facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e77/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e77cff9256155474112dd53a22e04d8f.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
maklyubege-zhinalyp-futbol-oynap-synyptastaryna-k-mektesu-tl-t-lekter-n-ne-baylanystyrady
logo
Маклюбеге жиналып, футбол ойнап, сыныптастарына көмектесу — ҚТЛ түлектерін не байланыстырады

14.01.2020

Маклюбеге жиналып, футбол ойнап, сыныптастарына көмектесу — ҚТЛ түлектерін не байланыстырады

Руслан Белялов, 37 жаста, туған жері — Қарағанды, басшы, @ruslan_belyalov, Facebook


руслан (1).jpg

Мектепті таңдауы жайлы


Лицейге алтыншы сыныпта түсіп, оны 2000 жылы бітірдім. Ол кезде Қазақстанда қазақ-түрік лицейлері енді ашылып жатқан. Әкем қарсылық білдірген, бірақ анам түсуімді талап етті. Бұл таңдау үшін оған алғысым шексіз.

Атмосфера жайлы


Лицейдің атмосферасы ерекше, жаулап аларлық. Ол айналаға деген сүйіспеншілікті оятады. Еш таланты мен тәртібі жоқ, ұлдардан олимпиада жеңімпаздарын, түрлі жаңалық ашатын ғалымдарды, ел патриоттары мен отбасылық құндылықтарды сақтайтын адамдарды тәрбиелеп шығарады.

Әрбір түлектің арманы — баласының да лицейді бітіруі


Әрбір түлектің арманы — баласының да лицейді бітіруі. Менің үлкен ұлымның лицейде оқитынына қуанамын.

руслан (3).jpg

Не алдық

ҚТЛ — бұл өмірдің, отбасының, айналаға деген көзқарастың кілті. Дәл сол жерде мен тұлға ретінде қалыптастым.

Басқа қалалардағы ҚТЛ түлектерінің арасында еш айырмашылық жоқ. Біздің алғашқы таныстығымызда арадағы кедергілер жойылады. Көзқарастарымыз, ойларымыз, тіпті, қалжындарымыз да бірдей. Сирек кездессек те, біз әрдайым хабардамыз.

ҚТЛ түлегі — кім


ҚТЛ түлегін тану қиын емес. Ол қоғам белсендісі, ашық, ағылшын тілін біледі, қыздармен тез тіл табысып, үлкендерге әрқашан құрметпен қарайды.

руслан (2).jpg


Жұмыс жайлы


Мен кәсіпкермін, бірнеше жобаларды жүргіземін. Басты жобам — көлік және вагон таразыларын жасау. Сондай-ақ тігіс өндірісінде үлесім бар, арнайы киімдерді тігеміз. Өзімді жарнамада, жылжымайтын мүлікте сынап көрудемін.


Адиль Сагимбек, 24 жаста, туған жері — Алматы, корпоративтік банкинг департаментінің маманы, @adilsb


адиль (1).jpg

Мектепті таңдауы жайлы


2013 жылы мектепті бітірдім. ҚТЛ-ін басқа мектептерден оқу барысының жүйесімен ерекшеленетіні үшін таңдадым. ҚТЛ — оқу ағылшын тілінде белгілі бағыттағы салалар бойынша өтетін мектеп-интернаты.

Алғашқы жарты жылда ағылшын тілін оқытады. Сабақтардың барлығы дерлік осы тілде өтеді.

Басты ерекшелік — мұғалімдердің олимпиадаға дайындық кезіңде әр оқушыға жеке уақыт бөлуі. Әр оқушы өзі қызығатын бағыт бойынша тереңірек оқып, олимпиадаларға қатыса алады.

Атмосфера жайлы


Атмосфера өте мейірімді, бірақ әскердің тәртіптері бар. Ер балаларды тәрбиелеуде тәртіптің алатын орны маңызды, ҚТЛ-де ол тәртіп әрдайым болатын.

Оқушыларды білімге деген құштарлығы біріктіреді


Оқушыларды білімге деген құштарлығы біріктіреді. Тіпті артта қалғандар да осы атмосферадан қуат алып, күш-жігерімен алға ұмтылады. Маңызды фактор — бес жыл бойы оқушыларды қолдайтын және бағыттайтын тәрбиешінің болуы.

адиль (4).jpg

Не алдық


Бұл жерде білімнің іргетасын қаладым,ең бастысы — адамгершілік пен патриотизмге үйрендім. ҚТЛ мұқтаждарға көмектесуге, қоғамға пайдалы болуға және Отанды сүюге үйретеді.

Біз түрік мәдениетімен таныстық. Мен Германияда оқып, қазақстандықтар жоқ ортаға түстім. Уақыт өте келе Түркиядан келген студенттермен достасып, өзімді орталарында өздерінің адамдарындай сезіндім. Бұл бөтен елде бейімделуді жеңілдетті.

адиль (5).jpg

ҚТЛ философиясы — әрқашан адам болып қалуды көздейді. Лицейде білімнен басқа өмірде қажет болатын тәрбиені аласың.

ҚТЛ түлегі — кім


ҚТЛдықтардың басты ерекшелігі — көмектесуге деген ниеттері мен әзілді түсінулерінде. Әдеттегі ҚТЛдықты қаламды айналдыра білуі мен футболға деген махаббаты ерекшелендіреді.

2012 жылы әлеуметтік желіде Key To Life KTL Generation жобасының негізін қаладым. Қазіргі таңда оның аудиториясы — 20 000 астам адам болды.

ҚТЛ — бүкіл әлемге тараған үлкен сommunity


Көптеген түлектермен байланыстамын. Сыныптастар — туыстарым сияқты ең жақын достар. Біз бір-бірімізге қаржылай және жұмысқа орналастырумен көмектесеміз. ҚТЛ — бүкіл әлемге тараған үлкен сommunity. Әлемнің кез-келген нүктесінде, кез-келген салада, егер лицеистерді кездестірсең, ол туған ортана айналады.

адиль (6).jpg

Сыныптастарыммен бірнеше жыл қатарынан апта сайын футбол ойнаймыз. Айына бір рет маклюбе ұйымдастырамыз, оған сынып жетекшімізді шақырамыз. Маклюбе — түрік тағамы, оның бір порциясы 15-20 адамға беріледі.

Жұмыс жайлы

Мен Citi американдық банкінің корпоративтік банкинг департаментінің маманымын.


Оспан Али, 32 жаста, туған жері — Қызылорда, кәсіпкер, фотосуретші, @ospanali


выпускник КТЛ (8).jpeg

Мектепті таңдауы жайлы


2005 жылы Қызылорда қаласының лицейін бітірдім. Тілдерді үйренгім келді, ал ҚТЛ — бұл жоғары білім деңгейі бар заманауи мектеп болды.

Көп жыл өтсе де,әлі күнге дейін оқытушылармен байланыстамыз


Мектепте оқытушылар құрамы мықты болды. Көп жыл өтсе де,әлі күнге дейін оқытушылармен байланыстамыз. Бұл мені қуантады.

Атмосфера жайлы


Басты ерекшелік —негізгі пәндерді ағылшын тілінде оқу.

Мені көшбасшы балалар қоршады. Мұндай атмосферада сен қалыс қалмауға және басқалардан жақсырақ болуға ұмтыласың. Сабақтан кейін бізбен қосымша тәрбиеші жұмыс істейтін. Біз онымен әрдайым кеңесетінбіз, ол жеке мәселелерді шешетін.

Не алдық


Мен шығармашылық адамымын. Мектеп өзіне сенуге, қоршаған ортаны бағалауға үйретті. Лицейдің арқасында 26 адам мен үшін аға болды.

Мектеп өзіне сенуге, қоршаған ортаны бағалауға үйретті


ҚТЛ түлегі — кім


ҚТЛ — туған орта.

выпускник КТЛ (9).jpeg

Айына бір рет достарымызбен кездесеміз. Тіпті біздің ата-аналарымыз да әлі күнге дейін қарым-қатынасты қолдайды.

Жұмыс жайлы


Мен фотографпын. OSPAN ALI productions креатив агентігінің жетекшісімін. 2019 жылы «Үркер» ұлттық жүлдесінде «Жыл Фотографы» номинациясына ие болдым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.