facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
pik-anday-m-selelerd-sheshu-ti-s
logo
ПИК қандай мәселелерді шешуі тиіс
Өмір сүру стилі

03.02.2017

ПИК қандай мәселелерді шешуі тиіс



ПИК бұл — көп пәтерлі үй немесе ортақ ауласы және байланысы бар бірнеше үйлерді біріктіру арқылы тұрғындар (пәтер иелері) құрған ұйым.


ПИК міндеттеріне не кіреді



ПИК шығындары тұрғындар (пәтер иелері) жиналысында бекітіледі, сондықтан не үшін ай сайынғы төлем алынатыны мен ПИК-тің қандай жұмыстарды атқаратынынан хабардар болу үшін әр тұрғын жиналысқа қатысуы керек.


DSC_1207.jpg


ПИК міндеттеріне мыналар кіреді:


1.​ Ағымдық жөндеуге қызмет көрсету:

— жапсарларды үйлестіру, шұңқырларды және қабырғалардағы жарықты бітеу (өтінімдер бойынша)

— шатырдан ағуды тоқтату бойынша жұмыстардың барлық түрлері (толық ауыстырудан басқа)

— барлық бөлмелердегі сылау-бояу жұмыстарының барлық түрлері (бес жылда бір рет)

— шарбақтарды жөндеу, сынған шыныларды ауыстыру және кіреберіс есіктерді жөндеу.


2.​ Жылу жүйелеріне қызмет көрсету:


— жылыту жүйелерін жөндеу және пайдалану жүргізіледі

— жылыту жүйелерін қосу және сөндіру (күз, көктем, апатты, режимдік)

— жылыту жүйелерін маусымдық сөндіру (көктемде), маусымдық сөндіру кезінде жылыту жүйелерінің жағдайын тексеру

— режимдерді іске қосуда және өзгертуде жылыту жүйелерін реттеу

— жылыту жүйелеріндегі кішігірім ақауларды жою (жылу изоляциясының қалған учаскелерін бекіту, беттік қабат, ағуды тоқтату, қақтан және тұз тұнбаларынан лай тұрғыштарды, бекіту және реттеу арматурасын тазалау, тарату магистральдық құбыр жолдары астындағы босаған тіректерді бекіту)

— жылу құбырларының жылу изоляциясы

— жылыту жүйелерін гидравликалық шаю.


3.​ Сумен қамту түйіндеріне қызмет көрсету:


— қысым температурасын өлшеумен, араласу коэффициентімен айына 2 рет жеке жылу бөлімдерін тексеру

— жылу маусымының басталуы және аяқталуы бойынша ыстық сумен қамту режиміне ауысу

— бітеу және реттеу арматурасының төсемелерін ауыстыру

— 1 метрден аспайтын суық, ыстық сумен қамтитын құбыр жолдарының жекелеген учаскелерін алмастыру

— лай тұнғыштарды, бітеу және реттеу арматурасын қақтан және тұз қалдықтарынан тазалау

— ағуды тоқтату

— қозғалған тіректерді бекіту.


4.​ Санитарлық-техникалық түйіндерге қызмет көрсету:


— жертөледегі кәрізді тазалау

— бұрандалы байланыстардағы ағуды тоқтату

—әр түрлі саңылауларды бітеу

— жер асты бөлмелерінен суды ағызу

— бөгеттердегі саңылауларды қоса алғанда суық, ыстық сумен қамту тікқұбырының учаскелерін ауыстыру

— жер асты бөлмелерін және басқа ортақ пайдалану орындарын дератизациялау, дезинфекциялау, дәрілеу қызметтерін шақыру және төлеу.


5.​ Электр-техникалық қамтуға қызмет көрсету:


— басты тарату қалқандарында күйіп кеткен сақтандырғышты ауыстыру

— кіреберістерді жарықпен қамтамасыз ету, бірінші қабаттағы және кіреберістегі электр шамдарын ауыстыру

— апаттық-диспетчерлік қызметті шақыру және қызметтерін төлеу (шарттар және өтінімдер бойынша)

— бас тарату қалқанындағы және қабаттық қалқандағы ноль фазалы жанып кеткен сымдарды қалпына келтіру

— кезекші жарықты күшейту

— кезекті жарықтың ажыратқыштарын ауыстыру.


двор.jpg


6.​ Үй маңындағы аумақты тазалау:


— тұрғын үйден жаңбыр суларын бұруды, су бұру құрылғыларының дұрыс жағдайын қамтамасыз ету

— қарды шығару, жүргінші жолдарындағы мұзды жою, қысқы маусымда жаяу жүргінші жолдарына құм дайындау мен төсеу

— қоқыс шығаруды шақыру және төлеу

— көгалды тазалау, оны шабу

— шатырды қоқыстан, ластанудан және жапырақтардан тазалау.


7.​ Әкімшілік міндеттері:


— пәтер иелерінің жиналыстары, жазбаша сауалнамалар алуды ұйымдастыру, соның ішінде қызмет көрсету сапасы бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау

— ҚР тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум нысанының мазмұны және басқаруға байланысты техникалық құжаттамалар, сондай-ақ бухгалтерлік, қаржылық, салықтық және статитистикалық есепке алу мен есептілік құжаттамаларын жүргізу

— тұрғындардың үй коммуникацияларының кем дегенде бірін пайдалануға кедергі жасайтын техникалық жұмыстар өткізу туралы хабардар ету

— кондоминиум объектісіне ағымдық және жинақтау шоттарын ашу

— жасалған шарттарға сәйкес сервистік қызметтің субъектілері, мердігерлердің жұмыстары мен қызметтерін қаржыландыру

— пәтер иелерін, сондай-ақ жалға берушілерді тіркеу.


ПИК негізгі міндеттерден бөлек, арнайы мақсатта жиналған ақшаға үйді, аула немесе ауданды көркейтуге байланысты қосымша қызметтер көрсете алады.



Дереккөз: egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.