facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-ayyna-25-000-te-gel-k-hostelda-t-ru-turaly
logo
Астанада айына 25 000 теңгелік хостелда тұру туралы
Өмір сүру стилі

05.06.2018

Астанада айына 25 000 теңгелік хостелда тұру туралы

Олеся Каймакова, 24 жаста, туған жері — Тараз, дизайнер-тігінші


IMG-20180519-WA0019.jpg


Хостелде екі жыл бұрын оқудан кейін Астанаға жұмыс істеуге келген кезде тұра бастадым.

Келген кезде таныстарымның үйінде тоқтап, кейін бірнеше күннің ішінде хостел таптым. Осында келгенде «хостел» деген түсінік бар екенін білмедім. Ол туралы әріптестерім айтты. Хостелді тұратын орын ретінде таңдадым, өйткені ол қымбат емес, ал келген бетте өзіме бөлме немесе пәтер жалдап тұра алмадым. Сонымен қатар, хостелдерде өте көңілді және түрлі адамдарды кездестіруге болады. Әрине, кей кезде барлығымен дос болу қиын, бірақ мен жанжал адам емеспін, әрбір адаммен тіл табысуға тырысамын. Сондықтан, жалпы, хостелде тұруда айтарлықтай қиындықтар болған жоқ.

Қызықты әрі жан жақты дамыған адамдар келіп жатады. Олармен сөйлесіп, әрқайсысының оқиғаларын тыңдаған ұнайды, оған қоса әрбіреуі сені бір жаңа нәрсеге үйретеді. Нәтижесінде көптеген таныстар пайда болып, достарыңды да табасың.

IMG-20180519-WA0017.jpg

IMG-20180519-WA0016.jpg


Хостелдер түрлі болады және тиісінше жағдайлары да сәйкес. Біржерде, мысалы, еуропалық сапалы жөндеу және барлық жағдайлар болса, екінші жерде жаңа технологиялар жоқ, бірақ бәрі таза және жүйелі түрде сақталған. Келген кезде тұрған бірінші хостелде тазалықты өзіміз сақтадық, кезекпен жинадық. Деңгейі бағасына сәйкес орташа болды. Қазір тұрып жатқан соңғы хостелде тазалықты үй тазалаушы сақтайды. Ол Compass деп аталады және бірнеше деңгейге жоғары деп айтуға болады. Өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы, тыныш, таза және мен үшін маңыздысы — барлық қажетті жерлерден алыс емес.

Қарап көретін болсақ, қазір барлық жерде тұру қауіпсіз емес. Жай ғана қауіпсіздіктің қарапайы мережелерін есте сақтау керек, қарым-қатынас тұрғысынан, мінез-құлық мәдениеті жағына нөзіңді бақылаған дұрыс.Осындай жағдайда адамға барлық жерде тұру қолайлы болады. Әдетте, барлығы адамның өзіне байланысты, бірақ хостел әкімшілігі жалпы атмосфераны бақылап отырады.

Тұру ерекшеліктері деп қарым-қатынасты ңауқымды шеңберін, үйлесімділікті және үнемі жаңа нәрсені үйренуді айтааламын. Келушілерге және қалғандарына хостел — өте қызықты орын, өйткені үнемі өмір ритмін сезінесің, оқу немесе жұмыс күндерің соншалықты сұр болмайды.

Қазіргі уақытта хостелде тұрып жатырмын, бірақ кез келген адам секілді өз отбасым мен үйім болғанын қалаймын. Алдағы уақытта пәтер алуды жоспарлап жатырмын, ал қазір маған хостелде түрған ұнайды.



Толеген Коспаев, 24 жаста, туған жері — Шымкент, аспаз


Хостелде қазан айынан тұрамын. Ол туралы досым айтты. Ол Павлодардан келіп, хостелде тоқтаған еді.

Өмір сүру үшін барлық жағдайлар бар: жайлы, тыныш, таза. Оған қоса, менің жұмыс орныма жақын. Таңертең барлық қаланы айналып, жол кептелістерінде тұрмайтыным ұнайды. Тағы ол көбірек ұйықтауға мүмкіндік береді, ерте тұру қажет емес. Мешіт те жақын орналасқан, күн сайын таң намазына баруға болады.

IMG-20180519-WA0014.jpg

Айына бар-жоғы 25 000 төлеймін. Бұл сомаға төсек-орынды жалға алу, асүйді, ыдыс-аяқ пен жабдықты пайдалану мүмкіндігі кіреді. Коммуналдық қызметтер үшін төлемеймін. Бөлме күн сайын тазаланады.

Әрине, хостел әкімшілігінде өз ережелері мен шарттары бар. Мысалы, тыныштықты сақтап, артыңнан ыдыс-аяқты жуу қажет. Қандай да бір уақыт шектеулері жоқ: кіріп-шығатын уақытың талқыланбайды.

Алдағы уақытта, жұмысым жақын жерде болғанша хостелде тұруды жалғастырамын. Бұл қолайлы әрі қымбас емес нұсқа.



Андрей Тарасов, 31 жаста, туған жері — Атбасар, «ARTPLAY айтулы декор мен дизайн орталығы» және «CORKcenter тоз жабын орталығының» басқарушы директоры


344.jpeg

Қазіргі тұрып жатқан хостел тәжірибемдегі бірінші хостел емес. Хостелдерде тұруды тәжірибелеген едім. Бұл қолайлы, бірақ барлығының сапасы қанағаттандырмайды. Астана — серпінді қала және мен барлығы секілді уақытымның көп бөлігін жұмыста өткіземін. Сол себепті маған ыңғайлы: үйге тек жуынып, ұйықтау үшін келемін. Қуанышқа орай, жұмысым өзіме ұнайды және мұндай жағдай мені алаңдатпайды.

Хостелде әрқашан тыныш және таза. Сонымен қатар бұл үнемді нұсқа. Егер тіпті тұрғындары бар пәтерді немесе бір бөлмелі пәтерді жалдасақ, қаржылық компонент айтарлықтай өзгереді.

IMG-20180519-WA0028.jpg

Хостелдер әртүрлі болады. Мен тұрыпжатқан хостел жақсық ұрамғаие. Телефоныңды үстелде қалдырып, оған бірдеңе болады деп алаңдаудың керегі жоқ. Атмосферада бұзақылық жоқ, қызметкерлер жеткілікті, бақылау камералары бар.

Көршілер қызықты, әрдайым жаңа адамдармен танысып отырасың. Әрқайсысы белгілі бір іспен айналысып, өмірге жаңа нәрсе қосады. Мұндай жағдайларда тіпті тілдік ерекшеліктер де кедергі етпейді. Түрлі сөздіктердің арқасында қытай, кәріс, белорус, португалдардың арасында дос табу оңай. Дос немесе бизнес бойынша серіктес ретінде көп адамды хостелде кездестіруге болады. Көршілер жақсы, ешкім өзін жаман жағынан көрсетпейді.

IMG-20180519-WA0029.jpg

IMG-20180519-WA0031.jpg

Мен тұрып жатқан хостелдің интерьері мен атмосферасы ұнайды: жарық, жайлы әрі қызметкерлері жайдары. Тетікті басу арқылы кіруге болады. Орналасу жері де ыңғайлы. Жұмыс бойынша таксимен немесе басқа да транспорт түрімен оңай кетуіңе болады.

Жақын арада хостелде тұруды жалғастырамын. Астана бойынша отызға жуық түрлерін қарадым, бірақ бәрінен де осы жер маған ұнайды. Хостел үшін бағасы ең қолайлы емес, бірақ сай: жайлылық, адамдар, қызметкерлер есебінен бұл жер керемет.

Әдетте жуынатын бөлме мен ас үй — хостелдердің ең осал жері. Алайда, мен тұрып жатқан хостелде бұл жағынан бәрі жақсы. Кір жуатын орындар мен дәретханалар жиі наразылық тудырады. Мына жерде ол қатаң қадағаланады, сондықтан қиындықтар болмайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.