facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhas-otbasy-a-p-terd-alay-ti-md-alu-a-bolady
logo
Жас отбасыға пәтерді қалай тиімді алуға болады
Өмір сүру стилі

12.03.2017

Жас отбасыға пәтерді қалай тиімді алуға болады

Бағдарламаға қатысушы қандай талаптарға сай болуы керек


— өтінім берген уақытта жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы тиіс. Егер отбасы толыққанды болмаса, онда жас шегі тек балаларын тәрбиелеп отырған бір ата-анаға қатысты болады.


— өтінім беру кезінде некеге тұрған уақыт екіжылдан кем болмауы қажет. Бұл шектеудің толық емес отбасыға қатысы жоқ.


— отбасы құрамына жұбайлар, олардың балалары, сондай-ақ жұбайлардың еңбекке жарамсыз ата-аналары кіреді. Əр адамға 15-тен 18 ш.м. кем емес бөлінеді. Егер отбасында үш адам болса, онда пəтердің ауданы 45 ш.м. кем болмауы керек.


— жұбайлар мен отбасым үшелерінің пəтер алатын жерде өз жылжымайтын мүлігі болмауы тиіс.


— зейнетақы шегерімдерін, жеке жəне табыс салығын, соңғы 6 айдағыжұбайлар мен балаларының айлық шығынын есептемегенде отбасының ортақ жиынтық айлық табысы шамамен:


кем дегенде:


Алматы мен Астана үшін — 79 864 теңге, басқа қалалар үшін— 58 898 теңге


ең көп дегенде: 239 592 теңге


— жұбайлардың айлық шығындары бір адам үшін — 27 780 теңге, кәмелетке толмаған балалар үшін — 13 890 теңге


— бағдарлама қатысушысы Қазақстан азаматы немесе оралман мәртебесін алған болуы қажет.


Жалдамалы тұрғын үйге құжаттарды қабылдау тұрғын үй пайдалануға берілерден 6 ай бұрын басталады.


Өтінім мерзімі мен орнын əкімдік бекітеді және алдын-ала БАҚ-та хабарлайды.




Қажетті құжаттар:


— жұбайлардың және отбасы мүшелерінің жеке куəліктері. Егер толық емес отбасы болса, онда балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың жеке куəлігі жеткілікті


— кәмелетке толмаған балаларының туу туралы куəлігі


— азаматтарды тіркеу кітапшасы мен өтінім берілетін елді-мекенде тұратынын растайтын мекен-жай анықтамасы


— жұбайлар мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда тұрғын үй шарттарын қасақана бұзу деректерінің жоқтығын растайтын анықтама


— жалақы мөлшері мен зейнетақы шегерімдері туралы анықтама.




Қатысушыларды балдық жүйе бойынша бағалау


как молод.jpg


Құжат тапсырған барлық қатысушыларға келесі шарттар бойынша белгілі бір балл беріледі:


— некеге тұрған əр жылға — 5 балл


— бірінші балаға — 20 балл, келесі əр балаға — 30 балл


—нақтыланған тізім бойынша кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын немесе мүгедек отбасы мүшелерінің əрқайсысына — 10 балл


— бұрын сол елді-мекендегі басқа тұрғын үйге арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысқан, бірақ пəтер ала алмай, қайта қатысып жатқандар 5 балл ала алады


— жетім, кәмелетке толмай жатып ата-ана қамқорлығынсыз қалған жұбайлардың əрқайсысына — 10 балл.


Жұбайынсыз, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ана жақын туыстары арасынан екіден артық қосалқы қарыз алушыларды қоса алмайды.




Төлем қабілеттілігін растау


Балл бойынша іріктеуден өткен азаматтар өз төлем қабілеттілігін растауы тиіс.


Қажетті құжаттар:


— қатысушының, жұбайының жеке куəліктері және балалардың туу туралы куəлігі


— əкімдіктен жолдама


— азаматтарды тіркеу кітапшасы немесе мекен-жай анықтамасы


— некеге тұру немесе некені бұзу куəлігі


— жалақысы туралы анықтама немесе төлем қабілеттілігін растайтын басқа құжаттар


— несиесі болған жағдайда қарыз алған банкпен арадағы келісімшарт пен өтеу кестесін көрсету керек.




Бағдарлама бойынша қарыз алу шарттары


Бағдарлама қатысушысы орналаспас бұрын кезек жылжуы кезінде ақша жинақтап, кейін пәтерге төлем жасай алатын "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде" жинақтық шот ашуы қажет.


Алғашқы сегіз жыл бойы бағдарлама қатысушысы берілген пәтерде жалдық төлем, коммуналдық шығындарды төлеп тұрады, сонымен қатар жинақтық шотта пəтер бағасының жартысын жинақтайды.

Пəтер бағасының 50%-ын жинақтағаннан кейін сіз пəтерді меншіктеп ала аласыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.