facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-university-of-toronto-da-y-o-u-zhayynda-o-u-a-t-su-o-ay-b-ra-o-u-iyn
logo
Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

22.08.2019

Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Ильяс Курбанов, 22 жаста, туған қаласы — Алматы, қаржы талдампазы


Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Университетті таңдау және оқуға түсу жайында


Мен университетті 2019 жылдың маусым айында бітірдім. Канадаға келер алдында, A-level бағдарламасы бойынша Англияда оқыдым. Англияның төрт университетіне түстім, бірақ азаматтық алып, сол жерде қалу Канадаға қарағанда қиынырақ болатынын түсіндім. Менің туыстарым Канадаға кетті, сол себепті мен де Торонто қаласындағы университетке түсуді шештім.

University of Toronto Канаданың рейтингісінде бірінші орында, ол әлемдегі жоғары оқу орындардың рейтінгісінде 20 орында тұрды. Мен ақылы негізде «сауда» мамандығына түстім.

Торонто университетінде үш кампус бар: St. George Торонтоның – орталығында, Mississauga –Торонтоның батысында, ал Scarborough Торонтоның шығысында орналасқан. Мені Mississauga кампусына орналастырды — бұл бөлек қала.


Оқудың ерекшеліктері жайында

Оқу жүйесі Қазақстандағы КИМЭП сияқты кейбір жоғары оқу орындардағыдай.

Бізде оқуды міндетті түрде талап ететін бірқатар пәндер болды. Университетті бітіру үшін қажетті 20 кредиттердің 15 пәні қаржы бойынша болды. Қалған бесеуі элективті пәндер бола алады. Мен италия тілін және философияны таңдадым.

Оқуды бітіргеннен кейін, дипломда бірнеше бағыт көрсетілуі мүмкін. Биология және физика бойынша мамандықтарға ие болған адамдарды білемін. Specialist — негізгі бағыт. Бұдан бөлек major және minor бағыттары бар. Бұл мәртебелерге ие болу үшін, кредиттердің жеткілікті көлемін алып оқу керек.

Торонто Университетінде оқудың артықшылығы — жылы шырайлы атмосфера, қызықты пәндер, жақсы профессорлар, қауіпсіздік


Бірінші курста мен кампуста тұрдым. Кейін басқа жерлерде тұрдым. Студенттер кампусқа жақын жерлерде, бірақ пәтерлерді, бөлмелерді жалдап тұрады. Кейбір кезде бұл жатақханаға қарағанда арзанырақ болып шығады.

Торонто Университетінде оқудың артықшылығы — жылы шырайлы атмосфера, қызықты пәндер, жақсы профессорлар, қауіпсіздік.

Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Оқу қиынға соғатын. Әсіресе бірінші және екінші курстарда қиын болды. Кампуста қызығушылықтар бойынша клубтар, үйірмелер көп болды. Жоғары баллды қаласаңыз, көп және тынбай оқуға тура келеді. Студенттік өмірді тек үшінші төртінші курста, уақытты үлестіруді үйренген кезде, сезінуге болады.

Кемшілігі – өте қымбат оқу, өмір және баспана.

Мен басқа нұсқаларды қарастырған жоқпын. Канадада басқа жақсы университеттер бар, олар әлемдік рейтингке енбесе де, белгілі бір мамандықтар бойынша мықты болып табылады.

Барлығы таңдаған мамандығыңызға байланысты. Егер қаржы саласы болса, орталық кампусқа, Rotman Commerce бизнес-мектебіне түсуге кеңес беремін. Бұл мектептің студенттері аталмыш индустриядағы кәсіпқойлармен байланыс орнату мүмкіндігіне ие, ал бұндай мүмкіндік жұмысқа орналасқан кезде қажет болады.


Жоғары оқу орынның берген дағдылары

Мен қаржы, экономика саласындағы теориялық білімге ие болдым. Уақытты басқару, көп міндеттерді орындау бойынша практикалық білімге ие болдым.

Университет әртүрлі курстарды ұсынады, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.


Айман Молдашева, 28 жаста, туған қаласыҚостанай, студент-магистрант


Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Университетті таңдау және оқуға түсу жайында

Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша University of Toronto-да фармакология мамандығында оқыдым. «Болашақтың» талаптарына сай, оқу орынды әлемдегі үздік университеттердің тізімінен таңдау керек. Торонто университеті – алдыңғы қатардағы оқу орны, қала – бизнес пен ғылым топтасқан Канаданың орталығы болып табылады. Торонтода Қазақстаннан келген студенттер көп, үлкен қазақ диаспорасы да бар.


Оқудың ерекшеліктері жайында

Торонто университетіне түсу оңай, бірақ оқу қиын. Кейбір факультеттерде студенттердің 50 % бірінші курстан кейін оқудан шығып кетеді.

Оқу басталғаннан екі-үші ай өткен соң, біз бақылау жұмысын тапсырдық және мен 50%-дан төмен балл жинадым. Бұл fail болды. Кейін университетте Қазақстанға қарағанда оқуға деген қатынас мүлдем басқаша екенін түсіндім. Ұстаздар қаңқаны беріп, толық ақпаратын ұсындайбы. Сен үйге барып, негізгі ақпаратты өзің толықтырасың. Білімді тексеру тесттерін тапсыру үшін, тақырып бойынша жалпы білімді және логиканы қолдану керек. Сол себепті мен күні-түні кітапханадан шықпай, YouTube желісі бойынша көп оқыдым.

Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Бірінші курста ағылшын тілмен қиындықтар болды. Дәрістерді диктофонға жазып алуға рұқсат берілді, кейін үйге келіп, жазбаны бірнеше рет тыңдайтынбыз.

Университетте көп іс-шаралар өтеді. Емтихандар кезінде күйзеліске қарсы іс-шаралар өткізіледі. Күшіктермен ойнап, массаж алуға болады.

Емтихандар кезінде күйзеліске қарсы іс-шаралар өткізіледі


Жоғары оқу орынның аумағында екі үлкен бассейн бар. Әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді: волейбол, баскетбол, билер, жауынгерлік өнер. Барлығы оқудың құнына кіреді.

Университет керемет, бірақ біз күйзеліске түсетінбіз. Канадада әрбір кезеңде бәсекелестік жоғары деңгейде: жұмыс іздеген кезде, университетте, мектепте оқисың.

Торонто университеті Канадағы ең қымбат жоғары оқу орны. Біз түскен кезде, оқудың құны жылына 27 000 — 28 000 канадалық долларды құрайтын, ал бітірген кезде — 35 000 доллар болды.

Сыныптар өте үлкен: 700 — 1000 адамнан тұрады. Сұрақ қою мүмкіндігі жоқ. 35 000 доллар төлеп, өзің оқисың.

Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Ұстаздардың барлығы дарынды профессорлар болып табылмайды. Олар зерттеулер жүргізеді, зертханаларда жұмыс істейді. Басым бөлігі ғалымдар, кейін ұстаздар болып келеді.


Жоғары оқу орынның берген дағдылары

Торонто университеті – бұл білім емес, осында soft skills-дарға ие боласың. Біріншіден, тайм-менеджмент. Егер уақытты үлестіре алмасаң, университетті бітіре алмайсың. University of Toronto-да тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар бар. Семестрдің ортасында, емтихандар болмаған кездің өзінде студенттер түнімен отырады.

Университет барлығын өзіндігінен тауып, оқуға болатынын үйретеді.

Сонымен қатар университет күйзеліспен жұмыс істеуге үйретті.

Торонтодағы оқу позитивті және нәтижелі болып табылады. Бұл оқу орынды үздік бітіргеннен кейін, өмірдегі барлық нәрселер қолымнан келеді деп ойлаймын.


Азат Косумов, 27 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, IT


Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Университетті таңдау және оқуға түсу жайында

Мен университетті 2016 жылы бітірдім. Канадада досым тұрды, сол себепті осы оқу орынды таңдадым.

Университетке «Болашақ» бағдарламасы бойынша түстім. Бұған дейін IELTS, қазақ тілі, психологиялық тесттерін тапсырып, сұхбаттасудан өттім. Оқуға түсу қиын болған жоқ.


Оқудың ерекшеліктері жайында

Университет үлкен, көпұлтты, студенттердің басым бөлігі – ақылды жастар.

Бастапқыда оқу қиынға соғатын, бірақ уақыт өте бейімделдім. Қазақстанда ҚБТУ-да оқыған кезде, кейбір пәндер бойынша 100-ден 100 балл алатынмын, ал Канадада 80 балды алудың өзі оңай емес.

Біз кампустың жанында орналасқан пәтерді төртеуміз, кейбір кезде бесеуміз жалдап тұрдық. Тұрғын үй қымбатқа шығатын. Екі бөлмелі пәтерді жалдау – айына 2500 долларды құрайды.

Канадаға дейін мен Қазақстандағы ҚБТУ-да бағдарламашы мамандығы бойынша оқыдым. Торонто университетінде көбірек білім алдым. Бірақ айырмашылықтар бар. ҚБТУ-да мамандандырылған білім беріледі. Сол жерде оқуды бітірсем, сайттарды өңдеп, жұмыс істеуге қажетті білім алушы едім. UofT мектебінде жалпы білім береді, бірақ кейін студент өзінің бағытын таңдауы үшін, көптеген салалар бойынша оқытады.

UofT мектебінде жалпы білім береді, бірақ кейін студент өзінің бағытын таңдауы үшін, көптеген салалар бойынша оқытады


Қазақстанда сайттарды өңдеу бойынша бағдарламалаудың басқа жұмыстарын оқытпайды. Сол себепті Торонтодағы оқудан кейін, осында оралған кезде қиын болды. Қазақстанда білім алған басқа балалармен салыстырғанда, веб саласында білетінім әлдеқайда аз болды.

Қазақстандықтар University of Toronto-дағы оқу жайында: «Оқуға түсу оңай, бірақ оқу қиын»

Осы оқу орынға түсуге кеңес беремін. Артықшылықтары көп. Университет жақсы, ел шетелдіктерді жылы қабылдайды. Жергілікті адамдар мейірімді және сыпайы.


Жоғары оқу орынның берген дағдылары


Университет жеткілікті білім берді. Торонтода әртүрлі елдерден келген адамдармен араластым, ағылшын тілімді дамыттым. Университет үйреткен басты дағды — тайм менеджмент.

Жұмыста білімнің көмегі сезіледі. Ағылшын тілін білу – артықшылық. Интернетте ақпараттың 90% ағылшын тілінде, мен қажетті ақпаратты оңай тауып, пайдалана аламын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.