facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
rodina-a-mol-sabyndy-auyldaryny-t-r-yndary-zauyttardy-zhanynda-t-rudy-arty-shyly-tary-zhayly
logo
Родина, Ақмол, Сабынды ауылдарының тұрғындары Зауыттардың жанында тұрудың артықшылықтары жайлы
Өмір сүру стилі

17.12.2017

Родина, Ақмол, Сабынды ауылдарының тұрғындары Зауыттардың жанында тұрудың артықшылықтары жайлы

Көп жағдайда кәсіпорындар өз айналасында тіршілік кеңістігін жасайды. Біз фабрикалар мен кәсіпорындардың қызметкерлерінен қаланың сыртында өмір сүру жайлы және ауылдардағы инфрақұрылымның даму деңгейі туралы сұрап білдік.

Ақмол ауылы

Надежда Кобрусева, 44 жаста, кадрлар бөлімінің бастығы ТОО CAPITAL PROJECTS LTD


1.jpg



Ақмол ауылы жайлы


1997 жылы Ақмол ауылына көшіп келдім, ол кезде ауыл Малиновка деп аталатын. Бұл ауыл әрдайым гүрілдеп тұратын, құс фабрикалары арқасында таңымал болды, осы себептен мен отбасыммен бірге көшуге шешім қабылдадым және мұнда жақсы жұмыс таптым.

2.jpg



Ауылдағы өмірдің артықшылықтары


Біздің ауыл Астанаға жақын жерде - 17 километр қашықтықта орналасқан, тіпті қала ішінде деп айтуға болады. Сондықтан Астанаға кез келген уақытта жарты сағат ішінде жетуге болады. Қалаға автобустар әр сағат сайын барады, бұл жағы өте ыңғайлы. Мысалы, көптеген адамдар қаладағы университетте оқиды және күн сайын мектепке барады. Бұған дейін көп автобустар болған жоқ, ол кезде таксимен баруға тура келетін, бірақ қазір мұндай проблема жоқ.


3.jpg


4.jpg

5.jpg


Қазір ауылда барлық жағдайлар бар: су, жылу, жарық. Сондай-ақ, ауылда қаладағыдай жол кептелісі жоқ. Барлығы жаяу жүреді. Мысалы, жұмысқа баратын жол 10-15 минутты алады. Мектеп те жақын, балаңыздың үйге қалай баратыны туралы алаңдамайсыз. Көптеген дүкендер бар, аптасына екі рет жәрмеңке өтеді, біз өзіміздің жергілікті өнімдерімізді сатып ала аламыз. Сондықтан, қалаға барып бір нәрсе сатып алудың қажеті жоқ. Мектептен басқа, бізде балабақша, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын клуб, балалар ойын алаңы бар, саябақ аймағы салынып жатыр, барлығы жетілдірілуде.

7.jpg

8.jpg

9.jpg

Тағы бір үлкен артықшылық - жергілікті зауыттар әрдайым жұмыс істейді? Демек тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етілген. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да бізде жұмыс істейді, өйткені олар қанағаттанады, жалақымызды ешқашан ұстамайды.

10.jpg


Қиыншылдықтар жайлы



Аса қатты қиындықтар жоқ. Балалар үшін қосымша секциялар мен сабақтардың болмауы ғана қиындық туғызады. Мысалы, бізде әлі спорт кешені жоқ, ата-аналар өздерінің балаларын қалаға сабаққа береді.


Сабынды ауылы

Гүлзат Нашкенова, 26 жаста, үй шаруасындағы әйел


11.jpg


Сабынды ауылы жайлы



Мен Сабындыда 2,5 жыл тұрамын. Бұл қала маңындағы кішкентай ауыл. Айта кетейік, бізде «Бақара» ет зауыты бар, сонымен қатар барлығы балық аулауға келетін өзен бар.

12.jpg


Ауылдағы өмірдің артықшылықтары


Көптеген ауылдарда тұрғындарға жұмыс жоқ, бәрі қалаға кетеді, ал біз бәріміз ет комбинатында жұмыс істейміз, кейбіреулер Малиновкадағы құс фабрикасында істейді, жақында жергілікті тұрғындар жұмыс істейтін минералды су өндірісі ашылды.

Ауылда мектеп, балабақша бар, сізге керек нәрсенің барлығы бар, 10-ға жуық дүкен, шаштараз бар. Қалада бар барлық нәрсе бізде де бар: жарық, жылу, су және интернет. Қалаға барудың қажеті жоқ, тек серуендеуге немесе жұмыстармен болмаса. Қалаға жету оңай, өйткені ауылдан сағат сайын микроавтобусқа отыруға болады жолда такси ұстасаңыз болады.

13.jpg


14.jpg


15.jpg

Мұнда бізде таза табиғат: сүт, ет. Біз үй шаруашылығын жүргізіп жатырмыз, сондықтан барлық өнімдерімізді өзіміз дайындаймыз. Тіпті қаладан бізге балық аулауға келеді.

Егер демалғымыз келсе, онда қалаға барамыз немесе достарымызбен, отбасымызбен жиналамыз. Балалар үшін көптеген концерттер мен іс-шаралар өткізіледі, жақында цирк келді, Жаңа жылға әртістер шақырылады. Сондықтан, біз жалықпаймыз.

Бізде кептелістер жоқ, қозғалыс, ауылда әлдеқайда тыныш, сіз өзіңізді жайлы сезінесіз.

16.jpg

17.jpg

19.jpg


Қиыншылдықтар жайлы


Бізде барлығы жаңа үйлер салып жатыр, су мен жылыту жүргізіп жатырмыз. Біз де жаңа үй салудамыз, бірақ көшеде су бар болғанша қыста пеш жағамыз, бұл жерде күрделілік бар, бірақ көп ұзамай ол шешіледі.


Село Родина


Гуменюк Елена, 37 лет, Целиноград ауданының №33 мектебін34 математика мұғалімі

20.jpg



Родина ауылы туралы


Мен 1999 жылдан бері осында тұрамын. Родина Астанадан 70-75 шақырым жерде орналасқан. «Родина» агрофирмасы ауыл тұрғындарына қатты көмектеседі. Бұрын біздің ауылымыз гүлденбеген еді, бірақ Иван Адамович мұнда жұмысқа келгеннен бастап ауылымыз көтерілді. Ал қазір ол гүлденіп келеді. Бұл оның және онымен жұмыс істейтін адамдардың еңбегі. Қазір өмір сүру және жұмыс істеу үшін осында келгісі келетін көптеген адамдар бар. Тіпті қалаға барған жастар да оралады.


21.jpg


22.jpg


Ауылдағы өмірдің артықшылықтары


Родина - жергілікті өнімдердің танымал жеткізушісі және ыңғайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған ауыл. Жыл сайын жаңа нәрсе салынып жатады.

Бізде музыкалық, спорттық мектеп, балабақша, интерактивті тақталармен және басқа да жабдықтармен қамтылған мектеп бар. Біздің балаларымыздың хоккей командасы Астанада ойнайды. Мәдениет үйінде балаларға арналған би клубы және халық аспаптар оркестрі бар. Зоопарк және үлкен ойын алаңы бар. Мұның бәрі балалар үшін мүлдем тегін. Осының бәрі «Родина» агрофирмасы тарапынан көрсетілген демеушіліктің арқасында.


23.jpg


24.jpg

Ауылда үлкен супермаркет бар, онда көкөніс, жеміс, сүт өнімдері, ет, жуғыш заттар — жалпы б2р3 бар. Сондай-ақ, мысалы, бояу мен тұсқағазды, ойыншықтарды сатып алуға болатын тұрмыстық дүкендер бар. Киім сатып алу үшін көбісі Астанаға барады, таңдау көп, барлық адамдарға ұнай алмайсыз.

Біздің ауылда жұмыссыздардың болмауымен мақтанамыз. Барлығы шаруашылықпен айналысады. Жасөспірімдер үшін жақсы коттедждер салынған екі көше бар.

Барлық үйлерде су, кәріз, орталық жылыту орнатылған. Біз жайлы үйлерде тұрамыз. Шаруашылық фермасы көңді алып тастады, , тіпті трактор алдық. Басқа ауылдарда шешілмеген барлық ішкі мәселелер біз үшін шешілген.


25.jpg

26.jpg


27.jpg

Бізде көлік бар, сондықтан қалаға жету үшін ешқандай қиындық жоқ. Автобустар күн сайын төрт-алты рет жүредіі. Барлық көшелер жарықтандырылған, асфальт, тазалық пен тәртіп сақталады.

Мен ауылдық адаммын, маған дәрменсіздік ұнамайды. Жалғыз қиындық туғызатын нәрсе – мамандар керек болса, қалалық ауруханаларға баруға тура келеді.

28.jpg

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.