facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mektep-ma-s-tbek-aytma-anbet-tl-zhet-st-g-n-sebeb-men-memlekett-k-mektepterd-zgertu-azhett-l-g-zhayynda
logo
Мектеп. Мақсұтбек Айтмағанбет ҚТЛ жетістігінің себебі мен мемлекеттік мектептерді өзгерту қажеттілігі жайында

07.04.2019

Мектеп. Мақсұтбек Айтмағанбет ҚТЛ жетістігінің себебі мен мемлекеттік мектептерді өзгерту қажеттілігі жайында

Мақсұтбек Айтмағанбет, 38 жаста, туған қаласы — Жезқазған, Қазақстандағы InterExchange компаниясының өңірлік директоры

главная.jpg


Өткені


Мен әртүрлі мектептерде оқыдым. Қарағанды облысының Жайрем ауылында бірінші сыныпқа бардым. Сегізінші сыныпта менің отбасым Сатпаев қаласына көшті, сол жерде мен бір-ақ тоқсанды оқып шықтым. Кейін Жезқазған қаласындағы Қазақ-түрік лицейіне түстім.

Ауылдық мектепте оқу қызықты болатын, себебі ауыл кішкентай, көбісі бір-бірін жақсы танитын. Мұғалімдердің басым бөлігі мектептегі немесе ауладағы достарымның аналары еді. Бір жылулық сезілетін. Кейбір кезде бұл көмектесетін, ал кейбір кезде пайдасы болмайтын. Кейбір мұғалімдерді ата-анамның іс шараларында жиі көретінмін. Кейбір кезде өзің үшін, кейбір жағдайларда ұятқа қалмайтындай ата-анаң үшін оқуға тура келетін.

Мен бірінші сыныптан бастап озат болдым, белсенді оқушы, сынып басшысы болдым. ҚТЛ-де барлығы басқаша еді. Сол жерде мен озат емес екенімді түсіндім. Ағылшын тілінде оқу қиынға соғатын. Алғашқы үштіктермен қатар, аралық бақылауларды тапсыра алмай, оқудан шығып кету қорқынышы пайда болды. Бірақ бұның барлығы өтті. Бұл ең қызықты мектеп кездері еді.

Сүйікті мұғалімдер де, аса ұнатпайтын мұғалімдер де болды. Жайремдегі сүйікті ұстазым біздің сынып жетекшіміз Бейсенбаева Жақсылық Бейсенбаевна еді. Ол қатал, бірақ әділетті болатын. Бізді көп нәрселерге үйретті. Біріншіден, өз әрекеттеріміз үшін жауапты болуды үйретті.

Біріңғай форма, командир, староста, медбике, пионер жетекшісі – мектеп әскердің бір бөлігі сияқты болды


ҚТЛ-дегі сүйікті ұстазым – Нихат Бұлбұл деген түрік болатын. Ол тарих сабағын оқытты, ал мен бұл пәнді өте жақсы көретінмін. Біз әртүрлі тақырыптарды жиі талқылайтынбыз. Кеңес мектептерінде бізді бір нәрсеге, ал Түркияда басқа нәрсеге үйретті. Позициялар мен пікірлер әртүрлі болатын. Бұл қызықты еді, мен бір нәрсеге әртүрлі көзқараспен қарауға үйрендім. Маған география пәні де ұнайтын, әлі күнге дейін оны тәжірибе жүзінде зерттеп келемін.

Басынан бастап маған химия ұнаған жоқ. Мұғалім бізді қызықтыра алмады, ол тіпті бұл ұнаматпаушылықтың себепкері болды. Өкінішке орай, мектептерде бұндай жағдайлар жиі орын алады.

Мен 1987 жылдан 1998 жылға дейін оқыдым. Сол себепті мен классикалық кеңестік білім берудің, тәуелсіздік қарсаңында «эксперименталды» қазақстандық білім беру мен ҚТЛ-дегі оқытудың куәсі болдым. Егер кеңестік білім беру жайында айтсақ, ол өзінің тәртібімен есімде сақталып қалды. Біріңғай форма, командир, староста, медбике, пионер жетекшісі – мектеп әскердің бір бөлігі сияқты болды. Біз бір саппен асханаға баратынбыз, әрқашан түгенделіп, шумақты ұрандар айтатынбыз. Озат оқушылар айрықша құқықтарға ие болды. Егер сен белсенді болсаң, барлық жолдар ашылады. Мемлекет мектепті және жалпы білім беру саласын қажеттілігіне орай 100 % өзіне бағындыра алды. Сол кезең үшін бұл тиімді еді. Жүйеде білімге қарағанда идеология көбірек орын алатын.

1 (1).jpg

Ал ҚТЛ-де мен өзім жайында көп нәрселерді білдім. Сол жерде мен өздігінен әрекет етуді, өзіме сенімді, әлемге ашық және толерантты болуды үйрендім. Лицейде кеңес мектепте оқытқандай бір нәрсенің бөлігі емес екенімді түсініп, өз «Менімді» айқындай алдым. Сонымен қатар бізге бірге жұмыс істеуді, бір-біріміздің, ата-анамыздың, жақындарымыздың, еліміздің қамын ойлауды үйретті. Тәрбие мен адамгершілік бірінші орында тұрды. Оқу процесі қарапайым мемлекеттік мекептерден ерекшеленетін. Тәңертеңнен түске дейін қиын сабақтар болатын. Одан кейін түскі ас. Түскі астан кейін мектеп жанындағы жатақханада бір сағаттық тынығу. Сағат 15:00-ден шамамен 17:00-ге дейін бірнеше жеңіл сабақтар өтетін. Ал кешкі уақытта біз тәрбиешілермен және басқа балалармен бірге үй жұмыстарын орныдайтынбыз. Пәнді меңгеру үшін мини тесттер мен қателіктермен жұмыстар жиі өткізілетін, бұл маған ұнайтын. Ал соңында барлық тесттерден құрылған midterm exam тапсыратынбыз.

Мектеп – бұл алдымен адамдар, яғни мұғалімдер мен сыныптастар


Әрбір мектеп өзінің ерекшеліктерімен бөлісті. Бірдей мектептер болмайды. Стандарттар мен мемлекеттік метептер жайлы айтқан кезде, менде барлығы бірдей деген түсінік жоқ. Мектеп – бұл алдымен адамдар, яғни мұғалімдер мен сыныптастар. Егер ұстаздар кәсіби тұрғыдан мықты болып, білімді бере алса – бұл жақсы. Ал егер мықты болып, білімді бере алмаса – бұл өте жаман. Біз осындай мұғалімдерді жиі кездестіреміз.

Сол себепті маған алдымен мектептегі адамдар – менің сыныптастарым мен мұғалімдерім ықпал етті. Әрбір мұғалім мен оқушыдан бір нәрсені үйренуге болады. Тек ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білу керек.


Бүгіні


Мен мектептердің жұмысымен байланысты емеспін, бірақ ата-ана ретінде жағымды және жағымсыз жақтарын көріп отырамын.

Еліміздің қазіргі даму кезеңінде біздің барлық мектептеріміз әлі күнге дейін эксперимент жасап келе жатыр. Біздің не қалайтынымз жайында түсінігіміз жоқ. Дұрысырақ айтқанда, біз нақты бір нәрсені қалаймыз және мақсатқа әртүлі жолдармен жетуге тырысып жатырмыз. Мен бұған қарсымын. Басқа елдердің тәжірибелері мен қателіктерін зерттеуге болады. Мен алдымен жағдайымызды талдап, мәселеге ғылыми тұрғыдан қарап, кейін ғана реформаларға көшуді ұсынар едім.

Мысалы, оқытудың стандарттары. Біз еліміздің барлық мектептерінде бірдей пәндерді оқытамыз. Ал бұның қажеті бар ма? Мүмкін, ауылдық жерлерде бұл пәндердің қажеті жоқ шығар. Мүмкін, оқушылардың біреуі ауылда қалуды және биология, георгафия, химия бойынша көбірек білім алуды қалайды. Немесе жоғары сыныптардағы техникалық саланың болашақ мамандырына кейбір пәндер қажет емес. Бұл орайда, білімге деген қолжетімділік барлық оқушыларда бірдей болуы керек деген пікір бар. Бірақ олай болса, барлық ауылдық мектептерді жақсы мұғалімдер мен қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету керек.

Менің көріп отырғанымдай, оқытуға деген қатынас қатты өзгерген жоқ. Мұғалімдер ойлау мен алынған білімді қолдануды емес, білуді үйретеді. Бірақ ең бастысы – алынған білімді қолдана білу. Аз біліп, бірақ бұл білімді толық көлемде қолдана білген артық. Білім еңбек нарығына сай болуы тиіс. Нарыққа көп білетіндердің орнына көп істей алатын адамдар қажет. Бізде қазір осылай.

Егер бала бірінші сыныпқа барса, мектеп міндетті түрде жақын орналасуы тиіс. Бала ұйқысын қандырып, мектепке барғанда, шаршамауы керек. Біз осы қағида бойынша мектепке бардық. Біздің екі баламыз үйдің жанындағы мектепке барды. Олар өскеннен кейін, біз өзіміз мектепке жақынырақ көшіп отыратынбыз. Балаларға 30-40 минут уақыттарын кептелістерге кетірудің қажеттілігі жоқ.

2 (1).jpg

Қашықтықтан бөлек, мен үшін мектептегі атмосфера маңызды орын алады. Бала балалық шағының басым бөлігін мектепте өткізеді. Ол бұл оның мектебі екенін сезінуі керек, оқушыны құрметтейтін және оны қабылдайтын мекені болуы керек. Одан стандартты және тілалғыш баланы қалыптастыруға тырыспау керек. Өкінішке орай, біздің қоғамда тілалғыш оқушы жақсы оқушы болып саналады. Бұл дұрыс емес. Балалар өздерінің ойлары, армандары мен иделары бойынша максималды түрде еркін болуы керек. Тек сондай балалар ғана орасан зор нәрселер жайында армандай алады. Тілалғыш, идеясыз, жігерсіз балалар ешқашан «тесланы», WhatsApp’-ты, Facebook’-ті немесе Uber’-ді шығара алмайды.

Тілалғыш, идеясыз, жігерсіз балалар ешқашан «тесланы», WhatsApp’-ты, Facebook’-ті немесе Uber’-ді шығара алмайды


Тоғыз жасар қызымызды жаңа мектепке берер алдында, біз оны сол мектепке апарып көрдік. Ол сыныптарды, ойын алаңдарын көріп, мұғалімдермен және балалармен араласып көруді қалады. Директор мен оқу ісінің меңгерушісіне де кіріп шықты, олар баланың сұрақтарына жауап берді. Оған барлығы ұнады және ол осы жекеменшік мектепке барды. Мемлекеттік мектептер осылай қабылдай алмайтын сияқты.


Болашақ жайында


Бүкіл әлемдегі білім беру саласындағы мамандар мінсіз мектепті жасап шығару мәселесімен айналысып жатыр. Барлығы мінсіз мектепті жасап шығаруды қалайды. Тіпті Цукерберг пен Маск деңгейіндегі кәсіпкерлер де бірдеңені ойлап шығаруға талпынады. Мысалы, Масктың мектебінде балаларды сынып пен жас ерекшеліктеріне қарай емес, білім деңгейлері бойынша оқытады. Біз бұның нәтижелерін әлі көрген жоқпыз, бірақ бұл қызықты әдіс.

Басқа сыныптастары берілген тақырыпты игере алмай жатқан кезде, ақылды бала зерігіп отырмауы тиіс деген пікірмен келісемін. Білім деңгейі бойынша оқыту керек. Басқа тәсіл – осындай балаларды біріктіріп, бірге оқыту.

Мінсіз мектеп – бұл бала да, мұғалім де рахаттанып баратын, мұғалім оқушыны сезіп, оның қамын ойлайтын, ал оқушы мұғалімді жақсы көретін жер. Ғимараты және мұғалімдер мен оқушылардың әлеуметтік дәрежесі маңызды емес. Сондай бір мектеп бар, ол Кенияда орналасқан. Бұл мектепте математика мен физика мұғалімі ай сайынғы табысының 80 % кедей оқушыларының оқулықтары мен формасына береді. Мұғалімнің есімі Питер Табичи. Биыл ол «Әлемнің үздік мұғалімі» атанды.

Мінсіз мектеп – бұл бала да, мұғалім де рахаттанып баратын жер


Әрине, білімге деген көзқарас өзгеріп жатыр. Адамдар білімді өнім ретінде қабылдап, ол үшін ақша төлеуге дайын. Мемлекеттік мектептердегі білім үшін біз салық арқылы төлейміз және сапалы өнімді қалаймыз. Сол себепті адамдар білім беру саласындағы кез-келген өзгерістерді сақтықпен қабылдайды. Адамдарда жұмыстың болуы білімге тәуелді, ал балалардың амандығы жұмысқа тәуелді деген түсінік бар.

3.jpg

Менің бағалауым бойынша, Қазақстандағы орташа қалалық отбасы қалай да болса, айына орташа есептегенде 20 000 теңгені қосымша білімге төлейді. Егер Қазақстандағы отбасы үш адамнан тұрады деп алсақ, қосымша білім беру нарығы шамамен 150 миллион долларды құрайды. Ресми түрде сендіруге асық емеспін, бірақ сандар жыл сайын өсіп жатады. Негізінде, бұл Қазақстандағы жекеменшік мектептердің өсімі бойынша көрініп отыр. Егер өткен жылы Астана мен Алматыда олардың саны 60 болса, биыл 71-ге жетті. Оқудың құны— айына кем дегенде 100 мың теңгеден басталады. Жергілікті және шетелдік жекеменшік мектептердің пайда болуымен дәстүрлі мектептерге өзгерістер енгізуге тура келеді. Үздік оқушылар кетеді – бұл әлемдік тренд. Сол себепті дәстүрлі мектептерге тез өзгеріп, оқушылардың талаптарына сай болу керек, ата-аналарды оқыту процесіне тартып, жеке қорлар ашып, ең жақсы жергілікті және шетелдік мұғалімдердің көңілдерін аудару үшін фандрейзингпен айналысу керек.

Бұл оқушыларға да қатысты. Егер мектепте барлығы жергілікті балалар болса, біз жаһандық тұрғыдан қалай дами аламыз? Әрбір мектепте ең болмағанда бір-екі шетелдік оқушы болған кезде, жағымды өзерістерге куә боласыз. ҚТЛ жетістігінің басты себебі – білімге өзіндік ерекше көзқараспен қарайтын шетелдік мұғалімдердің болуы.

ҚТЛ жетістігінің басты себебі – білімге өзіндік ерекше көзқараспен қарайтын шетелдік мұғалімдердің болуы


Мен МЖК-нің дамуына және білім беру саласына кәсіпкерлерді тартуға ерекше көңіл бөлетін едім. Білім – бұл инвестициялар, сол себепті ерте ме, кеш пе ол үшін төлейді. Дәстүрлі мектептер, әрине, жойылмайды, бірақ олардың саны азаяды. Мысалы, АҚШ-да жыл сайын чартерлік және қызығушылықтар бойынша істейтін мектептердің саны өсіп жатыр. АҚШ-да оқыған кезде, мен 20-дан астам әртүрлі жаңа мектептерге барып көрдім. Олардың біреуі толығымен футболға бағытталған. Мектепте жабық футбол алаңы бар, қабырғаларында әйгілі футболшылардың суреттері ілініп тұр, оқушылар сүйікті футбол формаларын киіп келеді, бутсымен жүреді, күні бойы өтетін сабақтардың арасында ойынға арналған екі тайм болады. Бұл мектепте барлығы футболмен байланысты. Тіпті математика мен физика бойынша кейбір тапсырмалар футбол тақырыбында құрылған. Мектептің сұранысы жоғары, құны да төмен емес. Қарапайым мектептердің орнын осындай мектептер басады. Үйде оқыту жүйесі де дамуы мүмкін. Бірақ мен үйде оқытуды құптамаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.