facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/a40/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/a40be178afc8439b5aa1d35857da0d49.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
singapurda-y-biznes-aza-standy-kompaniya-ashu-zh-ne-sheteldeg-b-sekege-ab-lett-l-k
logo
Сингапурдағы бизнес. Қазақстандық компания ашу және шетелдегі бәсекеге қабілеттілік

28.07.2022

Сингапурдағы бизнес. Қазақстандық компания ашу және шетелдегі бәсекеге қабілеттілік

Ахмет Ишмұхамедов — Сингапурда бизнесін дамытып жатқан қазақстандық кәсіпкер. Бәсекеге қабілетті бизнестің құрылуы және қазақстандықтар үшін маңызды дағдылар туралы атып әңігімелейді.

Ахмет Ишмухамедов, Сингапур қаласы, кәсіпкер, linkedin


Қоныс аудару туралы


Мен Сингапурда отбасыммен тұрамын. Мен мұнда екі компанияны дамытып отырмын.

Мен 2006 жылы Қазақстан Сингапурдың даму практикасын көп көшіретінін байқадым. Сондай-ақ, халықаралық алмасу бойынша Оңтүстік Кореяда оқыдым, онда конференциялардың бірінде Сингапур ұлттық университетінің Президентімен танысқан едім. Ол кісімен танысу маған қатты әсер етті, сондықтан мен сол жерде оқығым келді.

2015 жылы мен Қазақстанда Sauwat Strategy компаниясын құрдым. Мен әлемдік экономиканың өсу нүктесі, бизнесті ары қарай дамыту мүмкіндігін іздеп жүрдім де, таңдауым Оңтүстік-Шығыс Азияға түсті, өйткені бұл шамамен 700 миллион адам тұратын тез дамып келе жатқан орта табы бар үлкен нарық. Көптеген ірі халықаралық компаниялар осы нарықты игеруге тырысады. Ал Сингапур – бұл жерде өңірлік хаб ретінде әрекет етеді. Сондай-ақ маған бұл елде жыл бойы жағымды климат болатыны, адамдар заңды бұзбайтыны, отбасымен өмір сүру үшін қолайлы болғаны үшін ұнады.

Сингапурдағы бизнес. Қазақстандық компания ашу және шетелдегі бәсекеге қабілеттілік

Сондықтан 2016 жылы мен Сингапур ұлттық университетінің MBA бағдарламасына түсіп, көшіп кеттім. Оқу және тағылымдамадан өту кезінде маған жергілікті бизнес-климат, нетворкинг ұнайтынын түсіндім. Өз бизнесімді сонда аударамын деп шештім. Сондықтан біз осында қалдық және таңдауымызға өкінбейміз.

Бейімделу және уақытша қиындықтар туралы


Мен көп саяхаттаймын. Алғашқы білімді АҚШ-та алғандықтан, оқу кезінде Ұлыбританияда, Чилиде, Бельгияда академиялық алмасу бойынша болдым. КИМЭП-тегі оқу кезінде жарты жылға Оңтүстік Кореяда болдым. Сондықтан менде жаңа елде бейімделу тәжірибесі болды.

Бірақ мен үшін отбасыммен көшуді ұйымдастыру жаңа нәрсе болды. Біз қызымызбен бірге көштік, сондықтан пәтер мәселесін шешіп, қолайлы мектеп табу керек болды. Сингапур қымбат қала болғандықтан, бұл өте қиын болды.

Сингапур малай, үнді және қытай мәдениетін біріктіретін қала. Сондықтан жергілікті ерекшеліктерге үйрену керек болды.

Бір қызығы, мұнда сіз қаланы аралап, адамдармен сөйлесетін жергілікті Премьер-министрді оңай кездестіре аласыз.

Сингапурда бәрі жүйеленген, таза, ережелер бойынша жұмыс істейді. Егер сізде ақша болса, мұнда сізге қажет нәрсенің бәрін табу оңайға соғады.

Сингапурда бәрі жүйеленген, ережелер бойынша жұмыс істейді

Егер сіз Сингапурға көшкіңіз келсе, бірнеше нәрсені ескеру қажет. Біріншіден, жергілікті заңдарды сақтау маңызды. Мұнда өмір сүру үшін жағдай жасалады, бірақ сіз ережелерге сәйкес өмір сүруіңіз керек, әйтпесе сізге үлкен айыппұл төлеуге тура келеді. Екіншіден, байсалды бәсекелестікке дайын болу, жасампаз және жаңа мүмкіндіктерге ашық болу, нетворкинг туралы ұмытпау керек. Маған MBA бағдарламасы бойынша оқу көмектесті. Егер сіз Оңтүстік-Шығыс Азияда өмір сүргіңіз келсе, жергілікті жоғарғы университеттерге мұқият қарауды ұсынамын. Соңында айтатыным, шетелде сіз тек өзіңізге сене аласыз, сондықтан көп жұмыс істеуге тура келеді.

Бизнес және бәсекелестік туралы

Мен Сингапурда екі компанияны дамытып отырмын. Біріншісі – Sauwat Strategy-шағын және орта бизнеске Оңтүстік-Шығыс Азия мен Орта Азия нарықтарына енуге көмектеседі. Біз бес өнімді ұсынамыз: салалық талдау, нарыққа шығу стратегиялары, әлеуетті серіктестерді тексеру, келіссөздер деңгейіндегі бизнес-аударымдар, іс-шараларды офлайн-форматтан онлайн форматқа ауыстыру.

Екіншісі — Sauwat.Education — мектептер мен компанияларға әлемнің кез келген нүктесінен оқытушылар мен профессорларды табуға көмектесетін платформа. Ерекшелігі, бұл дайын жазылған сабақтар емес, онлайн режимінде тікелей байланыс болады. Жақын арада Қазақстанның оқу орындарымен пилоттық бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бізде мектептер мен университеттермен, сондай-ақ оқытушылармен келісімдер бар.

Шетелдікке Сингапурда компания ашу оңай

Шетелдікке Сингапурда компания ашу оңай. Бірақ сіз бірнеше маңызды нәрсені ескеруіңіз керек:

— егер сізде жұмыс визасы болмаса, онда сіз жергілікті директорды табуыңыз керек

—сізде аккредиттелген корпоративті хатшы болуы керек

— жарғылық капитал неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. 10 000 $ және одан жоғары қою ұсынылады

— сондай-ақ банк шотын ашу қажет

— компания ашылған соң, компания атынан сізге жұмыс визасына құжаттарды тапсыруы керек.

Мұнда сіздің жарғылық капиталыңыздың мөлшері маңызды. Бұл сіздің алты айлық жалақыңыздың мөлшеріне тең болуы керек. Заң бойынша, егер сіз отбасыңызбен келген болсаңыз, сіздің жалақыңыз кем дегенде 6500 Сингапур доллары болуы керек.

Осындай барлық процестерде сізге көмектесетін қызметтер табылады, бірақ қызметтер шамамен 5000-10 000 $ тұрады. Сондықтан қаржылық тұрғыдан дайын болу керек.

Сингапурда ерекше жұмыс мәдениеті — Батыс пен Шығыстың араласуы. Бір жағынан, мұнда жұмысқа және жұмыс уақытына практикалық көзқарас дамыған. Бірақ екінші жағынан, көптеген адамдар тынбай жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындар біреу ұжымдағы артықшылығын көрсеткенді ұнатпайды. Сондықтан, егер сізде бөліскіңіз келетін көптеген идеялар болса, осындай жағдайды мұқияттау керек.

Сингапурдағы бизнес. Қазақстандық компания ашу және шетелдегі бәсекеге қабілеттілік

Серіктестік қарым-қатынаста сенім маңызды — бұл азиялық мәдениеттің ерекшелігі. Жергілікті серіктестер таңдауда абай болыңыз, олар бір-бірін жақсырақ білуге тырысады, сондықтан барлық процестер баяу жүреді, ұзақ мерзімді қатынастарға бағытталған.

Сингапурда бәсекеге қабілетті болу үшін тек білім мен техникалық дағдылардың болуы маңызды емес. Hard Skills — бұл сізге нарыққа кіруді қамтамасыз ететін және онсыз ештеңе істей алмайтын стандартты жиынтық. Бірақ soft skills-ті дамыту маңызды. Менің ойымша, біздің мәдениетімізде жаңа жерге тез бейімделуге, бейтаныс нарықтарға шығуға үлкен бейімділік бар. Қазақстандықтар жағдайды және аудиторияны сезіне алады, қарым-қатынас орната алады, креативтілік таныта алады. Бұл өте маңызды. Сондықтан мен жан-жақты болуға, мектептен бастап түрлі салаларда дамуға кеңес беремін. Сонда сіз командаларды оңай басқара аласыз, әртүрлі адамдармен байланыс орната аласыз, идеяларыңызды жеткізе аласыз, көшбасшы бола аласыз. Өте күшті hard skills, бірақ әлсіз коммуникациялық дағдылары бар адамдар тек жақсы орындаушылар болып қала береді. Менің ойымша, бұл Жапония, Қытай және Кореядан келген адамдарға қарағанда біздің үлкен артықшылығымыз.

Қоныс аудару әсері

Кез-келген қозғалыс, ең алдымен, өз құндылықтарын қайта қарастыру, дағдылар мен білімді тексеру, өз әлеуетін бағалау болып табылады. Бұл әрқашан сізді шыңдайды, жеке өсуіңізді қамтамасыз етеді. Шетелде сіз бүкіл әлемнің дарындарымен бәсекелесесіз, өзіңізге ғана сенесіз, өз еліңіздің атынан өкілдік етесіңз. Бұл көп нәрсені жасауға, өз мүмкіндіктерінен тыс шығуға итермелейді.

Бүгінгі таңда дәстүрлі бизнес жұмыс істемейді және тоқтап қалмау үшін креативті технологиялық шешімдерді іске асырып, трансформация жасау керек. Сондықтан қазіргі дағдарыс туындаған кезде жаңа жұмыс стратегияларын ойластыра бастадым. Бұл мен үшін оңай болды, өйткені маған жаңа нәрсе жасау ұнайды. Қандай проблемалар туындағанын көріп, екінші компания құрдым. Қазір біз жобаны Қазақстанда іске қосу бойынша жұмыс жасап жатырмыз, содан кейін Индонезия, Бразилия нарығына шығамыз. Мүмкін біз жаңа сандық қызметтерді ұсынатын шығармыз. Сонымен қатар, Орта Азиядағы туризм саласындағы жобамен жұмыс істейміз.Онлайн сабақ беруді де жалғастырудамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.