонг Кар Вай фильмдерінің эстетикасы мен дәмді тағамдар бар!

Vzletnaya


Бұл менің демалатын, музыка тыңдайтын және билей алатын сүйікті орным. Демалыс пен көп ойлағанды қою керек кезде кешті осында өткіземін.

Ажар Магзумова, 29 жас, қаласы — Алматы, кәсіпкер, @azharka_mag


Ажар Магзумова.jpg

Алматы — менің туған қалам. Мен 1992 жылы дүниеге келдім және алғашқы күндерден бастап тұрмыс құрғанға дейін алтын алаңда тұрдым. Сондықтан менің сүйікті жерлерім, көшелерім дәл орталықта орналасқан. Мен осында өстім.

«Неделька» субұрқағы


«Недельканы», Құрманғазы, Калинин, біраз уақыттан бері Панфилов көшелерін жақсы көремін. Ауа-райы жақсы болған кезде жиі серуендейміз.

«Никулин бары»


«Никулин бары» — менің сүйікті барым. Бұл жер көбінің сүйікті орнына айналуына және жайлы болуы үшін әрқайсымыз өз жаны мен махаббаттын салды.

Dostyk Plaza сауда орталығы


Барлық сауда орталықтарынан Dostyk Plaza-ны жақсы көремін. Ол мен үшін жайлылырақ. Мұнда мен керегімді таба аламын, көлік жуу, тамақ ішу және бірден азық-түліктерді ала аламын.

Ресторандар


Тамақ ішетін, сүйікті орным «Театралка», сонымен бірге Cafeteria, Bitanga мен Del Papa.

Ленин көшесіненен әрі қарай орналасқан Әл-Фараби көпірі


Көпірді бұл жерде күйеуім екеуіміздің қарым-қатынастарымыз бен барлық романтика басталғандықтан жақсы көремін. 10 жыл бұрын күн сайын келіп достарымызбен отыратынбыз. Егер де менің армандағым келсе, бірден осында келер едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.