facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/cbc/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/cbca4125cf74a48e572793bc89f2904c.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
atal-t-rt-p-pen-mol-m-mk-nd-kter-fudan-university-ortaly-aziya-studentter-n-k-z-men
logo
Қатал тәртіп пен мол мүмкіндіктер: Fudan University Орталық Азия студенттерінің көзімен

25.06.2022

Қатал тәртіп пен мол мүмкіндіктер: Fudan University Орталық Азия студенттерінің көзімен

1905 жылы негізі қаланған Fudan University Қытайда ғана емес, бүкіл әлемде танымал. Біз осы жоғары оқу орнының студенттерімен танысып, олардан оқуға түсу үдерісі мен университет атмосферасы жайында толығырақ сұрап білдік.


Лазизбек Лухманов, 21 жаста, қаласы — Шанхай қаласы, Fudan University экономика мектебінің студенті, @laziz.lukhmanov


Лазизбек Лухманов,.jpg

Университет таңдауы жайында


Ата-анам мамандығы бойынша инженер. Менде олардың жолын қууым керек еді, бірақ басқа саланы таңдадым. Маған бала кезімнен экономика ұнайтын. Ол біздің өміріміздің барлық саласын қамтиды. Сондықтан болашақта кәсіпкер болу үшін экономика ғылымын оқып жатырмын.

2013 жылы әкеммен бірге Шанхайда болдым. Маған қала қатты ұнады, осы жерде халықаралық мегаполистің атмосферасын сезіндім. Сол уақыттан бері осындағы ең үздік университетте оқуды армандадым.

Құжаттарымды бірнеше жоғарғы оқу орындарына тапсырдым. Барлығынан сәтті өтіп, тек Fudan University- ден ғана өтпедім. Маған қытай тілін жеткілікті деңгейде білмейтіндігім себепті олар менің кандиратурамнан бас тартты. Ал тілді жетілдіруім үшін маған университет дайындық бағдарламасын оқуымды ұсынды.

Мен ата-анаммен ақылдасып, артықшылықтарын есептедім: қытайлық және әлемдік рейтингтерде жоғары орында, оқытушылар құрамы, табысты түлектерінің көп болуын ескеріп осы жерде оқимын деп шешім қабылдадым.

Оқуға түсуі жайында


Мен халықаралық бакалавриат бағдарламасына түстім. Мұнда ағылшын тілінде оқытады, бірақ бәрібір қытай тілін білу қажет.

Құжаттарға келсем, он екі сыныпты сәтті бітіргені туралы сертификат, транскрипт, мотивациялық хат яғни онда неліктен дәл осы жерде оқығыңыз келетіндігі жайлы жазасыз және өзің туралы, алдағы мақсаттарың жайлы айтатын Personal Statement кіреді.

Оқуға түсу үшін ішкі емтихандар тапсыру керек: ағылшын тілі, қытай тілі және бейінді пән бойынша емтихан. Бірақ олардың орнына халықаралық емтихандардың сертификатын өткізсең де болады. Мысалға IELTS -тан жетіден жоғары балл алсаң, HSK емтиханынан — бесінші немесе алтыншы деңгей және SAT тестері болуы керек.

Егер спорттық жетістіктер болса жақсы. Олар студентті жан-жақты тұлға ретінде ашады


Сондай-ақ екі ұсыныс хат өткізу қажет. Оны академиялық тәлімгеріңізден немесе сізге объективті түрде баға бере алатын жұмыс берушіден алсаңыз болады.

Егер бар болса, марапаттар мен грамоталарды да бірге тіркеу керек. Спорттық жетістіктеріңіз болса жақсы. Олар студентті жан-жақты тұлға ретінде ашады. Университетке түскен талапкерлердің барлығында дерлік волонтерлік тәжірибелері бар.

Екінші кезең — интервью. Онда тұлға ретінде сіздің қандай адам екеніңізді көбірек білуге тырысады. Егер керек болса, олар дауыстап шешуді қажет ететін математикалық есептер де береді. Оның шешімі әрдайым дұрыс бола бермейді. Ең бастысы сіздің — қалай ойланатындығыңызды яғни ойлау процесін көрсету қажет. Кейде қандай да бір деректі нақтылап көз жеткізу үшін екінші интервью де тағайындайды.

Білім берудің ерекшеліктері жайында


Fudan University-де сабаққа қатысу қатты қадағаланады. Үш рет кешіксеңіз, оқытушы сізге «екі» қояды. Ал егер үш рет «екі» алсаңыз — сол сабақтан құлайсыз.

Дәрістер техникалық құралдармен жабдықталған үлкен залдарда өтеді. Сіз сыныптың соңында отырсаңыз да, мұғалімді көріп, ести аласыз — микрофоны бар. Сонымен қатар, бейнетүсірілім жұмыстары да жүргізіледі.

Профессорлардың аптасына екі-үш сағат өз кабинеттерінде отыратын уақыты бар. Осы уақытта келіп немесе электронды почтасына жазып өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюға болады.

Лухманов Лазизбек.jpg

Студенттің аптасына ең аз оқу сағаты — 20 сағат. Бұл ең аз дегенде күніне екі-үш сағат сабақ. Сабақ кестесінде негізгі және бейінді пәндер бар. Сондай-ақ міндетті түрде жалпы даму үшін қосымша пәндер де оқуыңыз керек — оны өзіңіз таңдайсыз.

Баға қою — бұл жоғары бәсекелестікпен бірге жүретін қатаң процесс. Студенттердің тек 30%-дан аз бөлігі ғана А бағасын алады. Ал егер осы санның қатарына кірмесеңіз, онда төмен баға аласыз, себебі сіз белгіленген деңгейге жетпедіңіз.

Міндетті түрде дипломдық жұмыс жазуға көмектесетін жетекшіні таңдау керек. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Орталық Азия елдерінің экономикасына әсер ететін факторларды зерттеуге байланысты.

Атмосферасы жайында


Студенттер арасында жасырын ұран бар: «Әрқайсысымыз — еркін жанбыз». Біз бір-бірімізге көмектесу арқылы өз потенциалымызды дамытуға тырысамыз. Атмосферасы досшыл кейде бәсекелі орта деп атар едім.

Топтық іс-шаралар көп өтеді, жан-жақты даму үшін мүмкіндіктер де мол. Мұнда мерекелер жиі атап өтіледі — шығыстың да, батыстың да, сондықтан осы екі мәдениеттердің бірігуі сезіліп тұрады.

Әр студент өз «даосын» — мансаптық және жеке өсу жолын іздейді. Түрлі мектептермен қарым-қатынас жасау кезінде ақпарат алмасу процесі жүреді. Сол кезде бэкграундтары әртүрлі өзге студенттер өздерінің бар білгенімен бөлісуге тырысады.

Университет не үйретті


Университет мен аламын деп барған білімді берді.

Біз әр жарты жыл сайын тағылымдамадан өтеміз. Соның арқасында мен көптеген практикалық дағдыларды үйрендім.

Сонымен қатар өзіме қытайлықтар мен университеттегі үш мыңға жуық шетелдік студенттер арасында үлкен таныстық шеңберін құра алдым.

Fudan University — еуропалық атмосферасы бар қытай университеті. Бұл тек осы жерден ғана кездестіре алатын өз алдына бір бөлек қоспалы аймақ.


Ақерке Асылбекова, 22 жаста, қаласы — Нұр-Сұлтан, «Астана» халықаралық қаржы орталығының менеджері, linkedin


Акерке Асылбекова.jpg

Университет таңдауы жайында


Оқу үшін университет таңдау сәті келгенде мен Аспан асты еліне түскім келеді деп шештім. Оның өзіндік бірнеше себептері болды, бірақ тілге деген қызығушылық пен жалпы елдің өзі де менің шешім қабылдауыма ықпал еткен негізгі факторлар болды. Қытай әрдайым қарқынды дамып жатқан экономикасымен және даму үлгісімен таң қалдырады.

Мен елдің жетекші университеттерін салыстырып шықтым. Fudan University үздік үштіктің қатарына кіреді және әлемдік рейтингте 31-ші орынға ие. Сондай-ақ 985 және 211 мемлекеттік бағдарламасына кіреді, соның арқасында Қытай ғылыми жарияланымдар саны бойынша әлемде екінші орын алды. Оған қоса оқу орны әлемдік деңгейдегі университеттерді құру бойынша С9 Лиганың мүшесі.

Мен үшін орналасқан жері шешуші фактор болды — университет Шанхайдың әдемі бизнес орталығында орналасқан.

Оқуға түсуі жайында


Оқуға түсу удерісі университет сайты арқылы құжаттарды тапсырудан басталады. Fudan University-ге оқуға түсу үшін шетелдік студенттер қытай тілін жетік меңгеруі қажет, бұл — HSK-тің алтыншы деңгейі және ағылшын тілінде жүргізілетін бағдарламаларға IELTS сертификатын өткізу керек.

Мектептегі әсіресе математика және ағылшын тілі пәндерінен үлгеріміңіз маңызды рөл атқарады. Оқуға түсу үшін орташа GPA 3.3-тен жоғары болуы қажет. Сондай-ақ, Fudan University-де оқуға деген ықыласыңызды көрсететін Study Plan және Application letter жазу керек. Құжаттар бойынша іріктеу кезеңінен өткеннен кейін студенттер бейіндік пәндер бойынша түсу емтихандарын тапсырып, интервьюден өтеді.

Жоғары оқу орнына China Scholarship Council мемлекеттік грантына өтініш беру арқылы түсуге болады. Ол басқа университетте бір жылдық тілдік курс бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Сәтті аяқтаған жағдайда Fudan University бакалавриатына түсуге мүмкіндігіңіз бар.

Өз басым гранттардың әртүрлі санаттарына тапсырып көруге кеңес беремін: мемлекеттік A type - сол елде тұру және оқу ақысын төлейді, университеттің В type гранты оқу ақысын ғана жабады.

Екінші кеңес — Қытайға оқуға тапсырмас бұрын қытай тілін үйренуді бастаңыз. Егер сізде HSK үшінші немесе төртінші деңгейі яғни базалық біліміңіз болса, сізге грант бөлу ықтималдығы артады.

Білім берудің ерекшеліктері жайында


Университетте білім беру бағдарламалары қытай тілінде де, ағылшын тілінде де жүргізіледі. Жыл сайын шетелдік студенттерге арнап ағылшын тіліндегі бағдарламаларды да көптеп енгізуде.

Университет қытайлықтарға да шетелдіктерге де бірдей талаптар қояды.

Университет кітапханасы — өз алдына бөлек көрнекі орын. Оның коллекциясында алты миллионға жуық кітап пен басылым бар, оның ішінде Қытайдың ең көне кітаптары да қамтылған.

Университет қытайлықтарға да, шетелдіктерге де бірдей талаптар қояды. Басқа оқу орындары шетелдік студенттер үшін жоғары математика немесе қытай тілінде жеке сабақтар өткізсе, Fudan University-де ондай нәрсе жоқ.

Атмосферасы жайында


Fudan University-де белсенді студенттік өмір бар. Университет жанында неше түрлі салада көптеген студенттік клубтар жұмыс істейді және шамамен 16-ға жуық ұйымды әртүрлі елдердің студенттері құрған, оның ішінде Қазақстан да бар.

Университет өзінің либералды атмосферасымен және білікті, қатал ұстаздарымен танымал. Студенттер мұнда оқу мүмкіндігін бағалайды, сондықтан өздерін үнемі дамытып отыруды мақсат етіп қояды. Университет жанында үш кітапхана бар, олардың барлығы таңертеңнен бастап толып қалады.

Университет не үйретті


Университетте бәсекелестік атмосферасы белең алған, сондықтан өзіңе жоғары талаптар қоюға итермелейді.

Мен өз кандидатурамды алға жылжытып, өзімді көрсетуді үйрендім, өзіме сенімділігім артып, берік мінез қалыптастырдым.

Қытайға оқуға түскісі келетіндерге үшін Fudan University оқуға тұрарлық жер. Сізге пәндердің әртүрлілігі мен профессорлардың біліктілігінің жоғарылығы және мотивация толы өмірге құштар студенттердің энергиясы ұнайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.